Assign modules on offcanvas module position to make them visible in the sidebar.

Продукция

Этил спирті-DF сыртқа қолдануға арналған 70% және 90% ерітінді

Дәріханалардан босатылу шарттары:

РЕЦЕПТІСІЗ

dwldДәрілік затты медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулық

Құрамы:

1,0 мл препараттың құрамында 70% 90%
белсенді зат – 96% этанол 0.665 г  0.913 г
қосымша зат  - тазартылған су

Дәрілік түрі

Сыртқа қолдануға арналған 70% және 90% ерітінді

Фармакотерапиялық тобы

Антисептиктер және басқа да дезинфекциялайтын препараттар. Этанол.

АТХ коды D08AХ08

Қолданылуы

  • медициналық практикада этил спиртін негізінен сыртқа антисептикалық және тітіркендіргіш зат ретінде сүртуге, компресс жасауға қолданады
  • медициналық құрал-саймандарды, хирургтың қолы мен операция алаңын өңдеу үшін.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препаратқа аса жоғары сезімталдық

Қолдану тәсілі және дозалары

Сыртқа – теріге мақта тампондарының, сүрткілердің көмегімен жағады. Компресс жасайды.

Жағымсыз әсерлері

  • аллергиялық реакциялар
  • терінің, шырышты қабықтардың және тыныс алу жолдарының тітіркенуі және күюі
  • резорбтивті жалпы уытты әсер етуі мүмкін
  • ОЖЖ бәсеңдеуі

Артық дозалануы

Жергілікті қолданған кезде артық дозалану ықтималдығы аз.

Жүктілік және лактация кезеңі

Сақтықпен қолдану керек

Айрықша нұсқаулар

Компресс жасау үшін (күйдіруді болдырмау үшін) этанолды 1:1 (70 %, 90 %) арақатынаста суға араластыру керек.

Балаларға

Балаларға компресс жасау үшін 90 % ерітінді үшін 1:4 (спирт пен суды), 70 % ерітінді үшін - 1:3 (спирт пен суды) араластырып қолданылуы мүмкін.

Дәрілік препараттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқарғанда препараттың жағымсыз әсерлеріне ескере отырып сақтықпен қолдану керек.

Шығарылу түрі және қаптамасы

100 мл препараттан, бұралатын пластмасса қақпақтары немесе полиэтиленнен немесе полимер материалдардан жасалған тығыздалып бұралатын унификацияланған қақпақтары бар полиэтилен тығындармен тығындалған шыны құтыларда. Құтыларды мемлекеттік және орыс тілдеріндегі медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықпен бірге топтық ыдысқа салады.

Сақтау шарттары

Жақсы тығындалған ыдыста, салқын, жарықтан қорғалған, оттан алыс жерде, 25оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Өндіруші

«DOSFARM» ЖШС, Қазақстан, 050034, Алматы қ-сы, Чаплыгин к-сі, 3.

Тіркеу куәлігінің иесі

«DOSFARM» ЖШС, Қазақстан

Ask about this room