ҚОЛДАНЫЛУЫ:
Жүрек қызметінің функционалдық бұзылыстарын, кардиалгияны, климактериялық синдромды, астено-незроздық жағдайды кешенді емдеуде.
Препаратты қолдану жөніндегі нұсқаулықты жүктеп алу
Саудалық атауы
Долана-DF
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі, дозалануы
Тұндырма
Фармакотерапиялық тобы
Жүрек-қантамыр жүйесі. Кардиологиялық препараттар. Басқа кардиологиялық препараттар.
АТХ коды С01ЕВ
Қолдану басталуына дейін қажетті мәліметтер тізбесі
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- әсер етуші затқа немесе препараттың қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер
- артериялық гипотензия
- жүрек ырғағының бұзылуы
- жүктілік және бала емізу кезеңі
- алкоголизмнен, эпилепсиядан зардап шегетін адамдар үшін
- бауыр аурулары бар науқастарға
Қолдану кезіндегі қажетті сақтандыру шаралары
Құрамында этанол болғандықтан тұндырманы ұзақ уақыт бойы қабылдау ұсынылмайды.
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Препарат жүрек гликозидтерінің әсерін күшейтеді. Теріс кешендердің пайда болу мүмкіндігіне байланысты алкалоид тұздарымен бірге қабылдау ұсынылмайды. Препаратты қолданған кезде орталық жүйке жүйесіне бәсеңдететін әсердің күшеюіне байланысты алкоголь тұтыну ұсынылмайды.
Арнайы ескертулер
Препаратты тамақтану кезінде, оның компоненттерімен өзара әрекеттесуді болдырмау үшін қабылдау ұсынылмайды.
Созылмалы алкоголизмнен зардап шегетін адамдарға препаратты қолдану ұсынылмайды.
Жүктілік немесе лактация кезінде
Қолдануға болмайды.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препарат құрамында этил спиртінің болуына байланысты автокөлікті және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етеді.
Қолдану жөніндегі нұсқаулар
Дозалау режимі
Ересектерге тұрақты емдік әсерге (артериялық қысымның қалыпқа келуі, жүрек қағуының азаюы) қол жеткізгенге дейін күніне 3 рет тұндырманың 20 тамшысын қабылдау ұсынылады.
Енгізу әдісі мен жолы
Долана тұндырмасын тамақтанар алдында ішке қабылдайды.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіну үшін медицина қызметкерінен кеңес алуға бару жөнінде нұсқаулар
Препаратты дәрігердің кеңесінсіз ұзақ уақыт бойы қолдану ұсынылмайды.
ДП стандартты қолдану кезінде көрініс беретін жағымсыз реакциялар сипаттамасы және осы жағдайда қабылдау керек шаралар
- ұйқышылдық
- жүрек ырғағының айтарлықтай баяулауы
- аллергиялық реакциялар (терідегі қызару және бөртпе, қышыну)
- гипотензия, бас айналу
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаны қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей жүгіну қажет
«Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
Қосымша мәліметтер
Дәрілік препараттың құрамы
1 л препараттың құрамында
белсенді зат: 100.0 г долана жемістері
қосымша зат: 96% этанол - 665.0 мл дейін, тазартылған су - 1 л дейін.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Сарыдан кызыл-қоңыр түске дейінгі мөлдір сұйықтық.
Шығарылу түрі және қаптамасы
50 мл және 90 мл-ден полиэтилен тығындармен және бұрандалы пластмасса қақпақтармен тығындалған шыны құтыларда. Әрбір құтыға заттаңба немесе жазу қағазынан жасалған немесе өздігінен жабысатын заттаңба жапсырылады.
Құтылар медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықтармен бірге құтылар саны бойынша топтық ыдысқа салынады.
Сақтау мерзімі
Сақтау мерзімі
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде, 25о С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз