Assign modules on offcanvas module position to make them visible in the sidebar.

МИРАКСИДИН-DF

Сыртқа қолдануға арналған 0,05% ерітінді, 10 мл, 50 мл, 100 мл

Босатылады: РЕЦЕПТІСІЗ 

ҚОЛДАНЫЛУЫ:

  • оториноларингология және стоматологияда жара беткейлерін операциядан кейін өңдеу
  • стоматологияда (гингивит, стоматит, күлдіреуіктер, пародонтит, альвеолит), хирургияда, урологияда, акушерлікте және гинекологияда іріңдерді, күйік беттерін өңдеуге, терінің және шырышты қабықтардың бактериялық және зеңдік ауруларында
  • инфекция жұқтырған терінің сыдыруларын және сызаттарын өңдеу үшін
  • қоғамдық орындарға (бассейндер, сауналар) барғаннан кейін бактериялық, зеңдік аурулардың жекелей профилактикасы үшін

dwldПрепаратты қолдану жөніндегі нұсқаулықты жүктеп алу

Саудалық атауы

Мираксидин – DF®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Хлоргексидин

Дәрілік түрі

Сыртқа қолдануға арналған 0,05% ерітінді, 10 мл, 50 мл, 100 мл

Фармакотерапиялық тобы

Дерматология. Антисептиктер және дезинфекциялайтын препараттар. Бигуанидтер және амидиндер. Хлоргексидин

АТХ коды D08AC02.

Қолдануды бастағанға дейін қажетті мәліметтер тізбесі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- аллергиялық реакцияларға бейімділік

- дерматиттер

- хлоргексидиннің жекелей жақпаушылығы

- 3 жасқа дейінгі балалар .

Қолданған кездегі қажетті сақтандыру шаралары

Препаратты тыныс алу жолына түсіріп алмай, абайлап қолдану керек!

Препараттың миға, ми қабықтарына және дабыл қуысына түсіп кету қаупіне байланысты, препаратты ашық бассүйек-ми жарақаты, жұлынның зақымдары бар, дабыл жарғақшасы тесілген пациенттерге қолданбау керек.

Мираксидин - DF® препаратын басқа дәрілік препараттармен араластырмаған жөн.

Препаратты сыртқа қолданған кезде таза құрғақ теріге сабын қалдығын мұқият жуып тастағаннан кейін жағу ұсынылады.

Мираксидин - DF® препаратын конъюктиваны өңдеу үшін және дене қуыстарын жуып-шаю, тереңдегі жараларды және күйіктерді өңдеу үшін пайдаланбаған жөн.

Препарат тиіп кеткен киімнің, онда қоңыр дақтардың пайда болуы мүмкін болғандықтан, гипохлориттердің және белсенді хлор бөліп шығаратын басқа қосылыстардың әсеріне ұшырауына жол бермеу керек.

Көздің шырышты қабығына тиіп кеткен жағдайда көзді сумен жылдам және мұқият шайған жөн.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Сабынмен, сілтілермен және басқа да анионды қосылыстармен (коллоидтар, гуммиарабик, карбоксиметилцеллюлоза) фармацевтикалық үйлеспейді.

Құрамында катион тобы бар препараттармен үйлесімді (бензалконий хлориді, цетримоний бромиді). Бактериялардың хлорамфениколға, канамицинге, неомицинге, цефалоспориндерге сезімталдығын арттырады. Этанол препараттың тиімділігін күшейтеді.

Жоғарыда аталған немесе басқа да дәрілік препараттарды (оның ішінде рецептісіз) қолдансаңыз, Мираксидин – DF препаратын қолданар алдында дәрігерден кеңес алған жөн.

Арнайы ескертулер

Педиатрияда қолдану

Инвазивті емшараларды бастамас бұрын, хлоргексидинге малынған барлық материалдарды алып тастау керек: бинттер, жаймалар, сүрткілер, халаттар және т.б. Ерітіндінің шамадан тыс мөлшерін пайдаланбаңыз. Пациенттің тері қатпарларында, денесінің астында, баланың терісімен тікелей байланыста болатын материалдарда ерітіндінің жиналуына жол бермеңіз. Егер бұрын хлоргексидинге ұшыраған теріге ауа өткізбейтін таңғыш (окклюзиялық таңғыш) салу қажет болса, оны қолданар алдында теріде хлоргексидиннің артық ерітіндісі жоқтығына көз жеткізіңіз.

3-тен 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге Мираксидин - DF® спрейін тек тері жабындарын, жараларды және ойық жараларды өңдеген кезде ғана суландыру түрінде қолдану керек. Ауыз қуысының ауруларын тампондардың жәрдемімен қолдану керек.

Жүктілік немесе лактация кезінде

Бала емізетін әйелдерге және жүкті әйелдерге, аллергиялық реакциялардың қаупі бар болғандықтан, сақтықпен қолдану керек!

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препарат көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне ықпалын тигізбейді.

Қолдану жөніндегі нұсқаулар

Дозалау режимі

0,05% Мираксидин-DF® ерітіндісін ересектерге және 3 жастан асқан балаларға сыртқа және жергілікті бүрку, шаю және жапсыру түрінде профилактикалық және емдік дәрілер ретінде қолданылады (терінің немесе шырышты қабықтың зақымданған жеріне 5-10 мл жағады):

- ЛОР және стоматология бөлімдерінде науқастардың операциядан кейінгі күтімінде Мираксидин-DF® препаратын тәулігіне 2-3 рет шаю түрінде қолдануға тағайындайды

- уретриттердің және уретропростатиттердің кешенді емінде МираксидинDF® уретраға күніне 1-2 рет 2-3 мл-ден бүркеді, емдеу курсы – 10 күн, емшараны күнара тағайындайды.

- жыныстық жолмен берілетін аурулардың алдын алу үшін МираксидинDF® жыныстық қатынастан кейін 2 сағаттан кешіктірмей қолдану қажет. Препаратты қолданар алдында қуықты босатып алу қажет және гениталий аумағын сабынсыз жылы сумен өңдеу керек. Құтының ішіндегі затты қондырманың жәрдемімен еркектің (2-3 мл), әйелдердің (1-2 мл) несеп шығару өзекшесіне және қынапқа (5-10 мл) 2-3 минутқа енгізу керек. Санның, қасағаның, жыныс мүшелерінің ішкі бетінің терісін де өңдеу қажет. Емшарадан кейін 2 сағат бойы дәрет сындырмау керек.

Әйелдерде қынаптық бүркіп-шаюға арналған 50 мл Мираксидин-DF® жиынтықтағы арнайы қондырмасы бар гофрланған құтыда шығарылады. Қолданар алдында ішінде дайын ерітіндісі бар құтының қақпағын арнайы қондырмаға алмастырып салып, қынапқа енгізеді және құтының түбін басу арқылы 5-10 мл ерітіндіні 2-3 минут бойы бүркеді.

3-тен 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге:

- стоматит, гингивит, афта, парадонтит, альвеолитті емдеген кезде ауыз қуысының қабынған шырышты қабығына препаратқа малынған тампонмен тек апликация жасау қажет

- тері жабындарын, жараларды және ойық жараларды өңдегенде Мираксидин - DF® спрейін зақымданған аумаққа олардың дымқылдануы үшін жеткілікті мөлшерде шашады немесе онымен тампонды дымқылдайды және жараға немесе ойық жараға басады

- қоғамдық орындарға (бассейндер, сауналар) барғаннан кейін бактериялық, зеңдік аурулардың жекелей профилактикасы үшін Мираксидин - DF® спрейін қолдың және аяқтың таза және құрғақ бетіне олардың дымқылдануы үшін жеткілікті мөлшерде шашады немесе тампонды дымқылдап, сүртеді

Емдеу ұзақтығы ауру сипатымен, оның айқындылығымен байланысты және оны дәрігер белгілейді.

Ауыз қуысының ауруларын емдеген кезде препаратты тамақ ішіп болғаннан кейін қолдану қажет.

Мираксидин - DF® препаратын конъюктиваны өңдеу үшін және дене қуыстарын жуып-шаю, тереңдегі жараларды және күйіктерді өңдеу үшін пайдаланбаған жөн.

Артық дозалану жағдайында қабылдау қажет болатын шаралар

Симптомдары: препаратпен артық дозалану туралы деректер жоқ.

Емі: кездейсоқ ішке түскен кезде 20% Хлоргексидин диглюконаты сіңірілмейді, мұндай жағдайда симптоматикалық ем жүргізу қажет.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіну үшін медицина қызметкерінен кеңес алуға бару жөнінде нұсқаулар

Препаратты қолдану тәсіліне қатысты күмән пайда болған жағдайда дәрігермен кеңесіңіз.

Егер емдеуден кейін жақсару болмаса немесе симптомдар өршісе немесе жаңа симптомдар пайда болса, дәрігермен кеңесу қажет.

Препаратты тек нұсқаулықта көрсетілген көрсетілімдерге сәйкес қолданыңыз..

ДП стандартты қолданған кезде байқалатын жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және осы жағдайда қабылдауға тиісті шаралар

Жиі

- 3-5 мин бойы қол терісінің жабысқақ болу

Сирек

- терінің құрғауы және қышуы

- дерматит

- тістердің боялуы

- тіс тастарының жиналып қалуы

- дәмнің бұзылуы (гингивиттерді емдеген кезде)

Өте сирек:

- аллергиялық реакциялар (тері бөртпесі)

- фотосенсибилизация.

Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаны қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей жүгіну қажет

Қазақстан Республикасы Денсаулық Сақтау Министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК

http://www.ndda.kz

Қосымша мәліметтер

Дәрілік препараттың құрамы

1 мл препараттың құрамында:

белсенді зат - хлоргексидин диглюконаты 20% ерітіндісі - 0,0025 мл;

қосымша зат - тазартылған су.

Сыртқы түрінің иісінің, дәмінің сипаттамасы

Түссіз мөлдір немесе иіссіз сәл бозаңданатын сұйықтық.

Шығарылу түрі және қаптамасы

10 мл препараттан дөңгелек, 50 мл, 100 мл препараттан дөңгелек немесе жалпақ полиэтилен тамшылатқыш құтыларда, сондай-ақ 50 мл-ден қосымша арнайы қондырмасымен бұрандалы қақпағы бар гофрланған полиэтилен (бүріккіш) құтыда. Әр құтыға заттаңба жапсырылады. Құтылар медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 25 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші туралы мәлімет

«DOSFARM» ЖШС,

Қазақстан Республикасы, 050034, Алматы қ., Жетісу ауданы, Чаплыгин к-сі, 3 үй

тел./факс: + 7 (727) 253 03 88

е-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Тіркеу куәлігінің ұстаушысы

«DOSFARM» ЖШС,

Қазақстан Республикасы, 050034, Алматы қ., Жетісу ауданы, Чаплыгин к-сі, 3 үй

тел./факс: + 7 (727) 253 03 88

е-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Тұтынушылардан өнімнің сапасы бойынша шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттың қауіпсіздігін тіркеуден кейінгі бақылауға жауапты Қазақстан Республикасының аумағындағы ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электрондық пошта)

«DOSFARM» ЖШС,

Қазақстан Республикасы, 050034, Алматы қ., Жетісу ауданы, Чаплыгин к-сі, 3 үй

тел./факс: + 7 (727) 253 03 88

е-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Ask a question about this product: