Таурин-DF 4 % 5 мл, 10 мл көзге тамызатын дәрі

Дәріханалардан босатылу шарттары:

РЕЦЕПТІСІЗ

dwldДәрілік затты медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулық

Құрамы:

1 мл препараттың құрамында   
белсенді зат таурин 0,04 г 
қосымша зат метилпарагидроксибензоат, инъекцияға арналған су

Дәрілік түрі

4 % 5 мл, 10 мл көзге тамызатын дәрі

Фармакотерапиялық тобы

Көз ауруларын емдеуге арналған препараттар. Көз ауруларын емдеуге арналған басқа да препараттар.

АТХ коды S01XA

Қолданылуы

  • мөлдір қабықтың жарақатында және дистрофиясында
  • катарактада (қарттық, диабеттік, жарақаттық және сәулелік)

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық
  • 18 жасқа дейінгі балаларға және жасөспірімдерге

Қолдану тәсілі және дозалары

Препаратты ересектерге тағайындайды.

Катаракта кезінде Таурин-DF инстилляция түрінде күн сайын 3 ай бойы 1-2 тамшыдан күніне 2-4 рет тағайындайды. Курсты бір айлық аралықпен қайталау керек.

Мөлдір қабықтың жарақаттарында және дистрофиялық аурулары кезінде жоғарыда көрсетілген дозада 1 ай бойы қолданылады.

Тамызу кезінде тамшылатқыш-құты ұшының басқа заттармен немесе беткейлермен жанаспауын қадағалау керек. Тамызғаннан кейін тамшылатқыш-құтыны қалпақшасымен тығыздап жабу керек

Жағымсыз әсерлері

  • аллергиялық конъюнктивит

Артық дозалануы

Препараттың артық дозалануы туралы деректер жоқ

Жүктілік және лактация кезеңі

Жүктілік және лактация кезеңінде Таурин-DF препаратын қолдануға клиникалық зерттеулер жүргізілмеген, сондықтан препарат жүкті және бала емізетін аналарға тағайындалмайды.

Айрықша нұсқаулар

Препараттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Алғаш ашылуы бақыланатын қалпақшалармен тығындалған пластик тамшылатқыш-құтыларда немесе қақпақшалармен тығындалған пластик тамшылатқыш-құтыларда 5 мл немесе 10 мл-ден. Құты медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 25ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Құтыны ашқаннан кейінгі қолданылу кезеңі - 28 тәулік.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Өндіруші

«DOSFARM» ЖШС, Қазақстан, 050034, Алматы қ-сы, Чаплыгин к-сі, 3.

Тіркеу куәлігінің иесі

«DOSFARM» ЖШС, Қазақстан, 050034, Алматы қ-сы, Чаплыгин к-сі, 3

Задать вопрос по этому препарату