Келісімшарттық өндіріс

DOSFARM компаниясының тәжірибесі мол, ұсыныстарды қарастырады және қазақстандық, сондай-ақ шетелдік тапсырыс берушілер үшін Келісімшарттық өндірісті белсенді түрде тәжірибеге енгізеді.

Біздің алаңшада GMP талаптарына сәйкес сапалы дәрілік заттарды өндіру үшін барлық жағдайлар жасалған:

  • абсолютті стерильділік шарттары

  • толық өндірістік цикл

  • шығару түрлерінің әртүрлілігі (көз, мұрын, құлақ тамшылары, спрей формалары, жақпа, 30 мл, 50 мл, 100 мл ерітінділер, пластикадағы инъекциялық препараттар (BFS), юнидозадағы препараттар (BFS))

  • жоғары білікті мамандар штаты

Компанияның өндірістік қуаттары:

  • Өнімділігі сағатына 9 000 бірлік өнім шығаратын 0,5 және 2 мл, Bottelpack 321М құю желісі.

  • Өнімділігі сағатына 4 150 бірлікке дейін өнім шығаратын 5 және 10 мл, Bottelpack 321М құю желісі.

  • Өнімділігі сағатына 5 000 бірлікке дейін мұрын тамшыларын құю желісі.

  •  Өнімділігі сағатына 3 500 бірлікке дейін көз тамшыларын құю желісі.

  • Өнімділігі сағатына 3 000 бірлікке дейін спрей формаларын құю желісі.

  • Өнімділігі сағатына 4 000 бірлікке дейін жақпа майларды автоматты түрде толтыруға және герметикалық орауға арналған желі

  • Өнімділігі сағатына 2 000 бірлікке дейін сыртқа қолдануға арналған 30 мл, 50 мл, 100 мл  ерітінділерді құю желісі.