Қолданылу саласы
Оториноларингология
Тағайындалуы
Балалар мен ересектерге арналған мұрын қуысын шаюға және суландыруға арналған «Аквасол беби-DF» юнидозалары 0 жастан асқан балаларда қолданылуы мүмкін:
- күнделікті гигиена және баланың мұрын қуысын ылғалдандыру үшін өмірдің алғашқы күндерінен бастап;
- ЖРВИ және тұмау эпидемиясы кезеңінде күнделікті пайдалану үшін;
- қолайсыз қоршаған орта жағдайларында күнделікті пайдалану үшін, атап айтқанда қатал климат жағдайларында өмір сүру, ауа кондиционерленген және/немесе орталық жылытуы бар орын-жайларда болу, ластанған ауаның (шаң, бояу және т. б.) әсері үшін;
- баланың мұрын қуысының жедел және созылмалы қабыну ауруларының (инфекциялық, аллергиялық, атрофиялық) профилактикасы және кешенді емдеу ретінде күнделікті пайдалану үшін:
- жедел және созылмалы ринит;
- жедел және созылмалы синуситтер;
- жедел және созылмалы аденоидиттер;
- аллергиялық және атрофиялық риниттер;
- мұрынның шырышты қабығын дәрілік препараттарды қолдануға дайындау үшін.