Assign modules on offcanvas module position to make them visible in the sidebar.

Продукция

Оксивин-DF мұрынға тамызатын дәрі, 0,01 % 10 мл

Дәріханалардан босатылу шарттары:

РЕЦЕПТІСІЗ

 

dwldДәрілік затты медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулық

Құрамы:

1 мл препараттың құрамында:

белсенді зат – оксиметазолин гидрохлориді - 0,1 мг,

қосымша заттар – бензалконий хлориді (10 % ерітінді түрінде), натрий хлориді, натрий дигидрофосфаты дигидраты, динатрий фосфаты додекагидраты, инъекцияға арналған су.

Дәрілік түрі

Мұрынға тамызатын дәрі, 0,01 % 10 мл

Фармакотерапиялық тобы

Мұрынға арналған препараттары. Жергілікті қолдануға арналған антиконгестанттар мен мұрынға арналған басқа препараттары. Симпатомиметиктер. Оксиметазолин.

АТХ коды R01AA05

Қолданылуы

  • жедел, аллергиялық, вазомоторлы ринитте
  • риносинуситте
  • евстахиитпен астасқан ринитте
  • диагностикалық емшаралардың алдында мұрын қуысы шырышты қабығының ісінуін басу үшін

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық
  • атрофиялық ринит
  • айқын атеросклероз
  • созылмалы жүрек жеткіліксіздігі
  • аритмиялар
  • артериялық гипертензия
  • созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі
  • қуық безінің гиперплазиясы
  • моноаминооксидаза тежегіштерін бір мезгілде қабылдау және оларды қолдануды аяқтағаннан кейін 14 күнге дейінгі кезең
  • қант диабеті
  • тиреотоксикоз, гипертиреоз
  • жабықбұрышты глаукома
  • көздің ауыр аурулары
  • феохромацитома
  • порфирия

Қолдану тәсілі және дозалары

Интраназальді.

Қалпақшасын бұрап алып, құтының корпусын сәл басады.

0,01 % мұрынға тамызатын тамшысы:

  • жаңа туған балаларға өмірінің алғашқы 4 аптасында – 1 тамшыдан әрбір мұрын жолына тәулігіне 2-3 рет
  • балаларға өмірінің 5-ші аптасынан бастап 1 жасқа дейін – 1-2 тамшыдан әрбір мұрын жолына тәулігіне 2-3 рет.

Мынадай емшара жүргізуге болады: жасына байланысты 0,01% ерітіндінің 1-2 тамшысын мақтаға тамызып, мұрын жолдарын сүртеді.

Емдеу курсы 5-7 күннен аспайды.

Тамызған кезде тамшылатқыш құтының ұшы басқа заттарға немесе беткейлерге тиіп тұрмауын қадағалау қажет. Тамызғаннан кейін тамшылатқыш құтыны қалпақшасымен тығыз жауып қою керек!

Жағымсыз әсерлері

жиі:

  • мұрын жолдары шырышының ашуы және құрғауы
  • ауыздың және тамақтың кебуі
  • түшкіру

жиі емес:

  • бас айналуы, бас ауыруы
  • ұйқысыздық
  • шаршағыштық (қажығыштық)
  • жүрек айнуы
  • шырыш қабығының домбығуы және ісінуі (мұрынның бітелуін сезіну)
  • реактивті гиперемия
  • шырыш қабығының атрофиясы
  • аллергиялық реакциялар (Квинке ісінуі, есекжем, қышыну)

өте сирек:

  • пульстің жиілеуі
  • артериялық гипертензия
  • тахикардия
  • тахифилаксия

Артық дозалануы

Симптомдары - ұсынылған дозадан арттырған немесе байқаусызда ішке қабылдаған жағдайда мынадай симптомдар байқалуы мүмкін: көз қарашығының тарылуы, жүрек айнуы, құсу, цианоз, температураның көтерілуі, тахикардия, аритмия, коллапс, жүрек қызметінің бәсеңдеуі, артериялық гипертензия, өкпенің ісінуі, тыныс алудың бұзылуы. Одан басқа да психиканың бұзылуы байқалуы мүмкін, сондай-ақ ұйқышылдықпен, дене температурасының төмендеуімен, брадикардиямен, артериялық гипотензиямен, тыныс алудың тоқтауы және команың даму мүмкіндігімен қатар жүретін орталық жүйке жүйесі функциясы бәсеңдеуі мүмкін.

Емі – шұғыл түрде белсендірілген көмір (абсорбент), натрий сульфатын (іш жүргізетін дәрі) тағайындау немесе асқазанды шаю. Артериялық қысымды төмендетуі үшін селективті емес альфа-адреноблокаторлар (5 мг фентоламинді тұзды (физиологиялық) ерітіндіде к/і баяу немесе 100 мг пероральді) тағайындайды. Вазопрессорлы дәрілерді қолдануға болмайды.

Қажет болған кезде ыстықты түсіретін, құрысуға қарсы емді және өкпені жасанды желдетуді жүргізеді.

Айрықша нұсқаулар

Оксивин-DF® ұзақ қолдану мен артық дозалауды болдырмаған жөн.

Тамыр тарылтатын препараттарды ұзақ немесе жиі қолдану препарат тиімділігінің азаюына әкеледі, сондай-ақ оларды дұрыс пайдаланбау мұрын шырышты қабығының атрофиясы мен ісінуін туындатуы мүмкін. Оксивин-DF® созылмалы ринитті емдеуге тағайындалған кезде, мұрын шырышы атрофиясы қаупін болдырмас үшін тек дәрігердің бақылауымен ғана қолдануға болады. Жоғары дозада жиі қолданғанда имидазолин туындылары мұрын жолының реактивті іркілуіне (бітелуіне) әкелуі мүмкін.

Сондықтан өз еркімен ұсынылған дозадан асырмаған және препаратты 5-7 күннен артық қолданбаған жөн.

Жүректің ишемиялық ауруы (ЖИА) кезінде абайлап қолдану керек..

Шығарылу түрі және қаптамасы

Алғаш ашылуы бақыланатын қалпақшалармен тығындалған пластик тамшылатқыш-құтыларда немесе қақпақшалармен тығындалған пластик тамшылатқыш-құтыларда 10 мл-ден. Әр құтыға заттаңба жапсырылады. Бір құтыдан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Құты ашылғаннан кейінгі препараттың қолданылу кезеңі – 15 тәулік.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«DOSFARM» ЖШС, Қазақстан, 050034, Алматы қ-сы, Чаплыгин к-сі, 3.

Тіркеу куәлігінің иесі

«DOSFARM» ЖШС, Қазақстан

Ask about this room