АЛЕРГОЗОЛ-DF

Мұрын спрейі 0,06%, 0,03%, 10 мл

Босатылады: РЕЦЕПТІСІЗ 

ҚОЛДАНУ КӨРСЕТКІШТЕРІ:

  • жедел ринит;
  • аллергиялық риносинусит;
  • аллергиялық вазомоторлық ринит
  • операциядан кейін жоғарғы тыныс алу жолдарының шырышты қабықтарының гиперемиясы және ісінуі;
  • риноскопияны жүргізуді жеңілдету.

dwldПрепаратты қолдану жөніндегі нұсқаулықты жүктеп алу

Құрамы

Препараттың 10 мл құрамында 0,03% 0,06%
белсенді заттар:    
- нафазолин нитраты 3,0 мг 6,0 мг
- дифенгидрамин гидрохлориді 5,0 мг 10,0 мг
қосымша заттар: бор қышқылы, инъекцияға арналған су

Дәрілік нысаны

Мұрын спрейі, 0,03% и 0,06%, 10 мл.

Фармакотерапиялық тобы

Респираторлық жүйесі. Мұрын препараттары. Жергілікті қолдануға арналған деконгестанттар және басқа препараттар. Симпатомиметиктер, кортикостероидтарды қоспағанда комбинациялар. Нафазолин.

Код АТХ R01АВ02

Көрсетілім

  • жедел ринит;
  • аллергиялық риносинусит;
  • аллергиялық вазомоторлық ринит
  • операциядан кейін жоғарғы тыныс алу жолдарының шырышты қабықтарының гиперемиясы және ісінуі;
  • риноскопияны жүргізуді жеңілдету.

Қарсы көрсетілімдер

  • препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық;
  • жабық бұрышты глаукома;
  • көздің ауыр аурулары;
  • артериялық гипертония, тахикардия, айқын атеросклероз;
  • гипертиреоидизм;
  • қант диабеті;
  • созылмалы ринит;
  • қуықасты безінің гипертрофиясы;
  • моноаминоксидаза тежегіштерін бір мезгілде қабылдау және оларды қолдану аяқталғаннан кейін 14 күнге дейінгі кезең
  • 2 жасқа дейінгі балалар (Алергозол-DF 0,03% үшін);
  • 15 жасқа дейінгі балалар (Алергозол-DF 0,06% үшін).

    Қолдану кезінде қажетті сақтық шаралары:

    Препарат резорбтивті әсер етеді, осыған байланысты оны қысқа мерзімде қолдану керек – 1 аптадан артық емес, содан кейін бірнеше күнге үзіліс жасау керек.

    Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі:

    Трициклді антидепрессанттармен бірге қолданғанда нафазолиннің тамыр тарылтатын әсері күшеюі мүмкін. Нафазолинді моноаминоксидаза тежегіштерімен бір мезгілде қолдану және оны тоқтатқаннан кейін 14 күн ішінде гипертониялық кризге әкелуі мүмкін.

    Препарат жергілікті анестетиктердің сіңуін баяулатады (үстірт анестезия кезінде олардың әсерін ұзартады).

Қолдану тәсілі мен дозалары

Интраназальды.

ересектер мен 15 жастан асқан жасөспірімдерге 0,06% спрей:

  • әрбір мұрын жолына спрейді 1 бүркуден күніне 3 рет.

балалар үшін 0,03% спрей:

  • 2 жас пен 6 жас арасында – әрбір мұрын жолына спрейді 1 бүркуден күніне 1-2 рет;
  • 6 жас пен 15 жас арасында – әрбір мұрын жолына спрейді 1 бүркуден күніне 3 рет.

Емдеу курсы 1 аптадан аспау керек.

Жағымсыз реакциялар

Сирек:

  • 1 аптадан артық қолданғанда – шырышты қабықтың ісінуі, атрофиялық ринит.

Өте сирек:

  • жүрек айнуы, бас ауруы;
  • артериялық қысымның жоғарылауы, тахикардия;
  • мұрын шырышты қабығының тітіркенуі;
  • мұрын шырышты қабығының реактивті гиперемиясы - ауыздың құрғауы.

Артық дозалау

Симптомдары: дене температурасының төмендеуі, брадикардия, артериялық гипертензия, ауыздың құрғауы, тыныс алудың қиындауы, қозу, сананың шатасуы

Емі: препаратты тоқтату, симптоматикалық ем жүргізу.

Жүктілік немесе емшекпен емізу кезеңінде қолдану

Препаратты жүктілік кезінде және емшекпен емізу кезеңінде қолдану ана үшін болжамды пайда бала мен ұрық үшін ықтимал қауіптен асып кеткен жағдайда ғана мүмкін болады.

Балалар

2 жастан бастап балаларға қолдануға рұқсат етілген.

Айрықша нұсқаулар

Препарат резорбтивті әсер етеді, осыған байланысты оны қысқа мерзімде қолдану керек – 1 аптадан артық емес, содан кейін бірнеше күнге үзіліс жасау керек.

Шығарылу түрі мен қаптамасы

Бүріккіш қақпағы және қорғаныш қақпағы бар полипропилен құтысына 10 мл препараттан құйылған. Бір құтыдан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 25 ˚С –тан аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Өндіруші

«DOSFARM» ЖШС, Қазақстан, 050034, Алматы қ., Чаплыгин к-сі, 3, тел. (727) 253-03-88.

Тіркеу куәлігінің иесі

«DOSFARM» ЖШС, Қазақстан, 050034, Алматы қ., Чаплыгин к-сі, 3.

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттардың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері:

«DOSFARM» ЖШС, Қазақстан, 050034, Алматы қ., Чаплыгин к-сі, 3.

тел./факс: (727) 253-07-07, 253-03-88, эл. пошта: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Осы препаратқа сұрақ қою