Assign modules on offcanvas module position to make them visible in the sidebar.

Продукция

СУТЕГІНІҢ АСҚЫН ТОТЫҒЫ- DF сыртқа қолдануға арналған 3% ерітінді, 30 мл, 40 мл, 50 мл, 100 мл

Дәріханалардан босатылу шарттары:

РЕЦЕПТІСІЗ

 

dwldДәрілік затты медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулық

Құрамы:

100 мл препараттың құрамында:

белсендi зат - сутегінің асқын тотығы (бастапқы субстанцияда сутегі асқын тотығының мөлшері 27%-дан 40%-ға дейін) - 7,5-тен 11,11 г дейін (бастапқы субстанцияда сутегі пероксидінің нақты мөлшеріне байланысты)

қосымша заттар: натрий бензоаты, тазартылған су

Дәрілік түрі

Сыртқа қолдануға арналған 3% ерітінді, 30 мл, 40 мл, 50 мл, 100 мл

Фармакотерапиялық тобы

Антисептиктер және дезинфекциялайтын басқа препараттар. Сутегінің асқын тотығы

АТХ коды D08AX01

Қолданылуы

Жууға және шаюға арналған дәрі:

  • стоматиттерде
  • баспаларда
  • гинекологиялық ауруларда
  • шағын беткейлік жараларда
  • беткейлік жаралардағы ұсақ капиллярлардан қан кеткенде
  • мұрыннан қан кеткенде қолданылады

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

Қолдану тәсілі және дозалары

Ересектер мен кез келген жастағы балаларға стоматитте, баспада, гинекологиялық ауруларда жуу және шаю үшін дезинфекциялайтын және иіссіздендіретін 0,2-0,3% ерітінді түріндегі дәрі ретінде (1 стақан суда 1-2 ас қасықтан), сондай-ақ тері жабындарын, жарақаттар мен ойық жараларды 1,5-3% ерітінді сіңдірілген тампонмен өңдеуге арналған. Емдеу ұзақтығы қол жеткізген әсерге байланысты.

Жағымсыз әсерлері

  • болуы мүмкін: жараны өңдеу кезінде шымылдатуды сезіну
  • жекелеген жағдайларда: аллергиялық реакциялар

Артық дозалануы

Анықталмаған

Жүктілік және лактация кезеңі

Препарат жүктілік және бала емізу кезінде қолдануға қарсы көрсетілімдер жоқ.

Айрықша нұсқаулар

Қуыстарды шаю үшін қолданылмайды.

Препарат жарық пен жылуда тұрақсыз.

Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препарат көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Полимерден жасалған бұралып жабылатын қақпағы бар полиэтиленді құтыда полиэтиленді тамшылатқыш-құтыларда 30 мл, 40 мл, 50 мл, 100 мл-ден.

Құтылар медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылған нұсқаулықпен бірге топтық ыдысқа салынады.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Өндіруші

«DOSFARM» ЖШС, Қазақстан, Алматы қ-сы, Чаплыгин к-сі, 3. тел: (727) 253-03-88

Тіркеу куәлігінің иесі

«DOSFARM» ЖШС, 050034, Қазақстан, Алматы қ-сы, Чаплыгин к-сі, 3.

Ask about this room