Продукция

АЛЕРГОЗОЛ-DF көзге және мұрынға тамызатын дәрі 0,03% және 0,06% 10 мл.

Дәріханалардан босатылу шарттары:

РЕЦЕПТІСІЗ

 

dwldДәрілік затты медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулық

Құрамы:

10 мл препараттың құрамында 0,03% 0,06%
белсенді заттар:    
- нафазолин нитраты 3,0 мг 6,0 мг
- дифенгидрамин гидрохлориді 5,0 мг 10,0 мг
қосымша заттар: бор қышқылы, инъекцияға арналған су

Дәрілік түрі

Көзге және мұрынға тамызатын дәрі 0,03 % және 0,06 % 10 мл

Фармакотерапиялық тобы

Антиконгестанттар және жергілікті қолдану үшін мұрынға арналған басқа да препараттар. Басқа да препараттармен біріктірілген нафазолин. АТХ коды R01АВ02

Қолданылуы

  • маусымдық аллергиялық конъюнктивиттің асқынуында
  • жыл бойғы аллергиялық конъюнктивиттің асқынуында
  • жедел ринитте
  • аллергиялық риносинуситте
  • аллергиялық вазомоторлы ринитте

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препараттың қандай да бір компоненттеріне жоғары сезімталдық
  • конъюнктива ксерозы (құрғақ кератоконьюнктивит, Съегрен синдромы)
  • жабық бұрышты глаукома
  • артериялық гипертония, тахикардия, айқын атеросклероз
  • қант диабеті
  • қуық асты безінің гипертрофиясы
  • гипертиреоз
  • моноаминоксидаза тежегіштерін бір мезгілде қолдану және оларды қолдану аяқталғаннан кейін 14 күндік мерзім
  • 2 жасқа дейінгі балалар (0,03%)

Қолдану тәсілі және дозалары

Ринит кезінде:

Ересектерге 0,06% әрбір мұрын қуысына 2-3 тамшыдан күніне 3 рет;

Балаларға арналған 0,03% тамшылар:

  • 2-ден 6 жасқа дейінгілерге - күніне 1-2 рет әрбір мұрын қуысына 1-2 тамшыдан;
  • 6-дан 15 жасқа дейінгілерге - күніне 3 рет әрбір мұрын қуысына 2 тамшыдан;

Емдеу курсы 5-6 күн. 

Конъюнктивиттерде:

Ересектерге 0,06 % тамшылар: жедел құбылыстарда - көздің ісіну және тітіркенуін азайту үшін коньюнктивальді қалтаға 1 тамшыдан әр 3 сағат сайын, содан соң клиникалық симптомдар жойылғанға дейін 1 тамшыдан тәулігіне 2-3 рет. 2 жастан асқан балаларға 0,03 % тәулігіне 1-2 тамшыдан тағайындайды. 5 күннен артық қолдануға болмайды. Конъюнктива тітіркенуінің симптомдары 72 сағаттан артық сақталғанда препаратты қолдануды тоқтату керек.

Тамызу кезінде тамшылатқыш-құты ұшының басқа заттармен немесе беткейлермен жанаспауын қадағалау керек.

Тамызғаннан кейін тамшылатқыш-құтыны қалпақшасымен нығыздап жабу керек!

Жағымсыз әсерлері

Жиі

  • күйдіру, қышыту, көздің ауыруы, көрудің бұзылуы, гиперемия, конъюнктиваның тітіркенуі

Сирек

  • ұйқышылдық, жүректің қағуы, гипертензия, бас ауыруы және бас айналуы, жүрек айну, көзішілік қысымның төмендеуі.

Жүйелік реакцияның пайда болуы немесе сақталып қалатын жергілікті тітіркену препаратты тоқтатуға көрсетілім болып табылады.

Ұзақ қолдану эпителийдің жергілікті өзгерістеріне оның гипоксиясына (нашарлататын болжам) байланысты әкелуі мүмкін.

Артық дозалануы

Симптомдары: тері жабындарының бозаруы, тахикардия, жүрек тұсының ауыруы, артериялық қысымның көтерілуі, тер бөлінудің күшеюі, дірілдеу, бас ауыруы, қозу, жүрек айнуы, ұйқышылдық, бас айналуы, ұзақ мидриаз.

Емі: препарат қолдануды тоқтату, симптоматикалық ем жүргізу.

Жүктілік және лактация кезеңі

Препаратты жүктілік және лактация кезеңінде анаға пайдасы бала мен шаранаға төнетін қауіптен асатын болса ғана қолдануға болады.

Айрықша нұсқаулары

Препаратты қолданған кезде жұмсақ жанаспалы линзаларды тағуға болмайды.

Көзге тамызатын дәріні тамызудың алдында қатты жанаспалы линзаларды шешу керек, оларды қайтадан препаратты тамызғаннан кейін кем дегенде 15-20 минут өткеннен кейін ғана тағуға болады.

Дәрілік заттың көлік құралдарын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препараттың жағымсыз әсерлерін ескере отырып, көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқарғанда сақ болу керек

Шығарылу түрі және қаптамасы

10 мл препараттан алғаш ашылуы бақыланатын қалпақшалармен тығындалған пластик тамшылатқыш-құтыларда немесе қалпақшамен тығындалған пластик тамшылатқыш-құтыда. Бір құтыдан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Құты ашылғаннан кейінгі препаратты қолдану кезеңі 15 тәулік.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!!

Өндіруші

«DOSFARM» ЖШС, Қазақстан, 050034, Алматы қ., Чаплыгин к-сі, 3, тел.: (727) 253-03-08

Тіркеу куәлігінің иесі

«DOSFARM» ЖШС, Қазақстан
Задать вопрос по этому препарату