Оксивин-DF көзге тамызатын дәрі 0,025 % 10 мл

Дәріханалардан босатылу шарттары:

РЕЦЕПТІСІЗ

 

dwldДәрілік затты медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулық

Құрамы:

1 мл препараттың құрамында:

белсенді зат – оксиметазолин гидрохлориді - 0,25 мг,

қосымша заттар – бензалконий хлориді (10 % ерітінді түрінде), натрий хлориді, натрий дигидрофосфаты дигидраты, динатрий фосфаты додекагидраты, инъекцияға арналған су.

Дәрілік түрі

Көзге тамызатын дәрі 0,025 % 10 мл

Фармакотерапиялық тобы

Көз ауруларын емдеуге арналған препараттар. Деконгестанттар және аллергияға қарсы препараттар. Деконгестант ретінде пайдаланылатын симпатомиметиктер. Оксиметазолин

АТХ коды S01GA04

Қолданылуы

  • аллергиялық конъюнктивит
  • инфекциялық емес этиологиядағы конъюнктивит (түтін, шаң, жел мен күннің әсері, хлорланған су, жасанды жарықтандыру)
  • іркілу біліністері және конъюнктива ісінуі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық
  • жабық бұрышты глаукома
  • аритмия
  • артериялық гипертензия
  • созылмалы жүрек жеткіліксіздігі
  • созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі
  • айқын атеросклероз
  • қант диабеті
  • тиреотоксикоз, гипертиреоз
  • қуық асты безінің гиперплазиясы
  • моноаминооксидаза тежегіштерін бір уақытта қабылдау және оларды қолдануды аяқтағаннан кейін 14 күнге дейінгі кезең
  • феохромацитома
  • порфирия
  • 8 жасқа дейінгі балалар
  • жүктілік және лактация кезеңі

Қолдану тәсілі және дозалары

Жергілікті.

Ересектерге және 8 жастан асқан балаларға: конъюнктивалық қапқа препараттың 1-2 тамшысын әрбір көзге тәулігіне 3-4 рет.

Емдеу курсы 3 күннен аспайды.

Препаратты қолданар алдында жанаспалы линзаларды алып тастап, препаратты тамызғаннан кейін кемінде 15 минут күту керек.

Тамызу кезінде тамшылатқыш-құтының ұшы басқа заттармен немесе беткейлерге тиіп кетпеуін қадағалау қажет. Тамызғаннан кейін тамшылатқыш-құтыны қалпақшамен тығыздап жабу керек!.

Жағымсыз әсерлері

Әдетте препарат жақсы жағымды.

жиі емес:

  • конъюнктива мен айналасындағы тіндердің тітіркенуі
  • мидриаз
  • аккомодация парезі
  • қабақ ретракциясы

Сирек:

  • ирит болуы мүмкін
  • мазасыздық
  • ұйқының бұзылуы
  • шаршау
  • бас ауыруы
  • бас айналуы
  • жүрек айнуы
  • гипертензия
  • тахикардия

Артық дозалануы

Симптомдары: конъюнктиваның тітіркенуі және құрғауы, мидриаз, көзішілік қысымның жоғарылауы.

Емі: көзді ағын сумен шаю, әрі қарай – симптоматикалық ем.

Айрықша нұсқаулар

Ұсынылған дозаларды өз бетінше арттыруға және препаратты 3 күннен артық қолдануға болмайды.

Жүректің ишемиялық ауруында (ЖИА) сақтықпен қолдану керек.

Препараттың құрамындағы бензалконий хлориді жұмсақ жанаспалы линзаларды түссіздендіретіндіктен емдеу уақытында жұмсақ жанаспалы линзаларды тағудан бас тарта тұру керек!

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Оксивин-DF жағымсыз әсерлерін ескеріп, көлік құралдарын немесе ауа қауіпті механизмдерді басқару кезінде сақтық таныту қажет.

Шығарылу түрі және қаптамасы

10 мл препараттан алғашқы ашылуы бақыланатын қалпақшамен тығындалған пластиктен жасалған тамшылатқыш-құтыларда немесе 10 мл қалпақшамен тығындалған пластиктен жасалған тамшылатқыш-құтыларда. Әрбір құтыға заттаңба желімделеді. Бір құтыдан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Құтыны ашқаннан кейін препаратты қолдану кезеңі - 15 тәулік.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Өндіруші

«DOSFARM» ЖШС, Қазақстан, 050034, Алматы қ-сы, Чаплыгин к-сі, 3.

Тіркеу куәлігінің иесі

«DOSFARM» ЖШС, Қазақстан

Задать вопрос по этому препарату