НАФАЗОЛИН-DF мұрын тамызатын дәрі 0,05 %, 0,1% 10 мл

Дәріханалардан босатылу шарттары:

РЕЦЕПТІСІЗ

Фарм.тобы: Препараттар

 

dwldДәрілік затты медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулық

Құрамы:

10 мл препараттың құрамында:

белсенді зат – нафазолин нитраты – 5 мг немесе 10 мг.

қосымша заттар – бор қышқылы, тазартылған су

Дәрілік түрі

Мұрынға тамызатын дәрі 0,05 %, 0,1% 10 мл

Фармакотерапиялық тобы

Мұрынға арналған препараттар. Антиконгестанттар және мұрынға арналған жергілікті қолданылатын басқа препараттар. Симпатомиметиктер. Нафазолин.

АТХ коды R01AA08

Қолданылуы

  • жедел ринитте
  • маусымдық тұмауда
  • операциядан кейінгі жоғары тыныс алу жолдарының шырышты қабатының гиперемиясы және ісінуінде
  • риноскопияда

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық
  • 2 жасқа дейінгі балалар
  • артериялық гипертония, тахикардия, айқын атеросклероз
  • көздің ауыр аурулары
  • гипертиреоидизм
  • қант диабеті
  • созылмалы ринит
  • моноаминоксидаза тежегіштерін бір мезгілде қабылдағанда және оларды қолдану аяқталғаннан кейін 14 күндік мерзім ішінде

Қолдану тәсілі және дозалары

Ересектер мен 15 жастан асқан балаларға 0,1% мұрынға тамызатын дәріні әрбір мұрын қуысына 1-3 тамшыдан күніне 3 рет қолданады.

Беткейлік анестезия кезінде қосымша дәрі ретінде - жергілікті анестетиктің 1 мл-не 2-4 тамшыдан. Емдеу курсы 5-7 күн. Емдеу курсын қайталауды дәрігер тағайындайды.

0,05% мұрынға тамызатын дәрінің қолданылуы:

  • 2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға - әрбір мұрын қуысына 1-2 тамшыдан күніне 3 рет
  • 6 жастан 15 жасқа дейінгі балаларға - әрбір мұрын қуысына 2 тамшыдан күніне 3 рет.

Емдеу курсы 5-7 күн. Емдеу курсын қайталауды дәрігер тағайындайды.

Жағымсыз әсерлері

  • шырышты қабықтың тітіркенуі
  • қан қысымының жоғарылауы, тахикардия
  • жүрек айнуы, бас ауыруы
  • шырышты қабықтың реактивті гиперемиясы
  • 1 аптадан асыра қолданған кезде - шырышты қабықтың ісінуі, атрофиялық ринит

Артық дозалануы

Симптомдары - дене температурасының төмендеуі, брадикардия, артериялық гипертензия.Байқамай артық дозалаған жағдайда препарат қолдануды тоқтату және дереу дәрігерге қаралу крек.

Емі – симптоматикалық.

Жүктілік немесе лактация кезеңінде қолдану

Препаратты жүктілік пен лактация кезінде ана үшін емдік тиімділігі шаранаға немесе балаға төнетін қауіптен жоғары болған жағдайда ғана қатаң көрсетілімдері бойынша қолдануға болады.

Айрықша нұсқаулар

Нафазолин-DF қан қысымы тұрақсыздығы бар адамдарға қолданған кезде сақ болу керек.

Дәрілік заттың көлік құралдарын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері.

Препараттың жағымсыз әсерлерін ескере отырып, автокөлікті немесе қауіпті механизмдерді басқарғанда міндетті түрде сақ болу керек.

Шығарылу түрі және қаптамасы

10 мл препараттан алғаш ашылуы бақыланатын қақпақпен тығындалған, пластик тамшылатқыш-құтыларда немесе қалпақшамен тығындалған пластик тамшылатқыш-құтыларда. Құтылар медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге топтық қаптамаға салынады.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 18°С-ден 25°С-ге дейінгі температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Өндіруші

«DOSFARM» ЖШС, Қазақстан, 050034, Алматы қ-сы, Чаплыгин к-сі, 3.

Тіркеу куәлігінің иесі

«DOSFARM» ЖШС, Қазақстан

Осы препаратқа сұрақ қою