Мираксидин-DF сыртқа қолдануға арналған 0,05 % 50 мл, 100 мл спрей

Дәріханалардан босатылу шарттары:

РЕЦЕПТІСІЗ

 

dwldДәрілік затты медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулық

Құрамы:

1 мл препараттың құрамында

белсенді зат - 20% хлоргексидин диглюконаты ерітіндісі – 0,0025 мл,

қосымша заттар: тазартылған су 1 мл-ге дейін.

Дәрілік түрі

Сыртқа қолдануға арналған 0,05 % 50 мл, 100 мл спрей

Фармакотерапиялық тобы

Антисептиктер және зарарсыздандырғыш препараттар. Бигуанидтер және амидиндер. Хлоргексидин

АТХ коды D08AC02

Қолданылуы

  • оториноларингология және стоматологияда жара беткейлерін операциядан кейін өңдеу
  • стоматологияда (гингивит, стоматит, күлдіреуіктер, парадонтит, альвеолит), хирургияда, урологияда, акушерлікте және гинекологияда іріңдерді, күйік беттерін өңдеуге, терінің және шырышты қабықтардың бактериялық және зеңдік ауруларында
  • инфекция жұқтырған терінің сыдыруларын және сызаттарын өңдеу үшін
  • қоғамдық орындарға (бассейндер, сауналар) барғаннан кейін бактериялық, зеңдік аурулардың жекелей профилактикасы үшін.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • аллергиялық реакцияларға бейімділік
  • дерматит
  • хлоргексидиннің жекелей жақпаушылығы
  • 3 жасқа дейінгі балаларға

Қолдану тәсілі және дозалары

Мираксидин-DF® 0,05% спрейін терінің немесе шырышты қабықтардың зақымданған бетіне тәулігіне 2-3 рет суландыру, апликация түрінде (1-3 минут экспозициямен) сыртқы және жергілікті профилактикалық және емдік дәрі ретінде қолданады.

Ересектерге:

  • ЛОР және стоматология бөлімдерінде науқастарға операциядан кейін күтім жасағанда Мираксидин-DF® препаратын тәулігіне 2-3 рет суландыру түрінде тағайындайды
  • стоматитті, гингивитті, күлдіреуікті, парадонтитті, альвеолитті емдеген кезде ауыз қуысының қабынған шырышты қабығына суландыру жүргізу немесе препаратқа малынған тампонмен апликация жүргізу қажет
  • тері жабындарын, жараларды және ойық жараларды өңдеген кезде Мираксидин-DF® спрейін зақымданған аймаққа олардың дымқылдануы үшін жеткілікті мөлшерде шашады немесе оларды тампонмен дымқылдайды және жараға немесе ойық жараға басады
  • қоғамдық орындарға (бассейндер, сауналар) барғаннан кейін бактериялық, зеңдік аурулардың жекелей профилактикасы үшін Мираксидин-DF® спрейін қолдың және аяқтың таза және құрғақ бетіне олардың дымқылдану үшін жеткілікті мөлшерде шашады немесе оларды тампонмен дымқылдайды және сүртеді

3-тен 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге:

  • стоматитті, гингивитті, күлдіреуікті, парадонтитті, альвеолитті емдеген кезде ауыз қуысының қабынған шырышты қабығына препаратқа малынған тампонмен тек апликация жасау қажет
  • тері жабындарын, жараларды және ойық жараларды өңдегенде Мираксидин-DF® спрейін зақымданған аймаққа олардың дымқылдануы үшін жеткілікті мөлшерде шашады немесе оларды тампонмен дымқылдайды және жараға немесе ойық жараға басады
  • қоғамдық орындарға (бассейндер, сауналар) барғаннан кейін бактериялық, зеңдік аурулардың жекелей профилактикасы үшін Мираксидин-DF® спрейін қолдың және аяқтың таза және құрғақ бетіне олардың дымқылдану үшін жеткілікті мөлшерде шашады немесе оларды тампонмен дымқылдайды және сүртеді

Емдеу ұзақтығы ауру сипатымен, оның айқындылығымен жүзеге асырылады және оны дәрігер белгілейді.

Ауыз қуысының ауруларын емдеген кезде препаратты тамақ ішіп болғаннан кейін қолдану қажет.

Мираксидин-DF® препаратын коньюктиваны өңдеу үшін және дене қуыстарын жуып-шаю, тереңдегі жараларды және күйіктерді өңдеу үшін пайдаланбаған жөн.

Препараттың тыныс алу жолдарына түсіп кетуіне жол бермей, абайлап қолдану қажет!

Жағымсыз әсерлері

Жиі

  • қол терісінің 3-5 минут бойы жабысқақтығы

Сирек

  • терінің құрғауы және қышуы
  • дерматит
  • тістердің боялуы
  • тіс тасының жиналуы
  • дәм сезімінің бұзылуы (гингивиттерді емдеген кезде)

Өте сирек

  • аллергиялық реакциялар (тері бөртпесі)
  • фотосенсибилизация.

Артық дозалануы

Симптомдары: Препараттың артық дозалануы жөнінде деректер жоқ.

Емі: Мираксидин-DF® абайсызда ішке түссе, сіңбейді, мұндай жағдайда сүтті, шикі жұмыртқаны, желатинді немесе көп мөлшерлі суды қолдана отырып асқазанды шаю және адсорбент: (белсенділендірілген көмір) қабылдау керек. Қажет болған жағдайда белгілеріне қарай ем жүргізу керек.

Жүктілік және лактация кезеңі

Бала емізетін аналарға және жүкті әйелдерге, аллергиялық реакцияның даму қаупі бар болғандықтан, сақтықпен қолдану керек!

Айрықша нұсқаулар

Бас сүйек-ми жарақаты ашық, жұлыны зақымданған, барабан жарғағы тесілген емделушілерге препараттың миға, ми қабықшаларына және барабан қуысына түсіп кетуіне жол бермеген жөн.

Мираксидин-DF® басқа дәрілік препараттармен араластырмаған жөн.

Препаратты сыртқа қолданған кезде сабынның қалдығын мұқият шайып, таза құрғақ теріге жағу керек.

Мираксидин-DF® конъюнктиваны өңдеу үшін және дене қуыстарын шаю үшін, тереңдегі жаралар мен күйіктерді өңдеу үшін қолданбаған жөн.

Препарат тиген киімді, оларда қоңыр дақ пайда болуы мүмкіндігіне байланысты, гипохлориттердің және белсенді хлор бөліп шығаратын басқадай қосылыстардың әсерінен сақтау керек.

Көздің шырышты қабығына тиіп кеткен жағдайда оларды сумен тездетіп және мұқият шайған жөн.

Дәрілік заттың көлікті немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Препарат көлікті немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне ықпалын тигізбейді.

Шығарылу түрі және қаптамасы

10 мл, 50 мл, 100 мл-ден полиэтилен құты-тамызғыштарда немесе 200 мл-ден полимерден жасалған қалпақшамен бұралатын полиэтилен құтыларда және, сондай-ақ арнайы қондырмасы бар қосымша қақпақпен бұралатын полиэтиленді гофрланған (бүркіп-шаю) құтыда препарат 50 мл-ден. Әрбір құтыға заттаңба жапсырылады. Құтылар медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылған нұсқаулықтарымен бірге картон қорапшаларға салынған.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 25о С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Өндіруші

«DOSFARM» ЖШС, Қазақстан, 050034, Алматы қ-сы, Чаплыгин к-сі 3. тел.: (727) 253-03-88

Тіркеу куәлігінің иесі

«DOSFARM» ЖШС, Қазақстан, 050034, Алматы қ-сы, Чаплыгин к-сі 3.

Задать вопрос по этому препарату