Assign modules on offcanvas module position to make them visible in the sidebar.

Продукция

СУПЕРВИТА 21 дәрумендер және минералды заттардың жинағы

Дәріханалардан босатылу шарттары:

РЕЦЕПТІСІЗ

Сопақша келген, жалпақ немесе екі жақты дөңес бетті, шеті тегіс және пленкалы жабындысы бар таблеткалар.

 

dwldДәрілік затты медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулық

Құрамы:

дикальций фосфаты - 334,8 мг, холин битартраты - 35,0 мг, инозитол - 35,0 мг, С дәрумені - 28,8 мг, L-лизин гидрохлориді - 14,0 мг, никотинамид - 10,5 мг, Е дәрумені - 9,0 мг, темір фумараты - 6,0 мг, калий хлориді - 6,0 мг, В5 дәрумені - 4,5 мг, В1 дәрумені - 3,5 мг, В2 дәрумені - 3,5 мг, А дәрумені - 1350 мкг (4500 МЕ), магний оксиді - 0,7 мг, мыс сульфаты - 0,6 мг, марганец оксиді - 0,6 мг, В6 дәрумені - 0,35 мг, мырыш оксиді - 0,3 мг, калий иодиді - 90 мкг, D2 дәрумені - 9 мкг (360 МЕ), В12 дәрумені - 0,7 мкг;

вспомогательные вещества: сахароза - 91 мг, микрокристалды целлюлоза (Е 460) - 68,243 мг, гидроксипропилцеллюлоза (Е 463) – 56,5 мг, натрий карбоксиметилкрахмал (Е 466) – 43,9 мг, магний стеараты (Е 470b) - 25,757 мг.

Қолдану аумағы

тағамға биологиялық белсенді қоспа - дәрумендер және минералды заттардың көзі ретінде ұсынылады..

Қолдану тәсілі:

ересектерге және 10 жастан үлкен балаларға күніне 1 таблеткадан тағаммен бірге не болмаса тамақтан кейін. Қолдану ұзақтығы – 1 ай.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

кейбір құрамбөліктерге жоғары сезімталдықта.

Қолданар алдында дәрігермен кеңесу керек.

Ерекше нұсқаулар:

Дәрумендердің алмасуының бөлетін өнімдеріне сәйкес зәрдің түсі сарыға боялуы мүмкін, бұл биологиялық белсенді қоспаны қабылдауды тоқтатуды қажет етпейді.

Асқазан сөлінің қышқылдығын басатын заттектер А дәруменінің сіңуіне кері әсерін тигізуі мүмкін, сондықтан оларды Супер-Вита 21-мен қатар қолдануға болмайды.

Шығарылу түрі

780 мг-нан 30 және 60 таблеткадан пластик құтыларда қолданылуы жөніндегі нұсқаулықпен бірге картоннан жасалған пәшкеге салынған.

Сақтау шарттары

жарықтан қорғалған жерде, 25 0С-ден аспайтын температурада.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Өндіруші

«Сан-Хай» Цзянси-Наньчан фармацевтикалық зауыты, Қытай, Цзянси провинциясы, Наньчан қаласы, Бэйцзяо, Синьцичжоу, 330115, тел: (0791) 3066282, 3068282, факс: (0791) 3061193

Бөлшектеп өлшеген және қапталған: «DOSFARM» ЖШС, Қазақстан Республикасы, Алматы қ-сы, Чаплыгин к-сі 3. тел./факс: 8-727-253-03-88, 253-07-07

Тұтынушылардан осы өнімнің сапасы жөнінде шағымдарды Қазақстан Республикасы аймағында қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«DOSFARM» ЖШС, Қазақстан Республикасы, Алматы қ-сы, Чаплыгин к-сі, 3, тел/факс. (727) 253-07-07, электронды поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Ask about this room