ҚОЛДАНЫЛУЫ:
- Жүйке жүйесінің функционалдық бұзылыстарын кешенді емдеуде (неврастения және ұйқының бұзылуы);
- Жүрек қызметінің функционалдық бұзылыстарын кешенді емдеуде.
Көрсетілген тағайындаулар бойынша қолдану ұзақ қолдану тәжірибесіне ғана негізделеді
Препаратты қолдану жөніндегі нұсқаулықты жүктеп алу
Саудалық атауы
Сасықшөп-DF
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі, дозалануы
Тұндырма
Фармакотерапиялық тобы
Жүйке жүйесі. Психолептиктер. Ұйықтататын және тыныштандыратын дәрілер. Ұйықтататын және тыныштандыратын басқа да препараттар.
АТХ коды N 05 CM
Қолдану басталуына дейін қажетті мәліметтер тізбесі
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- кез келген қосымша затқа немесе әсер етуші затқа аса жоғары сезімталдық;
- асқазан және он екі елі ішектің ойық жара ауруы;
- эрозивті гастрит (асқыну фазасы);
- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер;
- жүктілік және емізу кезеңі.
Қолдану кезіндегі қажетті сақтық шаралары
Дәрілік затты қабылдау алдында дәрігердің кеңесі қажет. Егер дәрілік затты қабылдау кезінде симптомдар сақталса немесе жай-күйі нашарласа, дәрігерге жүгіну қажет.
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Ұйықтататын және ауыруды басатын дәрілердің әсерiн күшейтедi.
Арнайы ескертулер
Жағымсыз әсерлер пайда болған кезде препаратты қабылдауды тоқтату керек.
Бауыр аурулары бар науқастарға, жүкті және бала емізетін әйелдерге, балаларға, эпилепсияға, алкоголизмнен зардап шегетін науқастарға препарат қарсы көрсетіледі.
Жүктілік немесе лактация кезінде
Дәрілік препараттың құрамында этил спирті бар, жүктілік және лактация кезеңінде қолдануға болмайды. Сасықшөп шөбі жатырдың тонусын жоғарылатуға және етеккір цикліне әсер етуге қабілетті.
Препаратты көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Емдеу кезінде автокөлік басқарғанда және жоғары зейін шоғырландыру мен психомоторлық реакциялардың жылдамдығын қажет ететін қауіптілігі зор қызмет түрлерімен шұғылданғанда сақтық таныту қажет.
Қолдану жөніндегі нұсқаулар
Дозалану режимі
Тамақтанар алдында ішке. Ересектерге күніне 3 рет ¼ стакан суда сұйылтылған 20-30 тамшы тұнбаны қабылдау ұсынылады.
Енгізу тәсілі және жолы
Ішуге арналған.
Емдеу ұзақтығы
Емдеу курсы 30 күн.
Артық дозаланғанда қолданатын шаралар
Байқалған жоқ.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкерге кеңес алу үшін жүгіну бойынша ұсынымдар
Дәрігердің кеңесінсіз ұзақ уақыт бойы препаратты қолдануға болмайды.
ДП стандартты қолдану кезінде көрініс беретін жағымсыз реакциялар сипаттамасы және осы жағдайда қабылдау керек шаралар
- тері бөртпесі, қышыну;
- диспепсия.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаса медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласыңыз
«Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК.
Қосымша мәліметтер
Дәрілік препараттың құрамы
1 л препараттың құрамында
белсенді зат – сасықшөп шөбі 200.0 г
қосымша зат –96 % этанол 665.0 мл (50 мл көлемінде - 33.25 мл 96 % этанол), тазартылған су 1л-ге дейін
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Жасыл-қоңыр түсті мөлдір сұйықтық, сәл хош иісті.
Шығарылу түрі және қаптамасы
50 мл полиэтилен тығындармен және пластикалық бұрандалы қақпақтармен жабылған шыны бөтелкелерде.
Флакондар медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықпен бірге қазақ және орыс тілдеріндегі флакондар санына сәйкес топтық ыдысқа салынады.
Сақтау мерзімі
Сақтау мерзімі
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз