Оксивин-DF мұрынға арналған спрей 0,025%, 0,05% 10 мл

Дәріханалардан босатылу шарттары:

РЕЦЕПТІСІЗ

 

dwldДәрілік затты медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулық

Құрамы:

1 мл препараттың құрамында:

белсенді зат – оксиметазолин гидрохлориді - 0,25 мг немесе 0,5 мг,

қосымша заттар – бензалконий хлориді (10% ерітінді түрінде), натрий хлориді, натрий дигидрофосфаты дигидраты, динатрий фосфаты додекагидраты, тазартылған су.

Дәрілік түрі

Мұрынға арналған спрей 0,025 %, 0,05 % 10 мл

Фармакотерапиялық тобы

Мұрынға арналған препараттары. Жергілікті қолдануға арналған антиконгестанттар мен мұрынға арналған басқа препараттары. Симпатомиметиктер. Оксиметазолин.

АТХ коды R01AA05

Қолданылуы

  • жедел, аллергиялық, вазомоторлық ринит
  • риносинусит
  • ринитпен астасқан евстахиит
  • диагностикалық емшаралар алдында мұрын қуысының шырышты қабығы ісінуін кетіру

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық
  • атрофиялық ринит
  • айқын атеросклероз
  • созылмалы жүрек жеткіліксіздігі
  • аритмиялар
  • артериялық гипертензия
  • созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі
  • қуық безінің гиперплазиясы
  • моноаминооксидаза тежегіштерін бір мезгілде қабылдау және оларды қолдануды аяқтағаннан кейін 14 күнге дейінгі кезең
  • қант диабеті
  • тиреотоксикоз, гипертиреоз
  • жабықбұрышты глаукома
  • көздің ауыр аурулары
  • феохромацитома
  • порфирия
  • 1 жасқа дейінгі балаларға (Оксивин-DF® 0,025% үшін)
  • 6 жасқа дейінгі балаларға (Оксивин-DF® 0,05% үшін)

Қолдану тәсілі және дозалары

Интраназальді.

Бүркуді дұрыс жүзеге асыру үшін қорғағыш қалпақшаны алып тастап, ерітінді бүріккішке түспеуі және шашырамауы үшін пластиктен жасалған бүріккіш-ұштықты 1 - 2 рет абайлап басу керек. Сосын құтының қондырғысын мұрын жолына орналастырып, жылдам және бірден бүріккішті 1 рет басу және бүріккішті қыспай қондырғыны шығарып алу керек.

  • 0,025 % мұрын спрейі 1 жатан 6 жасқа дейінгі балаларға: тәулігіне 2-3 рет әрбір мұрын жолына 1 бүркуден.
  • 0,05 % мұрын спрейі 6 жастан бастап балаларға және ересектерге: тәулігіне 2-3 рет әрбір мұрын жолына 1 бүркуден.

Емдеу курсы 5-7 күннен аспайды.

Жағымсыз әсерлері

жиі:

  • мұрын жолдары шырышының ашуы және құрғауы
  • ауыздың және тамақтың кебуі
  • түшкіру

жиі емес:

  • бас айналуы, бас ауыруы
  • ұйқысыздық
  • шаршағыштық (қажығыштық)
  • жүрек айнуы
  • шырыш қабығының домбығуы және ісінуі (мұрынның бітелуін сезіну)
  • реактивті гиперемия
  • шырыш қабығының атрофиясы
  • аллергиялық реакциялар (Квинке ісінуі, есекжем, қышыну)

өте сирек:

  • пульстің жиілеуі
  • артериялық гипертензия
  • тахикардия
  • тахифилаксия

Артық дозалануы

Симптомдары - ұсынылған дозадан арттырған немесе байқаусызда ішке қабылдаған жағдайда мынадай симптомдар байқалуы мүмкін: көз қарашығының тарылуы, жүрек айнуы, құсу, цианоз, температураның көтерілуі, тахикардия, аритмия, коллапс, жүрек қызметінің бәсеңдеуі, артериялық гипертензия, өкпенің ісінуі, тыныс алудың бұзылуы. Одан басқа да психиканың бұзылуы байқалуы мүмкін, сондай-ақ ұйқышылдықпен, дене температурасының төмендеуімен, брадикардиямен, артериялық гипотензиямен, тыныс алудың тоқтауы және команың даму мүмкіндігімен қатар жүретін орталық жүйке жүйесі функциясы бәсеңдеуі мүмкін.

Емі – шұғыл түрде белсендірілген көмір (абсорбент), натрий сульфатын (іш жүргізетін дәрі) тағайындау немесе асқазанды шаю. Артериялық қысымды төмендетуі үшін селективті емес альфа-адреноблокаторлар (5 мг фентоламинді тұзды (физиологиялық) ерітіндіде к/і баяу немесе 100 мг пероральді) тағайындайды. Вазопрессорлы дәрілерді қолдануға болмайды.

Қажет болған кезде ыстықты түсіретін, құрысуға қарсы емді және өкпені жасанды желдетуді жүргізеді.

Жүктілік және лактация кезеңі

Қолдану тәжірибесінің жеткіліксіздігіне байланысты ұсынылмайды.

Препаратты жүктілік және лактация кезеңінде қолдану ана үшін күтілетін пайда бала мен шаранаға төнетін қауіптен басым жағдайда ғана мүмкін.

Айрықша нұсқаулар

Оксивин-DF® ұзақ қолданудан аулақ болу керек, өйткені бұл оның емдік әсерінің әлсіреуіне әкелуі мүмкін.

Ұсынылған дозаларды өз бетінше арттыруға және препаратты 5-7 күннен артық қолдануға болмайды.

Жүректің ишемиялық ауруында (ЖИА) сақтықпен қолдану керек.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Ұсынылған дозаларда Оксивин-DF® көлік құралдарын басқаруға немесе механизмдермен жұмыс істеуге ықпал етпейді.

Шығарылу түрі және қаптамасы

10 мл препараттан батпалы түтігі бар жаншылған алюминий қақпағы және қорғағыш қалпақшасы бар пластиктен жасалған бүріккіш-ұштық кіретін помпалық дозалаушы құрылғымен қоңыр пластик құтыларда. Әрбір құтыға заттаңба желімделеді. Бір құтыдан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«DOSFARM» ЖШС, Қазақстан, 050034, Алматы қ-сы, Чаплыгин к-сі, 3.

Тіркеу куәлігінің иесі

«DOSFARM» ЖШС, Қазақстан

Задать вопрос по этому препарату