ЛЕВОМИЦЕТИН-DF көзге тамызатын дәрі 0,25% 5 мл, 10 мл

ДӘРІГЕРДІҢ РЕЦЕПТІ БОЙЫНША

СТЕРИЛЬДІ

 

dwldДәрілік затты медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулық

Құрамы:

1 мл препараттың құрамында:

белсенді зат - хлорамфеникол – 2,5 мг

қосымша заттар: бор қышқылы, инъекцияға арналған су.

Дәрілік түрі

Көзге тамызатын дәрі 0,25% 5 мл, 10 мл

Фармакотерапиялық тобы

Көз ауруларын емдеуге арналған препараттар. Микробтарға қарсы препараттар. Антибиотиктер. Хлорамфеникол.

АТХ коды S01АА01

Қолданылуы

Препаратқа сезімтал микроорганизмдер туындатқан конъюнктивитте, кератитте, блефаритте.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық
  • жеке көтере алмаушылық
  • тері аурулары (псориаз, экзема, зеңдік зақымданулар)
  • жедел алма-кезекті порфирия
  • вирустық және зеңдік көз аурулары
  • алдыңғы хлорамфеникол қолданудан кейінгі миелосупрессия
  • апластикалық анемияны қоса, жүре пайда болған немесе тұқым қуалайтын қан дискразиясы
  • глюкозо-6-фосфатдегидрогеназаның тапшылығы
  • жүктілік және лактация кезеңі
  • 1 жасқа дейінгі балалар
  • бауыр және/немесе бүйрек жеткіліксіздігі

Қолдану тәсілі және дозалары

Қолданар алдында қолды жуыңыз.

Препаратты конъюнктивальді қалтаға пипеткамен тамызады:

1 жастан 8 жасқа дейінгі балаларға – 1 тамшыдан зақымданған көзге алғашқы 2 күнде әрбір екі сағат сайын.

Тамызғаннан кейін көзді жұмып, сұйықтықтың артығын көзден таза матамен сүртіп тастаңыз.

Тамшыны ояу кезде ғана пайдаланыңыз. 

Егер ауру симптомдары 2 күн ішінде жақсармаса, онда емдеуші дәрігерге қаралу керек. 

Егер сіз тамызу уақытын өткізіп алсаңыз, еске түскен кезде-ақ тамшыны пайдаланыңыз, бірақ ұмытылғанның орнын толтыру үшін екі еселенген доза қолданбаңыз.

Инфекция қайталануын болдырмас үшін емдеу курсының ұзақтығы ауру симптомдары жақсарса да 5 күн бойы жалғасады.

Емдеу ұзақтығы 5 күннен аспайды, не емдеуші дәрігер әр пациент үшін жекелей анықтайды. 

8 жастан үлкен балаларға және ересектерге - 1-2 тамшыдан екі көзге күніне 3-4 рет. 

Емдеу курсының ұзақтығын әр пациент үшін емдеуші дәрігер жекелей анықтайды. 

Тамызу кезінде тамшылатқыш-құтының ұшы басқа заттармен немесе беткейлермен жанаспағанын қадағалаңыз.

Тамызғаннан кейін тамшылатқыш-құтының бетін қалпақшасымен тығыздап жауып қою керек!

Жағымсыз әсерлері

Тамызғаннан кейінгі алғашқы секундтардан соң жылдам кететін шымылдату орын алуы мүмкін.

Иммундық жүйесі, тері және тері асты шелі тарапынан: бөртпе, ангионевроздық ісіну, есекжем, қышыну, тері гиперемиясы, қызба, везикулярлық және папулезді дерматитті қоса, аллергиялық реакциялар, анафилаксиялық шок.

Жүйке жүйесі тарапынан: көру және шеткері жүйкелік неврит, бас ауыруы, бас айналуы мүмкін.

Енгізген орындағы бұзылулар: қабақтың ісінуі, қышыну, дерматит, көздің тітіркенуі мен көзден жас ағуды қоса, жергілікті реакциялар болуы мүмкін.

Сирек: апластикалық анемия.

Артық дозалануы

Симптомдары: жағымсыз әсерлердің күшеюі. Левомицетиннің арттырылған дозасы көру өткірлігінің уақытша төмендеуіне әкелуі мүмкін.

Емі: препаратты тоқтату, көзді ағын сумен шаю керек. Симптоматикалық ем.

Айрықша нұсқаулар

Хлорамфеникол жүйелік әсерін туындата отырып, шырышты қабықтан жүйелі сіңуі мүмкін. Хлорамфениколды жергілікті қолданудан кейін өліммен аяқталатын апластикалық анемияны қоса, сүйек жұлыны гипоплазиясының туындау мүмкіндігі сипатталған. Мұндай жағдайлар сирек туындайды және бұл тұста қаупін бағалау және хлорамфеникол қолдану мүмкіндігін қарастырған жөн. Қысқа мерзімді, әрі хлорамфеникол бар көзге тамызатын дәрілерді ұзақ уақыт қолданғанда организмнің қан түзу жүйесіндегі ауытқуларды анықтау мүмкіндігінен ем басталғанға дейін және сәйкес уақыт аралығынан соң қан көрінісін байқап қарау орынды болмақ. Ауыр инфекциялар кезінде хлорамфениколды жергілікті қолдану тиісті жүйелік еммен толықтырылады.

Көзге тамызатын дәріні хлорамфениколмен ұзақ пайдаланудан аулақ болу керек, өйткені ол сенсибилизацияның және төзімді микроорганизмдердің пайда болуына әкелуі мүмкін. Егер қандай да бір жаңа инфекциялық фактор байқалатын болса, бұл антибиотикпен емдеу тоқталуы және тиісті шаралар қолданылуы тиіс. Хлорамфеникол сезімтал микроорганизмдерді емдеуге арналған резервтегі препараттар разрядына ауыстырылуы тиіс.

Хлорамфениколдың көк іріңді таяқшалар мен Serratia marcescens энтеробактерияларына қатысты белсенділігі жеткіліксіз.

Препаратты емдеуші дәрігердің кеңесінсіз 5 күннен артық қолданбаған жөн.

Препаратты 2 күн қолданғаннан кейін жақсару байқалмаса немесе симптомдары қолдану мерзіміне байланыссыз нашарлайтын болса, дәрігердің кеңесі қажет етіледі.

Егер мынадай симптомдар байқалатын болса, пациент дәрігерге қаралуы керек:

  • көрудің бұзылуы
  • көздің қатты ауыруы
  • көздің қарығуы
  • бас немесе бет терісі бөртулеріне байланысты көздің қабынуы
  • көздің бұлыңғырлануы
  • егер қарашық әдеттегіден өзгеше көрінсе
  • көзде бөгде дененің болуына күдіктену

Көзге тамызатын дәріні қолданар алдында пациентке дәрігердің кеңесі мынадай жағдайларда да қажет етіледі:

  • таяуда конъюнктивит болған кезде
  • глаукомада
  • «көздің құрғауы» синдромында
  • соңғы 6 ай ішінде көзге жасалған хирургиялық араласулар немесе лазермен операцияларда
  • кез келген шығу тегімен көз жарақаттары
  • басқа көзге тамызатын дәрілер немесе көзге арналған жақпамайларды қолдану кезінде
  • объектив зақымдануын болдырмас үшін кез келген типті жанаспалы линзаны пайдалану.

Препаратты профилактикалық мақсатта тағайындауға болмайды. Препаратты негізсіз тағайындауға және оны жеңіл түрдегі инфекциялық ауруларға, әсіресе балалар тәжірибесінде қолдануға болмайды.

Емдеу үдерісінде шеткері қан көрінісін жүйелі бақылау қажет, өйткені хлорамфеникол апластикалық анемияны, агранулоцитозды туғызуы мүмкін.

Бұрын сәулемен емдеу немесе цитостатикалық препараттармен ем қабылдаған пациенттерге сақтықпен тағайындау керек.

Ерітіндінің ластануын болдырмас үшін, құтыны тығыздап жауып, пипетканың ұшын қандай болсын беткейлерге тигізіп алмаған жөн.

Дәрілік заттың көлік құралдарын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препаратты қолданғаннан кейін (айқын көргенге дейін) 1 сағат ішінде автокөлікті басқару немесе басқа механизмдермен жұмыс істеуден бас тарту керек.

Шығарылу түрі және қаптамасы

5 мл немесе 10 мл препараттан алғашқы ашылуы бақыланатын қалпақшалармен тығындалған пластик тамшылатқыш-құтыларға немесе қалпақшалармен тығындалған пластик тамшылатқыш-құтыларға құйылады.

Әр құтыға заттаңбалық қағаздан жасалған заттаңба жапсырылады

Бір құтыдан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 25оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл.

Құты ашылғаннан кейінгі қолданылу кезеңі - 15 тәулік.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Өндіруші

«DOSFARM» ЖШС, Қазақстан, 050034, Алматы қ., Чаплыгин к-сі, 3.

Тіркеу куәлігінің иесі

«DOSFARM» ЖШС, Қазақстан, 050034, Алматы қ., Чаплыгин к-сі, 3.

Задать вопрос по этому препарату