АЛЕРГОЗОЛ-DF мұрын спрейі 0,03% және 0,06% 10 мл

Дәріханалардан босатылу шарттары:

РЕЦЕПТІСІЗ

Фарм.тобы: Препараттар

dwldДәрілік затты медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулық

Құрамы:

10,0 мл препараттың құрамында 0,03% 0,06%
белсенді заттар:    
- нафазолин нитраты 3,0 мг 6,0 мг
- дифенгидрамин гидрохлориді 5,0 мг 10,0 мг
қосымша заттар: бор қышқылы, тазартылған су

Дәрілік түрі

мұрын спрейі 0,03% және 0,06% 10 мл

Фармакотерапевтичеcкая группа

Респираторлық жүйенің ауруларына емдеуге арналған препараттар. Мұрынға арналған препараттар. Антиконгестанттар және мұрынға арналған жергілікті қолданылатын басқа препараттар. Басқа препараттармен біріктірілген симпатомиметиктер.

Басқа препараттармен біріктірілген нафазолин.

АТХ коды R01АВ02

Қолданылуы

  • жедел ринитте
  • аллергиялық риносинуситте
  • аллергиялық вазомоторлық ринитте
  • операциядан кейінгі үстіңгі тыныс жолдарының шырышты қабықтарының гиперемиясы мен ісінуінде
  • риноскопия жүргізуді жеңілдету үшін

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық
  • жабықбұрышты глаукома
  • көздің ауыр аурулары
  • артериялық гипертония, тахикардия, айқын атеросклероз
  • гипертиреоидизм
  • қант диабеті
  • созылмалы ринит
  • қуықасты безінің гипертрофиясы
  • моноаминооксидаза тежегіштерін бір мезгілде қабылдау және оларды қолдану аяқталғаннан кейінгі 14 күнге дейінгі кезең
  • 2 жасқа дейінгі балаларға (Алергозол-DF 0,03 % үшін)
  • 15 жасқа дейінгі балаларға (Алергозол-DF 0,06 % үшін)

Қолдану тәсілі және дозалары

Интраназальді.

Ересектер мен 15 жастан асқан жасөспірімдерге 0,06 % спрей:

  • әр мұрын жолына спрейді күніне 3 рет 1 бүркуден

Балаларға арналған 0,03 % спрей:

  • 2 жастан 6 жасқа дейін – әр мұрын жолына спрейді күніне 1-2 рет 1 бүркуден;
  • 6 жастан 15 жасқа дейін – әр мұрын жолына спрейді күніне 3 рет 1 бүркуден.

Емдеу курсы 1 аптадан аспайды.

Жағымсыз әсерлері

  • жүрек айнуы, бас ауыруы
  • артериялық қысымның жоғарылуы, тахикардия
  • мұрынның шырышты қабығының тітіркенуі
  • мұрынның шырышты қабығының реактивті гиперемиясы
  • ауыздың құрғауы
  • 1 аптадан артық қолданған кезде – шырышты қабықтың тітіркенуі, атрофиялық ринит

Артық дозалануы

Симптомдары: дене температурасының төмендеуі, брадикардия, артериялық гипертензия, ауыздың құрғауы, тыныстың тарылуы, қозу, сананың шатасуы.

Емі: препаратты тоқтату, симптоматикалық ем жүргізу..

Жүктілік және лактация кезеңі

Препаратты жүктілік кезінде және лактация кезеңінде тек, анасы үшін күтілетін пайдасы бала мен ұрық үшін ықтимал қауіптен асып түсетін жағдайда ғана қолдануға болады.

Айрықша нұсқаулар

Препарат резорбция әсерін береді, соған байланысты оны қысқа мерзімде – 1 аптадан асырмай қолдану, содан кейін бірнеше күн үзіліс жасау керек.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препараттың жағымсыз әсерін ескере отырып, көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару кезінде сақтық таныту қажет

Шығарылу түрі және қаптамасы

Бүріккіш қақпағы және қорғағыш қалпақшасы бар полипропилен құтыларда 10 мл препараттан. Әр құтыға заттаңба жабыстырылады. Бір құты медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Өндіруші/Қаптаушы

«DOSFARM» ЖШС, Қазақстан, 050034, Алматы қ., Чаплыгин к-сі, 3, тел.: (727) 253-03-88

Тіркеу куәлігінің иесі

«DOSFARM» ЖШС, Қазақстан, 050034, Алматы қ., Чаплыгин к-сі, 3

Осы препаратқа сұрақ қою