ЭТАСЕПТИЛ-DF С ГЛИЦЕРИНОМ

сыртқа қолдануға арналған ерітінді

5 л, 10 л

Босатылады: РЕЦЕПТІСІЗ 

ҚОЛДАНУ КӨРСЕТКІШТЕРІ:

  • сыртқы қолдануға арналған жаңа антисептикалық дезинфекциялық құрал;
  • бактерицидтік және антисептикалық әсер береді;

  • көптеген грамоң және грамтеріс бактериялар, вирустар және зеңдерге қатысты белсенді,

  • теріні тазартады және зарарсыздандырады;

  • микроорганизмдердің көбеюі жағдайында сенімді қорғауды қамтамасыз етеді.

dwldПрепаратты қолдану жөніндегі нұсқаулықты жүктеп алу

Құрамы

1,0 мл препараттың құрамында мыналар бар:

  • этанол 96%;
  • сутегінің асқын тотығы;
  • глицерин;
  • тазартылған су.

Дәрілік түрі

Сыртқа қолдануға арналған спрей, сыртқа қолдануға арналған ерітінді.

Фармакотерапиялық тобы

Залалсыздандыру құралы (тері антисептигі).

Көрсетілім

Құрал ЕПМ персоналының қолын гигиеналық және хирургиялық өңдеуге және кез келген бейіндегі медициналық мекемелердегі пациенттердің терісін санитарлық өңдеуге, , балалар, мектепке дейінгі және мектеп мекемелері, әлеуметтік қамсыздандыру мекемелері қызметкерлерінің, парфюмерлік-косметикалық кәсіпорындар, қоғамдық тамақтандыру, коммуналдық қызмет қызметкерлерінің, тұрмыстағы халықтың қолын гигиеналық өңдеуге арналған.  

Қарсы көрсеткіштер

  • препаратқа аса жоғары сезімталдық

Қолдану тәсілі және дозалары

1. Хирургиялық операцияларды, инвазивті процедуралар мен манипуляцияларды жасамас бұрын хирургтар мен басқа медициналық қызметкерлерінің қолдарының терісін залалсыздандыру:

  • білек пен білезікті жуғыш құралдарымен жуу;
  • жуылған қолыңызды стерильді дәке салфеткасымен құрғатыңыз;
  • содан кейін қолға 2,5 мл құралын жағып, оны 1,5 минут бойы қол мен білек терісіне сылау керек;
  • қолдың терісін үнемі ылғалды ұстап, процедураны екі рет қайталау керек;
  • өнім толық құрғағаннан кейін қолға стерильді қолғаптар киіледі.

2. Қол терісін гигиеналық залалсаздандыру:

  • құралды қолдың буындарына 2,5 мл жағу және тері кепкенге дейін сылау, кемінде 30 секунд.

Жағымсыз реакциялар

-

Артық дозалануы

Жергілікті қолданған кезде артық дозалану екіталай.

Жүктілік немесе емшекпен еміз кезеңінде қолдану

 -

Балалар

 -

Ерекше нұсқаулар

Тек сыртқы қолдану үшін қолданыңыз! Ішке қабылдауға болмайды! Жаралар мен шырышты қабықтарға жағуға болмайды! Өнімді көзге тигізбеңіз! Оңай тұтанғыш! Ашық жалынмен және жылыту құрылғыларымен жанасуға жол бермеңіз.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Полимерден бұрандалы қақпақтары бар полиэтилен канистрлеріне препараттың 5 л, 10 л құйылған.

Сақтау шарттары

Жақсы тығындалған ыдыста, жарықтан қорғалған жерде, 25ºС жоғары емес температурада, оттан алыс.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Өндіруші

«DOSFARM» ЖШС, Қазақстан, 050034, Алматы қ., Чаплыгин к-сі, 3, тел. (727) 253-03-88.

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттардың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері

 «DOSFARM» ЖШС, Қазақстан, 050034, Алматы қ., Чаплыгин к-сі, 3.

тел./факс: (727) 253-07-07, 253-03-88, эл. пошта: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Осы препаратқа сұрақ қою