Assign modules on offcanvas module position to make them visible in the sidebar.

Продукция

Повидон-Йод-DF cыртқа және жергілікті қолдануға арналған 30 мл, 50 мл, 100 мл спрей

Дәріханалардан босатылу шарттары:

РЕЦЕПТІСІЗ

 

dwldДәрілік затты медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулық

Құрамы:

100 мл препараттың құрамында:

белсенді зат – повидон-йод, 10.0 г (белсенді йодқа қайта шаққанда - 1.0г)

қосымша заттар – тазартылған су.

Дәрілік түрі

Сыртқа және жергілікті қолдануға арналған 30 мл, 50 мл, 100 мл спрей

Фармакотерапиялық тобы

Антисептиктер және дезинфекциялайтын препараттар. Йод препараттары. Повидон-Йод

АТХ коды D08AG02

Қолданылуы

  • хирургияда, травматологияда, комбустиологияда, стоматологияда жарақат инфекциясын емдеу және профилактикасы
  • тесілулерді, трофикалық ойылуларды, “диабеттік” табанды өңдеуде
  • ауыз қуысының қабынуы және инфекциялық ауруы кезінде
  • хирургиялық операциялар, инвазиялық зерттеулер (пункция, биопсия, инъекция және т.с.с) кезінде тері мен шырышты қабаттарды антисептикалық өңдеуде
  • дренаж, катетер, зонд айналасындағы теріні антисептикалық өңдеуде
  • хирургтың, медициналық қызметкердің қолын операцияға дейін және кейін өңдеу үшін, жұқпа жұқтырған науқастарды күтімі кезінде қолдарын өңдеу үшін

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • йодқа немесе препараттың басқа компоненттеріне жоғары сезімталдық
  • гипертиреоз
  • қалқанша бездің басқа да жедел аурулары
  • жүректің қалпына келмейтін жеткіліксіздігі
  • радиоактивті йодты бір мезгілде қолдану
  • Дюрингтің герпес тәрізді дерматиті
  • жүктілік және лактация кезеңі
  • 6 жасқа дейінгі балаларға

Препарат бүйрек жеткіліксіздігімен пациенттерде сақтықпен қолданылады.

Қолдану тәсілі және дозалары

Жұқпа жұқтырған тері беткейлері мен шырышты қабаттарды өңдеу үшін Повидон-йод-DF спрейін зақымданған жерлерге оларды сулау үшін жеткілікті мөлшерде бүркиді және 1–2 минутқа қалдырады, содан кейін мұқият шаяды.

Дренаж жүйесінде қолдану үшін 10% ерітіндіні 10-нан 100 есеге дейін суда сұйылтады. Ерітіндіні тікелей қолданудың алдында дайындайды, сұйылтылған ерітіндіні сақтауға болмайды.

Хирург пен медициналық қызметкерлердің қолын өңдеу үшін — спрейді алақанға оны сулау үшін жеткілікті мөлшерде бүркиді, 5 минут бойы шынтаққа дейін ысқылайды, содан кейін мұқият шайып тастайды, емшараны екі рет қайталайды.

Хирургияда, травматологияда, комбустиологияда, стоматологияда жарақат инфекцияларын емдеу және профилактикасында, терінің бактериялық және зеңдік зақымдануында жаралар мен күйіктерді өңдеуде зақымданған жерлерге спрейді бүркиді (1–2 с) және мұқият шайып тастайды.

Стоматитті, гингивитті, афтаны, парадонтитті, альвеолитті емдеуде ауыз қуысының қабынған шырышты қабатын сулайды немесе препаратпен суланған тампонмен аппликация жасайды. Емшараны тәулігіне бірнеше рет жүргізеді.

6-дан 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге:

  • стоматитті, гингивитті, афтаны, парадонтитті, альвеолитті емдегенде ауыз қуысының қабынған шырышты қабатына тек препаратпен суланған тампонды аппликациялау керек

Қолдану ұзақтығы аурудың сипаты, оның айқындығына байланысты және дәрігермен анықталады.

Ауыз қуысы ауруларын емдегенде препаратты тек ас қабылдаудан кейін ғана қолдану керек.

Препаратты сақтықпен тыныс жолдарына түсуін болдырмай қолдану керек!

Жағымсыз әсерлері

Жиі:

  • йодқа аллергиялық реакция (қышыну, гиперемия, есекжем)
  • сирек аппликация орнындағы қысқа мерзімдік күйдіру сезімі немесе ауыз қуысындағы құрғақтық сезімі
  • гипотиреоз (Повидон-йод-DF көп мөлшерін қолданғаннан кейін немесе ұзақ уақыт қолданғаннан кейін)
  •  операцияға дайындаған кезде пациенттің астында ерітіндінің артығы жиналуы себебінен терінің химиялық күюі, Повидон-йод-DF көп мөлшерде қолданғаннан кейін (мысалы, күйіктерді емдеуде)
  • электролиттік теңгерімнің бұзылуы
  • метаболизмдік ацидоз
  • жедел бүйрек жеткіліксіздігі
  • қанның осмолярлығының өзгеруі

Сирек:

  • жоғары сезімталдық
  • жанаспалы дерматит (эритема, терідегі шағын сулы бөртпелер, қышыну секілді симптомдармен)ы

Өте сирек:

  • анафилаксиялық реакция
  • гипертиреоз (кейде тахикардия және мазасыздық секілді симптомдармен қатар жүретін). Анамнезінде қалқанша без ауруларымен пациенттерде Повидон-йод-DF препаратын көп мөлшерде қолданғаннан кейін (мысалы, терінің ауқымды беткейінде жаралар мен күйіктерді өңдеу үшін повидон-йод ерітіндісін ұзақ уақыт қабылдағаннан кейін)
  • ангионевроздық ісіну
  • йодизм (ауызда металл тату, сілекей бөлінуінің артуы, көз немесе көмейдің ісінуі)

Артық дозалануы

Кездейсоқ ішке көп мөлшерін қабылдап қойған жағдайда. «йодизмнің» даму мүмкіндігін анықтау керек.

Препараттың көп мөлшерін қабылдап қойған жағдайда белсенділендірілген көмір қабылдау, асқазанды шаю, құсық шақыру керек.

Айрықша нұсқаулар

Пластмасса және синтетикалық материалдар әдетте Повидон-йод-DF сезімтал емес болғанда, Повидон-Йод-DF препаратының тотықтандыратын қасиеті металлдардың тот басуын туындатуы мүмкін. Жекелеген жағдайларда әдетте қалпына келетін түсінің өзгеруі байқалуы мүмкін.

Повидон-Йод-DF ерітіндісі текстил және басқа материалдардан сабынды сумен жеңіл кетеді. Қиын кететін дақтарды аммиак ерітіндісімен немесе натрий тиосульфатымен өңдеу керек.

Пациенттің астында ерітіндінің қалдығы қалмауы керек. Пайдаланудың алдында ерітіндіні қыздыруға болмайды.

Повидон-йод-DF препаратын терінің сол жерлерінде немесе көрші бөліктерінде құрамында октенидин бар антисептиктермен бір мезгілде немесе қолданғаннан кейін дереу пайдалану өңделген беткейлерде қоңыр дақтардың түзілуіне әкелуі мүмкін.

Жәндіктер, үй және жабайы жануарлар шаққан кезде пайдалануға болмайды.

Балалар

6-дан 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерде стоматитті, гингивитті, афтаны, парадонтитті, альвеолитті емдегенде ауыз қуысының қабынған шырышты қабатына тек препаратпен суланған тампонды аппликациялау керек.

Дәрілік заттың көлікті немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Әсер етпейді.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Бүркитін қондырғысы және қорғаныш қалпақшасымен пластик құтыларда 30 мл, 50 мл, 100 мл препараттан.

Бір құтыдан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картоннан жасалған картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Өндіруші

«DOSFARM» ЖШС, Қазақстан, 050034, Алматы қ-сы, Чаплыгин к-сі, 3.

Тіркеу куәлігінің иесі

«DOSFARM» ЖШС, Қазақстан

Ask about this room