Assign modules on offcanvas module position to make them visible in the sidebar.

Продукция

ВАЗЕЛИН-DF медициналық

Дәріханалардан босатылу шарттары:

РЕЦЕПТІСІЗ

dwldДәрілік затты медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулық

Құрамы:

белсенді зат – 25 г вазелин;

Дәрілік түрі

Сыртқа қолдануға арналған 25 г жақпамай

Фармакотерапиялық тобы

Дерматопротекторлар. Парафин және майлы препараттар.

АТХ коды D02АС

Қолданылуы

  • теріге арналған жұмсартатын дәрі ретінде
  • жақпамай дайындауға арналған негіз

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • вазелинге жоғары сезімталдықта

Қолдану тәсілі және дозалары

Вазелин-DF сыртқа қолданылады. Қақпағында сықпаның жарғақшасын ашуға арналған үшкір бұдыры болады. Аздаған мөлшерін алып тері аймақтарына жағып, сылайды. Егер аппликациядан кейін қалып қойса, препараттың қалдығын мақтамен немесе дәке тампонмен сүртіп кетіреді және жылы сумен сабындап жуу керек.

Жағымсыз әсерлері

  • аллергиялық реакциялар (жаққан жердегі тітіркену сезімі)

Артық дозалануы

Анықталмаған

Жүктілік және лактация кезеңі

Препаратты жүктілік және лактация кезеңінде дәрігердің кеңесінен кейін ғана қолдануға болады.

Айрықша нұсқаулар

Педиатрияда

Препаратты балалар практикасында дәрігердің тағайындауы бойынша қолдануға болады.

Препараттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препарат көліктерді немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді

Шығарылу түрі және қаптамасы

25 г препараттан бұрандалы пластмасса қақпақпен тығындалған жарғақшасы бар алюминий сықпада. Сықпалар медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге сықпалар саны бойынша топтық қаптамаға немесе медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге бір сықпадан картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 25оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

5 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Өндіруші

«DOSFARM» ЖШС, Қазақстан, 050034, Алматы қ., Чаплыгин к-сі, 3, тел.: (727) 253-03-88

Тіркеу куәлігінің иесі

«DOSFARM» ЖШС, Қазақстан, 050034, Алматы қ., Чаплыгин к-сі, 3

Ask about this room