ҚОЛДАНЫЛУЫ:
- жұқпаланған (іріңді) жарада, кесілгенде, тері күйгенде
- жатыр мойнының эрозиясында, трихомонадты кольпитте (кешенді ем құрамында)
- ауыз қуысы, қызыл иек шырышты қабығының қабынуы – стоматитте, гингивитте, жұтқыншақтың бадамша без қабынуында - баспада, фарингитте
- өт шығару жолдары дискинезиясында, холангитте, холециститте (кешенді ем құрамында)
Препаратты қолдану жөніндегі нұсқаулықты жүктеп алу
Саудалық атауы
Қырмызыгүл-DF
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі, дозалануы
Тұндырма
Фармакотерапиялық тобы
Дерматология. Антисептиктер және дезинфекциялайтын заттар. Басқа антисептиктер және дезинфекциялайтын препараттар.
АТХ коды D08AX
Қолдану басталуына дейін қажетті мәліметтер тізбесі
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- 18 жасқа дейінгі балалар (ішке қабылдағанда)
- жүктілік және лактация кезеңі
- жедел гастрит, өршу кезеңіндегі ойық жара ауруы
- калькулезді холецистит
Қолдану кезіндегі қажетті сақтандыру шаралары
Бауыр аурулары, алкоголизм, ми аурулары кезінде сақтықпен тағайындаған жөн.
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Басқа да қабынуға қарсы және өт айдағыш дәрілердің (көбінесе, түймедақ пен мыңжапырақ негізіндегі препараттардың) әсерін күшейтеді.
Арнайы сақтандырулар
Препарат құрамында этил спирті бар, сондықтан тұндырманы ішке ұзақ уақыт бойы пайдалану ұсынылмайды.
Педиатрияда қолдану
Қолдануға болмайды..
Жүктілік және лактация кезеңі
Жүктілік немесе бала емізу кезінде қолдануға болмайды.
Дәрілік заттың көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Әсер етпейді.
Қолдану жөніндегі нұсқаулар
Дозалану режимі
Сыртқа. Күніне 3-4 рет шаю және сулау, 2-3 рет бүрку үшін 1 шай қасығын бір стақан суға араластырады.
Өт айдағыш дәрі ретінде бір қабылдауға 10-20 тамшыдан тамақтану арасында күніне 2-3 рет.
Артық дозалану жағдайында қабылдау қажет болатын шаралар
Жанама әсерлердің күшеюі мүмкін.
Емі: дәрілік затты тоқтату, қажет болған жағдайда симптоматикалық ем жүргізеді
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкерге консультация алу үшін жүгіну бойынша ұсынымдар
Жағымсыз әсерлер пайда болған жағдайда: препаратты қабылдауды тоқтатып Сіздің емдеуші дәрігермен кеңескен жөн.
ДП стандартты қолдану кезінде көрініс беретін жағымсыз реакциялар сипаттамасы және осы жағдайда қабылдау керек шаралар
Белгісіз (бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес)
- препаратқа жеке жоғары сезімталдық
- аллергиялық реакциялар (оның ішінде терінің қышынуы)
Ішке қабылдағанда: ауыздың ащы дәм татуы, қыжыл, іштегі ауыру
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек:
«Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
Қосымша мәліметтер
Дәрілік препарат құрамы
1 л препараттың құрамында
белсенді зат: 100 г - қырмызыгүл гүлдері
қосымша зат: 665.0 мл-ге дейін 96 % этил спирті (50 мл - 33.25 мл-ге дейін, 90 мл - 59.85 мл-ге дейін), тазартылған су - 1 л-ге дейін
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Мөлдір сарғыш-қоңыр сұйықтық.
Шығарылу түрі және қаптамасы
50 мл және 90 мл шыны бөтелкелерде полиэтилен тығындармен және пластикалық бұрандалы қақпақтармен тығыздалған.
Құтылар медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге құтылар санына сәйкес топтық ыдысқа салынады.
Сақтау мерзімі
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде, 25 оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз