Assign modules on offcanvas module position to make them visible in the sidebar.

СУТЕГІНІҢ АСҚЫН ТОТЫҒЫ-DF

сыртқа қолдануға арналған 3% спрей

Босатылады: РЕЦЕПТІСІЗ

ҚОЛДАНЫЛУЫ:

  • шағын беткейлік жарақаттарда, ойық жараларда 
  • беткейлік жарақаттардан ұсақ капиллярлық қан кету
  • мұрыннан қан кеткенде

dwldПрепаратты қолдану жөніндегі нұсқаулықты жүктеп алу

Саудалық атауы

Сутегінің асқын тотығы-DF

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Сыртқа қолдануға арналған спрей, 3%

Фармакотерапиялық тобы

Дерматология. Антисептиктер және дезинфекциялайтын препараттар. Басқа антисептиктер және  дезинфекциялайтын препараттар. Сутегі асқын тотығы.

АТХ коды D08AX01

Қолдануды бастағанға дейін қажетті мәліметтер тізбесі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

Қолдану кезінде қажетті сақтандыру шаралары

Қуыстарды шаю үшін қолданылмайды.

Препарат жарық пен жылы жерде тұрақсыз. Ерітіндіні көзге тигізуінен аулақ болыңыз.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі 

Препарат сілтілі ортада кейбір оксиданттардың металл тұздары, күрделі радикалдары болған жағдайда тұрақсыз.

Арнайы сақтандырулар

Педиатрияда қолданалуы

Дезинфекциялық және дезодорант ретінде қолданылады.

Жүктілік немесе лактация кезінде

Жүктілік және емшекпен емізу кезінде препаратты қолдануға болады.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препарат көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.

Қолдану жөніндегі нұсқаулар

Дозалау режимі

Препаратты жарақаттар толық жазылғанға және тыртықтанғанға дейін қолданады.

Енгізу әдісі және жолы

Тері жабындарын, жарақаттар мен ойық жараларды өңдеу үшін, оны толық ылғалдандыру үшін жеткілікті мөлшерде зақымданған бөлікке бүркеді немесе оны тампонмен дымқылдандырады.

Артық дозаланғанда қабылдау қажет шаралар

Артық дозалану жағдайлары анықталған жоқ

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкеріне консультацияға жүгіну бойынша ұсынымдар

Препаратты қолдану туралы қосымша ақпарат алу үшін дәрігермен кеңесіңіз.

ДП стандартты қолданған кезде байқалатын жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және осы жағдайда қабылдауға тиісті шаралар

Жиі

- жараны өңдеу кезінде шымылдатуды сезіну

Сирек

- аллергиялық реакциялар

Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек:

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК

http://www.ndda.kz

Қосымша мәліметтер

Дәрілік препарат құрамы

100 мл препараттың құрамында:

белсенді зат - сутегінің асқын тотығы (бастапқы субстанцияда сутегі асқын тотығының мөлшері 27%-дан  40%-ға дейін) - 7,5-тен 11,11 г дейін   (бастапқы субстанцияда сутегі пероксидінің нақты мөлшеріне байланысты);

қосымша заттар – натрий бензоаты, тазартылған су.

Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы

Түссіз, мөлдір, иіссіз немесе өзіне тән әлсіз иісі бар, әлсіз қышқыл реакциясы бар сұйықтық.

Шығарылу түрі және қаптамасы

30, 50 және 100-ден бүріккіш қондырғысы мен қорғаныш қалпақшасы бар полиэтилен құтыда. Құтыларды медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықтармен бірге құтылардың саны бойынша топтық ыдысқа салады - хром-эрзац картоннан жасалған қорапқа немесе жылу ұстағыш полиэтилен үлбірден топтық қаптамаға. Немесе 1 құтыдан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықтармен бірге хром-эрзац картоннан жасалған қорапшаға салады. Құтыларға және топтық ыдысқа заттаңба немесе жазу қағазынан өздігінен жабысатын заттаңбалар жапсырылады.

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші туралы мәлімет

«DOSFARM» ЖШС,

Қазақстан, 050034, Алматы қ., Чаплыгин к-сі, 3

тел. / факс: +7 (727) 253-03-88, +7 (727) 253-07-07,

электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Тіркеу куәлігінің ұстаушысы

«DOSFARM» ЖШС,

Қазақстан, 050034, Алматы қ., Чаплыгин к-сі, 3

тел. / факс: +7 (727) 253-03-88, +7 (727) 253-07-07,

электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және  дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)

«DOSFARM» ЖШС,

Қазақстан, 050034, Алматы қ., Чаплыгин к-сі, 3

тел. / факс: +7 (727) 253-03-88, +7 (727) 253-07-07,

электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Ask a question about this product: