ЛЮГОЛИТ-DF сыртқа қолдануға арналған спрей 1 %, 30 г және 50 г

Дәріханалардан босатылу шарттары:

РЕЦЕПТІСІЗ

 

dwldДәрілік затты медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулық

Құрамы:

1 г препараттың құрамында

белсенді зат - йод 0,01 г,

қосымша заттар: калий йодиді, глицерин 85%, тазартылған су.

Дәрілік түрі

Сыртқа қолдануға арналған спрей 1 %, 30 г және 50 г

Фармакотерапиялық тобы

Тамақ ауруларын емдеуге арналған препараттар. Антисептиктер. Басқа да препараттар.

АТХ коды R02AА20

Қолданылуы

  • катаральді баспада
  • жедел және созылмалы тонзиллитте, фарингитте
  • афтозды стоматитте.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • йодқа және басқа да препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық
  • жүктілікте және лактация кезеңі
  • қалқанша бездің гиперфункциясы
  • қалпына келмейтін жүрек, бүйрек жеткіліксіздігі
  • радио белсенді йодпен диагностикалық зерттеулер немесе емдеу (зерттеуге немесе емдеуге дейін және одан кейін 2 апта бойы)
  • Дюрингтің ұшық тәріздес дерматиті
  • 8 жасқа дейінгі балалар

Қолдану тәсілі және дозалары

Препаратты ересектер және 8 жастан асқан балаларға ас ішкеннен кейін жергілікті тәулігіне 2-4 рет қолдану керек.

Құтыны пластик пакеттен алып, бүріккіш түтігінің ұшынан және басынан қорғағыш қалпақшасын шешіп, бүріккіш түтігін жоғары немесе бір жағына қарай бекітіп, ерітінді бүріккішке түсуі және басқаннан кейін шашырауы үшін басын 3 - 4 рет басу керек. (1 сурет).

 рис. 1

1 сурет

Люголит-DF® қолданғаннан кейін қорғағыш қалпақшасын қайтадан кигізу керек.

Егер механикалық бүріккіші бар жиынтықтағы Люголит-DF® құтысын пайдаланатын болса, онда қолданардың алдында құты қақпағын бүріккішке ауыстыру керек.

Баспаны, тонзиллит немесе фарингитті емдеу үшін бүріккішті ауыз қуысына 2 - 3 см енгізу керек, тынысты тежеп, бір бүрку оңға, екіншісін солға жасайтындай бүріккіштің ұшын 2 рет басу керек.

Стоматитті емдеу кезінде ауыз қуысының шырышты қабығына бүрку керек.

Қолданудың ұзақтығы аурудың сипатына, оның айқындылығына байланысты және оны дәрігер анықтайды.

Препаратты абайлап, тыныс алу жолдарына түсірмей қолдану керек!

Жағымсыз әсерлері

  • жергілікті тітіркендіретін әсері бар (шымылдатып ашыту)
  • аллергиялық реакциялар (қышыну, гиперемия, есекжем)
  • йодизм (металл дәмі, тұмау, есекжем, Квинке ісінуі, сілекей ағуы, жас ағуы, асқазан-ішек жолдарының бұзылуы)

Жағымсыз әсерлер пайда болғанда препаратты қолдануды тоқтату керек.

Артық дозалануы

Препаратты ауыз қуысында немесе жұтқыншақта ұсынылым бойынша жергілікті қолданғанда артық дозалану жағдайлары байқалмаған.

Симптомдары: Препаратты кездейсоқ жұтып қойған жағдайда жедел улану дамуы мүмкін. Алдымен ауыз қуысында металл дәмі сезіледі, құсу, асқазанның ауыруы, нәжістің сұйылуы орын алады. 1―3 тәулік бойы анурия, кейіннен асфиксия туындататын дауыс қуысының ісінуі, аспираторлы пневмония немесе өкпе ісінуі. Кейбір жағдайларда қан айналымының бұзылуы мүмкін.

Емі: Асқазанды шаюды жүргізеді. Емделушіге белсенділендірілген көмір немесе натрий тиосульфатының 1―5% ерітіндісін, одан кейін сүт немесе бұқтырылған крахмал беру керек. Ары қарай белгісіне қарай ем жүргізеді. Арнайы у қайтарғысы жоқ.

Кездейсоқ көзге түскен жағдайда, оны судың мол мөлшерімен немесе натрий тиосульфатының ерітіндісімен шаю керек.

Айрықша нұсқаулар

Препаратты ішуге болмайды.
Ларингоспазм болуы мүмкіндігіне байланысты ларингитте, туберкулезде, геморрагиялық диатездерде сақтықпен қолдану керек.

Басқа дәрілік заттарды қабылдағанда Люголит-DF® қолдану мүмкіндігін дәрігермен кеңесу керек.

Балаларға

8 жастан үлкен балаларда рефлекторлы бронх түйілуін туғызуы мүмкін, сондықтан препарат дәрігердің ұсынымы бойынша қолданылуы тиіс.

Дәрілік препараттың көлік құралдарын немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Жағымсыз әселерді ескере отырып, автокөлікті немесе қауіпті механизмдерді басқарғанда сақ болған жөн.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Бүріккіш түтіктің ұшында және басында қорғағыш қалпақшасы және механикалық бүріккіші бар мойны бұралып жабылатын күңгірт шыныдан жасалған құтыда препарат 30 г немесе 50 г. Құты пластик пакетке салынған. Бір құтыдан мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылған медицинада қолданылуы жөніндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынған.

Немесе, бүріккіш түтікшенің ұшында және басында қорғағыш қалпақшамен қамтылған, жиынтықта механикалық бүріккіші бар бұралып жабылатын пластик қақпағымен тығындалған, мойны бұралып жабылатын күңгірт шыныдан жасалған құтыда 30 г немесе 50 г препараттан пластик пакетке салынған. Бір құтыдан механикалық бүріккіші және мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылған медицинада қолданылуы жөніндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынған.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 25о С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Бүріккіші бар жиынтықтағы құтыны ашқаннан кейінгі қолдану кезеңі – 28 тәулік.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Өндіруші

«DOSFARM» ЖШС, Қазақстан, 050034, Алматы қ-сы, Чаплыгин к-сі 3. тел.: (727) 253-03-88

Тіркеу куәлігінің иесі

«DOSFARM» ЖШС, Қазақстан, 050034, Алматы қ-сы, Чаплыгин к-сі 3.

Задать вопрос по этому препарату