МЕДИЦИНАЛЫҚ БҰЙЫМНЫҢ ТАҒАЙЫНДАЛУЫ
ОПТИГИЛ-DF, көзге тамызатын дәрі:
- жайсыздықпен, құрғақтықпен, күйдіріп-ашытумен, бөгде дененің сезімімен сипатталатын «құрғақ көздің» симптоматикасын жояды
- кондиционермен, ұзақ жұмыс істейтін теледидардың немесе компьютер мониторының жыпылықтауы, шаң, түтін, ультракүлгін сәулелер, құрғақ жылу, жел және т. б. туындаған көздің тітіркенуін жояды.
- жарықтан қорқуды жояды
- жанаспалы линзаларды, қабынуға қарсы әсері бар офтальмологиялық препараттарды, жүйелі әсер ететін дәрілік заттарды (антидепрессанттарды, артериялық қысымды төмендететін препараттарды, біріктірілген оральді контрацептивтерді) пайдалану кезінде «құрғақ көз» синдромының симптомдарының алдын алу және/немесе жою үшін пайдаланылады
- дисгормональды (жүктілік, лактация, менопауза және т. б.) және метаболизмдік (ревматоидты артрит, қант диабеті, қалқанша безінің аурулары және т. б.) бұзылулар кезінде «құрғақ көз» синдромының симптомдарының алдын алу және/немесе жою үшін пайдаланылады
- егде жастағы адамдарда «құрғақ көз» синдромы симптомдарының алдын алу және/немесе жою үшін пайдаланылады
- хирургиялық операциялардан кейін пайдаланылады (дәрігермен кеңескеннен кейін)
ОПТИГИЛ-DF, 0.21% көзге тамызатын дәрі жеңіл дәрежелі «құрғақ көз» синдромының симптомдарын жоюға арналған.
ОПТИГИЛ-DF, 0.4% көзге тамызатын дәрі орташа және ауыр дәрежелі «құрғақ көз» синдромының симптомдарын жоюға арналған.