Assign modules on offcanvas module position to make them visible in the sidebar.

НАФАЗОЛИН-DF

Мұрынға арналған 0,05% 10 мл спрей

Босатылады: РЕЦЕПТІСІЗ 

ҚОЛДАНЫЛУЫ:

  • жедел ринит;
  • мұрынның қосалқы қойнауларының қабынуы;
  • диагностикалық және емдік емшаралар кезінде ісінуді азайту үшін.

dwldПрепаратты қолдану жөніндегі нұсқаулықты жүктеп алу

Саудалық атауы

Нафазолин-DF

Халықаралық патенттелмеген атауы

Нафазолин

Дәрілік түрі

Мұрынға арналған 0,05% 10 мл спрей

Фармакотерапиялық тобы

Респираторлық жүйе. Мұрынға арналған препараттар. Жергілікті қолдануға арналған деконгестанттар және мұрынға арналған басқа препараттар. Симпатомиметиктер, қарапайымдар. Нафазолин.

АТХ коды R01AA08

Қолдануды бастағанға дейін қажетті мәліметтер тізбесі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препараттың компоненттеріне жоғары сезімталдық
  • мұрынның шырышты қабығының құрғақ қабынуы
  • 3 жасқа дейінгі балалар
  • гипертиреоз
  • созылмалы ринит
  • қант диабеті
  • құрғақ ринит
  • артериялық гипертензия
  • жүректің ишемиялық ауруы
  • феохромоцитома
  • тахикардия
  • көздің ауыр аурулары
  • айқын атеросклероз
  • жабық бұрышты глаукома
  • МАО тежегіштерін бір мезгілде қолдану және оларды қолдану аяқталғаннан кейін 14 күнге дейінгі кезең

Қолдану кезінде қажетті сақтандыру шаралары

Ауыр жүрек-қантамыр аурулары кезінде (гипертония, жүректің ишемиялық ауруы), зат алмасудың бұзылуларында (қант диабеті, гипертиреоз), феохромоцитомада және МАО тежегіштерімен және басқа да гипертониялық препараттармен қатарлас емдеу кезінде ерекше сақтықпен пайдалану керек.

Жалпы анестезия кезінде миокардтың симпатомиметиктерге сезімталдығын жоғарылататын анестетиктерді (мысалы, галотан), сондай-ақ бронх демікпесі бар пациенттерде және жүктілік пен лактация кезінде сақ болу керек.

Ұзақ уақыт қолданудан және артық дозаланудан аулақ болу керек, әсіресе балаларда.

Ұзақ уақыт бойы пайдалану

Ұзақ уақыт қолданудан және артық дозаланудан аулақ болу керек. Шырышты қабықтың ісінуін жеңілдетуге арналған дәрілік заттарды ұзақ уақыт қолдану мұрынның шырышты қабығының ісінуіне және кейіннен атрофиясына әкелуі мүмкін. Жоғары дозадағы пациенттер жүрек-қантамыр ауруларына, неврологиялық жағымсыз әсерлерге (жүрек соғысы, гипертония, аритмия, бас ауруы, бас айналу, ұйқышылдық немесе ұйқысыздық) тексерілуі тиіс.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі 

Нафазолин-DF пероральді тағайындалатын гипотензивті дәрілердің емдік белсенділігін төмендетеді, анестетиктердің сіңуін баяулатады.

МАО тежегіштерімен (ниаламид, бефол) және үшциклді антидепрессанттармен, мапротилинмен біріктіріп қолданғанда немесе оларды тоқтатқаннан кейін бірнеше күн бойы артериялық қысымның күрт көтерілу қаупі бар.

Моноаминдерді кері қармаудың селективті емес тежегіштері Нафазолин-DF препаратының тамырды тарылтатын әсерін күшейтеді.

Арнайы сақтандырулар

Педиатрияда қолданылуы

Нафазолин-DF 3 жасқа дейінгі балаларда қолдануға болмайды. Ұсынылған дозалау режимін, қолдану тәсілдерін (интраназальді енгізу) және пайдалану ұзақтығын (3 күннен асырмай) қатаң сақтаған кезде жағымсыз және қолайсыз құбылыстар сирек кездеседі.

Жүктілік немесе лактация кезінде

Препаратты жүктілік кезінде және лактация кезеңінде ана үшін күтілетін емдік әсері шаранада немесе балада жағымсыз әсерлердің әлеуетті даму қаупінен жоғары болған жағдайларда қатаң көрсетілімдер бойынша ғана қолдануға болады.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препарат көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.

Қолдану жөніндегі нұсқаулар

Дозалау режимі

3-тен 6 жасқа дейінгі балаларға әр мұрын жолына 1-2 бүркуден;

6 жастан асқан балаларға және 15 жасқа дейінгі жасөспірімдерге – әр мұрын жолына 2 бүрку.

Енгізу әдісі және жолы

Интраназальді.

Препаратты әр мұрын жолына күніне бірнеше рет (күніне 3 рет жеткілікті) бүркиді. Препаратты қабылдау арасында кемінде 4 сағат аралықты сақтау керек.

Емдеу ұзақтығы

3 күннен астам пайдаланбаған жөн. Егер емдік әсерге қол жеткізілсе, емдеу ертерек тоқтатылуы мүмкін. Препаратпен емдеуді емде бірнеше күн үзілістен кейін ғана қайталауға болады

Артық дозаланғанда қабылдау қажет шаралар

Кездейсоқ артық дозаланғанда препаратты қолдануды тоқтатып, дереу дәрігерге қаралу керек

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкеріне консультацияға жүгіну бойынша ұсынымдар

Дәрілік препаратты қабылдамас бұрын дәрігерге немесе фармацевтке жүгініңіз.

ДП стандартты қолданған кезде байқалатын жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және осы жағдайда қабылдауға тиісті шаралар

Өнім әдетте ұсынылған дозада жақсы көтерімді.

Жағымсыз реакциялар негізінен артық дозаланғанда пайда болады.

3 күннен астам уақыт бойы немесе жиі қолданғаннан кейін қолданғанда тәуелділіктің пайда болу ықтималдығы бар. Өнімді ұзақ мерзімді пайдалану цилиарлық белсенділіктің әлсіреуімен және шырышты қабықтың қайтымсыз зақымдануымен шырышты эпителийдің зақымдануына әкелуі мүмкін.

Сирек (≥ 1/10000 < 1/1000 дейін)

- аса сезімтал пациенттерде кейде мұрынның шырышты қабығының күйдіріп-ашыту және құрғауы сияқты жеңіл жағымсыз әсерлер пайда болуы мүмкін

Өте сирек (< 1/10000)

- мұрынның қатты бітелуі әсері жоғалғаннан кейін байқалуы мүмкін

- жүйке жүйенің бұзылыстары (ашушаңдық, бас ауыруы, тремор)

− жүрек бұзылыстары (тахикардия, жүректің соғуы)

− қантамыр бұзылулары (жоғары қан қысымы)

− тері және тері асты шелінің аурулары (тершеңдік) .

Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек:

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК

http://www.ndda.kz

Қосымша мәліметтер

Дәрілік препарат құрамы

10 мл препараттың құрамында: белсенді зат – 5,0 мг нафазолин нитраты

қосымша заттар – бор қышқылы, тазартылған су

Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы

Мөлдір түссіз немесе сәл сарғыш сұйықтық.

Шығарылу түрі және қаптамасы

10 мл-ден бүріккіш қақпағы және қорғағыш қалпақшасы бар полипропилен құтыларда. Бір құтыдан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 18°С-ден 25°С-ге дейінгі температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші туралы мәлімет

«DOSFARM» ЖШС,

Қазақстан, 050034, Алматы қ., Чаплыгин к-сі, 3

тел. / факс: +7 (727) 253-03-88,

электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Тіркеу куәлігінің ұстаушысы

«DOSFARM» ЖШС,

Қазақстан, 050034, Алматы қ., Чаплыгин к-сі, 3

тел. / факс: +7 (727) 253-03-88,

электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттар сапасына қатысты шағымдар (ұсыныстар) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)

«DOSFARM» ЖШС,

Қазақстан, 050034, Алматы қ., Чаплыгин к-сі, 3

тел. / факс: +7 (727) 253-03-88,

электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Ask a question about this product: