Assign modules on offcanvas module position to make them visible in the sidebar.

Продукция

Альбуцид-DF 20 %, 30 % 5 мл, 10 мл, 15 мл көзге тамызатын дәрі

Дәріханалардан босатылу шарттары:

РЕЦЕПТІСІЗ

СТЕРИЛЬДІ

dwldДәрілік затты медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулық

Құрамы:

1 мл препараттың құрамында белсенді зат – натрий сульфацетамиді – 0,2 г, 0,3 г қосымша заттар: натрий тиосульфаты, 1 М хлорсутек қышқылының ерітіндісі, инъекцияға арналған су

Дәрілік түрі

20 %, 30 % 5 мл, 10 мл, 15 мл көзге тамызатын дәрі

Фармакотерапиялық тобы

Көз ауруларын емдеуге арналған препараттар. Микробтарға қарсы препараттар.

Сульфонамидтер.

АТХ коды S01AВ04

Қолданылуы

  • мөлдір қабықтың іріңді ойық жараларында
  • инфекциялық конъюнктивиттерде
  • блефариттерде
  • жаңа туылған нәрестелерде және ересектердегі көздің соз ауруларының профилактикасы және емдеу үшін
  • жаңа туылған нәрестелерде бленнореяның профилактикасы үшін
  • көздегі жарақаттан және операциядан кейінгі іріңді асқынулардың профилактикасы үшін

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • натрий сульфацетамидке және препараттың қосымша заттарына жоғарғы сезімталдық

Қолдану тәсілі және дозалары

Көздің инфекциялық ауруларының профилактикасы және емдеу үшін:

  • ересектерге Альбуцид-DF® 30 % ерітіндісін тәулігіне 1-2 тамшыдан 2-3 рет көзге тамызады, жедел іріңді-қабынбалы үдерістер жоғалғаннан кейін 1-2 тамшыдан күніне 3 рет тамызады.
  • 1 жастан асқан балаларға Альбуцид- DF®20% ерітіндісін тәулігіне 1-2 тамшыдан 4-5 рет қолданады, жедел іріңді-қабынбалы үдерістер жоғалғаннан кейін 1-2 тамшыдан күніне 3 рет тамызады.

Емдеу курсы 5-7 күн.

Жаңа туылған нәрестелерде бленнореяның профилактикасы үшін туғаннан кейін әр көзге 2 тамшыдан препараттың 20 % ерітіндісін, одан кейін әр 2 сағат сайын 2 тамшыдан тамызады..

Жағымсыз әсерлері

  • қызару, ашып ауыру, жас ағу
  • қышыну, қабақтың ісінуі
  • қысқа уақыттық шымылдатып ашыту
  • жергілікті аллергиялық реакциялар

Артық дозалануы

Препараттың артық дозалануы туралы деректер жоқ.

Жүктілік және лактация кезеңі

Препаратты жүктілік және лактация кезеңінде анаға деген пайда бала және ұрыққа болуы мүмкін қауіптен аспайтын болса ғана қолдануға болады.

Айрықша нұсқаулар

Тамызу кезінде тамшылатқыш-құтылардың ұшы басқа заттармен немесе беткейлермен жанаспау керек. Тамызғаннан кейін тамшылатқыш-құтылардың қалпақшасын тығыздап жабу керек!

Тіндердің тітіркенуі пайда болғанда концентрациясы төмен ерітінділерді тағайындайды.

Фуросемидке, тиазидті диуретиктерге (гидрохлортиазидтерге), сульфонилмочевина туындыларына (глибенкламидке), карбоангидраза тежегіштеріне (диакарбқа) сезімталдығы жоғары пациенттер Альбуцид-DF® жоғары сезімтал болуы мүмкін.

Препараттың көлік құралын басқару немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Көлік құралдарын және қауіптілігі зор механизмдерді басқарғанда жағымсыз әсерлерін ескере отырып, препаратты абайлап қолдану керек

Шығарылу түрі және қаптамасы

Алғаш ашылуы бақыланатын қалпақшалармен тығындалған пластик тамшылатқыш-құтыларда немесе қақпақшалармен тығындалған пластик тамшылатқыш-құтыларда 5 мл, 10 мл немесе 15 мл препараттан. Бір құтыдан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 15ºС-ден 25ºС-ге дейінгі температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Құты ашылғаннан кейінгі препараттың қолданылу кезеңі - 10 тәулік

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Өндіруші

«DOSFARM» ЖШС, Қазақстан, 050034, Алматы қ., Чаплыгин к-сі, 3, тел.: (727) 253-03-88

Тіркеу куәлігінің иесі

«DOSFARM» ЖШС, Қазақстан, 050034, Алматы қ., Чаплыгин к-сі, 3

Ask about this room