Assign modules on offcanvas module position to make them visible in the sidebar.

Продукция

СКОРАЯ ПОМОЩЬ сыртқа қолдануға арналған жаңа косметикалық антисептикалық зарарсыздандырғыш зат

Дәріханалардан босатылу шарттары:

РЕЦЕПТІСІЗ

Тері бетінің әртүрлі жарақаттарында, оның ішінде жара, кесіп алу, сызып кеткен, кішкене жарақаттар мен күйіктерге бастапқы көмек көрсету үшін пайдаланылады. Жараға жұқпа түсуінің алдын алады. Көптеген грамоң және грамтеріс бактериялар, вирустар және зеңдерге белсенді. Теріні тазалап, зарарсыздандырады. Микроорганизмдер көбейетін жағдайларда сенімді қорғанысты қамтамасыз етеді.. 

 

dwldДәрілік затты медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулық

Құрамы:

хлоргексидин биглюконаты, бор қышқылы, тазартылған су.

Қолдану тәсілдері

Терінің зақымданған бөлігіне 5-10 см қашықтықтан «Скорую помощь®» дәрілік затын бүркеді. Кептіру керек. Бүріккеннен кейін теріде бактериялардың енуінен ұзақ уақыт қорғайтын дәрілік заттың жұқа қабаты пайда болады. Дәрілік заттың белсенділігі қан мен ірің болған жағдайда да сақталады. Қажет болса жараны бактерицидті бұласырмен немесе бинтпен оқшаулайды. Зақымданудың күрделі түрінде дәрігерге қаралу қажет. Егер сабын қолдансаңыз, сабын дәрілік заттың әсерін бейтараптандыратындықтан оны «Скорой помощь®» қолданар алдында терінің бетінен мұқият жуу керек.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • дәрілік зат компоненттеріне жоғары сезімталдықта
  • дерматитте

Айрықша нұсқаулар

  • ашық бас-ми жарақатын алған, жұлыны зақымданған, дабыл жарғағы тесілгендерде дәріні ми, ми қабығы, дабыл қуысы беттеріне тигізбеу керек.
  • дерматит дамуын болдырмау үшін йод препараттарымен бірге қолданбау
  • көздің шырышты қабығына тие қалған жағдайда оны сумен тез әрі мұқият жуу керек

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған, балалардың қолы жетпейтін жерде, салыстырмалы ылғалдылығы 75 % артық емес және +5˚С-ден +25˚С-ге дейінгі температурада.

Сақтау мерзімі

3 жыл

Өндіруші

«DOSFARM» ЖШС, Қазақстан, 050034, Алматы қ-сы, Чаплыгин к-сі, 3.

Тіркеу куәлігінің иесі

«DOSFARM» ЖШС, Қазақстан

Ask about this room