Қолданылуы:
- катаралдық баспа
- жедел және созылмалы тонзиллит, фарингит
- афтозды стоматит
Препаратты қолдану жөніндегі нұсқаулықты жүктеп алу
Фармакотерапиялық тобы
Респираторлық жүйе. Тамақ ауруларын емдеуге арналған препараттар. Антисептиктер.
Басқа да препараттар.
АТХ коды R02AА20
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- йодқа және препараттың басқа компоненттеріне жоғары жеке сезімталдық
- жүктілік және лактация кезінде
- қалқанша безінің гиперфункциясы
- декомпенсацияланған жүрек, бүйрек жеткіліксіздігі
- диагностикалық зерттеулер немесе радиоактивті йодпен емдеу (зерттеуге немесе емдеуге дейін және одан кейін 2 апта кезеңінде)
- Дюрингтің герпетиформды дерматиті
- 8 жасқа дейінгі балалар.
Қолдану кезіндегі қажетті сақтандыру шаралары
Препарат ішке қабылдауға арналмаған.
Препаратты тыныс алу жолына түспейтіндей етіп, абайлап қолдану керек! Ларингоспазмның болуына байланысты ларингит кезінде, туберкулез, геморрагиялық диатез кезінде сақтықпен қолдану керек.
Басқа дәрілік заттарды қабылдау кезінде қолдану мүмкіндігі туралы дәрігермен кеңесу қажет.
Балалар
8 жасқа дейінгі балаларға қолдануға болмайды, себебі, ол рефлекторлы бронх түйілуін туындатуы мүмкін.
Дәрілік препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Жағымсыз әсерлерін ескере отырып, автокөлікті немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару кезінде сақ болу қажет.
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Фармацевтикалық тұрғыдан эфир майларымен, аммиак ерітінділерімен, сутегінің асқын тотығымен үйлеспейді.
Сілтілі немесе қышқыл реакция, майдың, іріңнің, қанның болуы антисептикалық белсенділікті әлсіретеді.
Йод препараттары кейбір дәрілік заттардың (соның ішінде ацетилсалицил қышқылының) асқазан - ішек жолының шырышты қабығына тітіркендіргіш әсерін күшейтуі мүмкін.
Қолдану жөніндегі нұсқаулар
Дозалау режимі
Баспаны, тонзиллитті немесе фарингитті емдеу үшін бүріккішті ауыз қуысына 2-3 см енгізіңіз, деміңізді ұстап, бір бүрку оңға, екіншісі солға жасалатындай етіп бүріккіштің басын 2 рет басыңыз.
Стоматитті емдеу кезінде ауыз қуысының шырышты қабығын сулау керек. Қолдану ұзақтығы аурудың сипатына, оның айқындылығына байланысты және дәрігермен анықталады.
ДП стандартты қолдану кезінде көрініс беретін жағымсыз реакциялар сипаттамасы және осы жағдайда қабылдау керек шаралар
Өте жиі (≥ 1/10)
− жергілікті тітіркендіргіш әсері (ашыту)
Сирек (>1/10 000-нан ≤1/1 000 дейін)
− аллергиялық реакциялар (қышыну, гиперемия, есекжем)
Өте сирек
− йодизм (металл дәм тату, тұмау, есекжем, Квинке ісінуі, сілекейдің ағуы, жас ағуы, асқазан-ішек жолдарының бұзылуы).
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаса медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласыңыз
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК http://www.ndda.kz
Қосымша мәліметтер
Дәрілік препараттың құрамы
1 г препараттың құрамында:
белсенді зат: йод 0,01 г;
қосымша заттар: калий йодиді, глицерин 85%, тазартылған су.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Йод иісі бар қызыл-қоңыр түсті мөлдір шәрбат тәрізді сұйықтық.
Шығарылу түрі және қаптамасы
30 мл немесе 50 мл препараттан механикалық бүріккішімен және помпада және бүріккіш түтігінің ұшында қорғаныш қақпағы бар бұрандалы мойнымен қара шыныдан жасалған құтыларға салынады. Құтыны пластикалық пакетке салады. Бір құтыдан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге хром-эрзац картонынан жасалған картон қорапшаға салынған.
Әр құтыға заттаңбалық, немесе жазба қағазынан не өздігінен жабысатын заттаңба жапсырылады.
Сақтау мерзімі
2 жыл.
Бүріккішпен жиынтықтағы құтыны ашқаннан кейін қолдану кезеңі - 28 тәулік.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде, 25˚ С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші туралы мәліметтер
«DOSFARM» ЖШС, Қазақстан, 050034, Алматы қ., Чаплыгин к-сі, 3
тел./факс: +7(727) 2530388,
электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript.
Тіркеу куәлігінің ұстаушысы
«Житофарм» ЖШС, Қазақстан, 050035, Алматы қ., 10 ш.а., 23 үй, 35 пәтер
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттардың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттардың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта):
«DOSFARM» ЖШС, Қазақстан, 050034, Алматы қ., Чаплыгин к-сі, 3
тел./факс: +7(727) 2530388,
электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript.