Assign modules on offcanvas module position to make them visible in the sidebar.

ЛЮГОЛИТ-DF

1%, сыртқа қолдануға арналған спрей

Босатылады: РЕЦЕПТІСІЗ 

ҚОЛДАНЫЛУЫ:

  • катаральді баспада
  • жедел және созылмалы тонзиллитте, фарингитте
  • афтозды стоматитте.

dwldПрепаратты қолдану жөніндегі нұсқаулықты жүктеп алу

Саудалық атауы

Люголит-DF®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

1%, сыртқа қолдануға арналған спрей

Фармакотерапиялық тобы

Респираторлық жүйе. Тамақ ауруларын емдеуге арналған препараттар. Антисептиктер. Басқа да препараттар.

АТХ коды R02AА20

Қолдануды бастағанға дейін қажетті мәліметтер тізбесі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- йодқа және басқа да препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

- жүктілікте және лактация кезеңі

- қалқанша бездің гиперфункциясы

- қалпына келмейтін жүрек, бүйрек жеткіліксіздігі

- радио белсенді йодпен диагностикалық зерттеулер немесе емдеу (зерттеуге немесе емдеуге дейін және одан кейін 2 апта бойы)

- герпес тәрізді Дюринг дерматиті

- 8 жасқа дейінгі балалар

Қолдануға қатысты сақтық шаралары

Препаратты ішуге болмайды.

Тыныс алу жолына түспестен, препаратты абайлап қолданыңыз!

Туберкулез, геморрагиялық диатездер кезінде, ларингоспазм болуы мүмкіндігіне байланысты ларингитте сақтықпен қолдану керек.

Басқа дәрілермен өзара әрекеттесуі

Фармацевтикалық эфир майларына, аммиак ерітінділеріне сәйкес келмейді.

Сілтілі немесе қышқыл реакция, майдың, іріңнің, қанның болуы антисептикалық белсенділікті әлсіретеді

Йод препараттары кейбір дәрілік заттардың (соның ішінде ацетилсалицил қышқылының) асқазан - ішек жолының шырышты қабығына тітіркендіргіш әсерін күшейтуі мүмкін.

Арнайы сақтандырулар

Басқа дәрілік заттарды қабылдау кезінде қолдану мүмкіндігі туралы дәрігермен кеңесу қажет.

Балаларға

Рефлекторлы бронх түйілуін туғызуы мүмкін болғандықтан, 8 жасқа дейінгі балаларға қолдануға болмайды.

Дәрілік заттың көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Жағымсыз әселерді ескере отырып, автокөлікті немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқарғанда сақ болған жөн.

Пайдалануға арналған ұсыныстар

Дозалау режимі

Баспаны, тонзиллит немесе фарингитті емдеу үшін бүріккішті ауыз қуысына 2-3 см енгізу керек, тынысты тежеп, бір бүрку оңға, екіншісін солға жасайтындай бүріккіштің ұшын 2 рет басу керек

Стоматитті емдеу кезінде ауыз қуысының шырышты қабығына бүрку керек.

Қолдану ұзақтығы аурудың сипатына, оның ауырлығына байланысты және дәрігер анықтайды

Енгізу әдісі мен жолы

Жергілікті, сыртқа.

Препаратты қалай қолдану керектігін түсіндіру үшін медициналық маманнан кеңес алуға кеңес беру

Препаратты қолдану тәсіліне қатысты күмән пайда болған жағдайда емдеуші дәрігермен кеңесіңіз.

Егер емдеуден кейін жақсарту туындамаса немесе симптомдар қиындатылса немесе жаңа симптомдар пайда болса, дәрігермен кеңесу қажет.

Препаратты нұсқаулықта көрсетілген көрсеткіштерге сәйкес ғана қолданыңыз.

Дәрілік препаратты стандартты қолдану кезінде көрініс беретін жағымсыз реакциялар сипаттамасы және осы жағдайда қабылдау керек шаралар

Төменде ұсынылған жағымсыз реакциялар кездесу жиілігіне сәйкес көрсетілген.

Өте жиі (>1/10)

- жергілікті тітіркендіретін әсері бар (шымылдатып ашыту);

Сирек (>1/10 000-нан ≤1/1 000-ға дейін)

- аллергиялық реакциялар (қышыну, гиперемия, есекжем);

Өте сирек

- йодизм (металл дәмі, тұмау, есекжем, Квинке ісінуі, сілекей ағуы, жас ағуы, асқазан-ішек жолдарының бұзылуы).

Жағымсыз әсерлер пайда болғанда препаратты қолдануды тоқтату керек

Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек:

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК

http://www.ndda.kz

Қосымша мәліметтер

Дәрілік препарат құрамы

1мл препараттың құрамында

белсенді зат: йод 0,01 г;

қосымша заттар: калий йодиді, глицерин 85%, тазартылған су

Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы

Йодтың иісі бар қызыл-қоңыр түсті мөлдір шәрбат тәрізді сұйықтық.

Шығарылу түрі және қаптамасы

30 г препараттан бүріккіш түтіктің ұшында және басында қорғағыш қалпақшасы және механикалық бүріккіші бар мойны бұралып жабылатын күңгірт шыныдан жасалған құтыда. Құты пластик пакетке салынған. Бір құтыдан қазақ және орыс тіліндегі медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Немесе, 30 г препараттан бүріккіш түтікшенің ұшында және басында қорғағыш қалпақшамен қамтылған, жиынтықта механикалық бүріккіші бар, пластик пакетке салынған бұралып жабылатын пластик қақпақпен тығындалған, мойны бұралып жабылатын күңгірт шыныдан жасалған құтыда. Бір құтыдан механикалық бүріккіші және қазақ және орыс тіліндегі медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау мерзімі

3 жыл

Қолдану кезеңі құтыны ашқаннан кейін бүріккішпен жиынтықта-28 тәулік

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 25ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші туралы мәлімет

«DOSFARM» ЖШС,

Қазақстан, 050034, Алматы қ., Чаплыгин к-сі, 3

тел./факс: (727) 253-03-88

электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript.

Тіркеу куәлігінің ұстаушысы

«DOSFARM» ЖШС,

Қазақстан Республикасы, 050034, Алматы қ., Жетісу ауд., Чаплыгин к-сі, 3 ү.

тел. / факс: +7 (727) 253 03 88,

электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript.

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік зат жөніндегі шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттардың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)

«DOSFARM» ЖШС,

Қазақстан Республикасы, 050034, Алматы қ., Жетісу ауд. Чаплыгин к-сі, 3 үй

тел. / факс: +7 (727) 253 03 88,

электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript.

Задать вопрос по этому препарату