Assign modules on offcanvas module position to make them visible in the sidebar.

Продукция

Ниотит-DF құлақ тамшысы, 10 мл

Дәріханалардан босатылу шарттары:

РЕЦЕПТІСІЗ

 

dwldДәрілік затты медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулық

Құрамы:

10 мл препараттың құрамында:

белсенді зат – 0,1 г хлорамфеникол, 0,1 г лидокаин гидрохлориді,

қосымша заттар – 0,1 г бор қышқылы, 70 % этил спирті.

Дәрілік түрі

Құлақ тамшысы, 10 мл

Фармакотерапиялық тобы

Отологиялық ауруларды емдеуге арналған препараттар. Басқа да отологиялық ауруларды емдеуге арналған препараттар. Анальгетиктер және анестетиктер. Біріктірілген препараттар.

АТХ коды S02DA30

Қолданылуы

  • дабыл жарғағының перфорациясынсыз сыртқы отитте
  • іріңсіз ортаңғы отитте

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • дабыл жарғағының табиғаты жұқпалық немесе жарақаттық перфорациясы
  • препараттың кез келген компоненттеріне жеке жоғары сезімталдық
  • жүктілікте және лактация кезеңі
  • 3 жасқа дейінгі балалар
  • құлақтың вирустық және зеңдік жұқпалары
  • сыртқы есту жолының экземасы
  • сүйек кемігінде қан түзілуінің бәсеңдеуі
  • жедел интермиттирлейтін порфирия
  • глюкозо-6-фосфатдегидрогенеза тапшылығы

Қолдану тәсілі және дозалары

Ниотит-DF® қолданар алдында құтының қақпағын шыны тамызғышы және резеңкеден жасалған ұшы біріктірілген бұралып жабылатын пластик қақпақпен ауыстыру керек. Сондай-ақ сыртқы есту жолын тазарту керек.

Есту жолы қабырғасының жоғарғы арт жағы арқылы препаратты тамызады, бұл ретте науқастың басын қарама-қарсы жаққа еңкейтеді. Тамызғаннан кейін бірнеше рет мақтаны түйіршіктеп құлақ бүртігіне басып, оны және құлақты уқалайды. Препаратты құлақта 10-15 мин ұстап, содан кейін басты кері қарай еңкейтіп оны төгеді. Сыртқы есту жолын стерильді мақтадан жасалған тампонмен бүркейді және кептіреді.

Тамшылар жылы, дене температурасындай болу керек (өйткені лабиринт тітіркенуін тудырмау үшін). Бұл үшін препарат бар құтыны тамызар кезде бірнеше минутқа жылы суға (35-36 оС) қою немесе құтыны жұдырықта қысып ұстап тұру керек.

Сыртқы есту жолына тәулігіне 2-3 рет тамызады:

  • 3 жастан үлкен балаларға 2-3 тамшыдан
  • ересектер мен 14 жастан үлкен балаларға 3-4 тамшыдан

Емдеу курсы: балалар үшін - 2-5 күн; ересектер үшін - 5-7 күн.

Жағымсыз әсерлері

Сирек

  • терінің және шырышты қабығының тітіркенуі
  • бөрту, қышыну, тіндердің қызаруы және ісінуі түріндегі жергілікті аллергиялық реакциялар

Артық дозалануы

Жергілікті қолданған кезде артық дозалануы анықталмаған.

Симптомдары - Кездейсоқ ішке қабылдаған кездегі симптомдары: жүрек айнуы, құсу, диарея, бас ауыруы, тері бөртпесі, сананың шатасуы, дене температурасының төмендеуі.

Емі – белгілеріне қарай, организмге сұйықтықтың жеткілікті түсуін қамтамасыз ету.

Айрықша нұсқаулар

Емдеуді тағайындаудың алдында дәрігер дабыл жарғағаның бүтіндігін тексеру керек.

Алдын алу мақсатында препаратты тағайындауға болмайды.

Белгіленген емдеу курсынан және дозадан асыруға болмайды. Препараттың жиілігін немесе қолдану ұзақтығын арттырған кезде белсенді заттары жүйелі әсер етуі мүмкін. Лидокаин нейро- және кардиоуытты реакциялар – парестезия, бас айналуы, ұйқышылдық, қозушылық, фасцикуляция, діріл; тахикардия және гипертония туғызуы мүмкін. Елеулі уытты реакцияларда бұлшықеттердің тартылуы және құрысулар; қарыншалық экстрасистолиялар байқалуы мүмкін. Хлорамфеникол гемато- және нейроуытты реакциялар – ретикулоцитопения, тромбоцитопения, анемия, лейкопения; сананың шатасуы, бас ауыруы, шеткергі полинейропатиялар туғызуы мүмкін; ұзақ қолданған кезде көру жүйкесінің невриті дамуы мүмкін.

Емдеу барысында шеткергі қан көрінісін жүйелі түрде бақылау керек.

Бұрын цитостатикалық препараттармен немесе сәулемен ем алған емделушілерге сақтықпен тағайындау керек.

Педиатрияда қолдану

Балаларға тек дәрігердің тағайындауы бойынша ғана қолдану керек.

Дәрілік препараттың көлік құралдарын немесе әлеуетті қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Препарат 10 мл-ден бұралып жабылатын пластик қақпағы бар шыны құтыларда, шыны тамызғыш және резеңкеден жасалған ұшы біріктірілген, бұралып жабылатын пластик қақпағымен жиынтықта. Бір құтыдан шыны тамызғыш және резеңкеден жасалған ұшы біріктірілген, бұралып жабылатын пластик қақпағымен жиынтықта және медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылған нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 20оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Құты ашылғаннан кейінгі қолданылу кезеңі 28 тәулік.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«DOSFARM» ЖШС, Қазақстан, 050034, Алматы қ-сы, Чаплыгин к-сі, 3.

Тіркеу куәлігінің иесі

«DOSFARM» ЖШС, Қазақстан

Ask about this room