Assign modules on offcanvas module position to make them visible in the sidebar.

Продукция

СВЕЖЕСТЬ сыртқа қолдануға арналған жаңа косметикалық антисептикалық құрал

Дәріханалардан босатылу шарттары:

РЕЦЕПТІСІЗ

Тер иісін кетіріп, сергітетін иіс береді.

Тердің жағымсыз иісін жойып, әрі сергітетін иісті кетіргіш құрал ретінде пайдаланылады.

Қолданғаннан кейін теріде жеңіл, жағымды жұпар иісті, теріні бактериялардың енуінен ұзақ уақыт қорғайтын сергіткіш заттың жұқа қабаты пайда болады. Құрамына кіретін ингредиенттері тері гигиенасы сақталуына әсер етеді. Спрей формасындағы қаптама құралды қолдануға ыңғайлы және тиімді. 

 

dwldДәрілік затты медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулық

Құрамы:

хлоргексидин биглюконаты, этил спирті, тазартылған су, хош иістендіргіш.

Қолдану тәсілдері

Мұқият жуылып, кептірілген өңделетін аймақты «Свежесть®» бүріккішімен 5-10 см қашықтықтан сәл ылғалданғанша бүркеді:

аяққа:

  • аяқтың алдыңғы бөлігіне және аяқ башпайларының арасына

денеге:

  • қолтық астына

Кептіру керек. Пайдаланар алдында бүріккіш заттың әсерін бейтараптандыратын сабынның қалдығын жуу қажет.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • бүріккіш заттың компоненттеріне жоғары сезімталдықта
  • дерматитте

Айрықша нұсқаулар

  • дерматит дамуын болдырмау үшін йод препараттарымен бірге қолданбау
  • шырышты қабыққа тие қалған жағдайда оларды сумен тез әрі мұқият жуу керек

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған, балалардың қолы жетпейтін жерде, +5˚С-ден +25˚С-ге дейінгі температурада.

Сақтау мерзімі

2 жыл

Өндіруші

«DOSFARM» ЖШС, Қазақстан, 050034, Алматы қ-сы, Чаплыгин к-сі, 3.

Тіркеу куәлігінің иесі

«DOSFARM» ЖШС, Қазақстан

Ask about this room