Assign modules on offcanvas module position to make them visible in the sidebar.

МЕНОВАЗИН

Сыртқа қолдануға арналған ерітінді, 50 мл және 100 мл-ден

Босатылады: РЕЦЕПТІСІЗ

 

Қолданылуы:

  • невралгия, миалгия, артралгия
  • қышитын дерматоздар.

dwldПрепаратты қолдану жөніндегі нұсқаулықты жүктеп алу

Фармакотерапиялық тобы

Дерматология. Антигистаминдерді, жергілікті жансыздандыратындарды және басқаларын қоса, қышуға қарсы препараттар.

Жергілікті жансыздандыратын препараттар.

АТХ коды D04AB

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • белсенді затқа немесе қосымша компоненттерінің кез келгеніне жоғары жеке сезімталдық
  • 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер
  • жүктілік және бала емізу кезеңі

Қолданған кездегі қажетті сақтандыру шаралары

- жергілікті аллергиялық реакциялар: жанаспалы дерматит, күйдіру, шаншу, қышыну, тері бөртпесі, есекжем, ісіну болуы мүмкін.

- ұзақ қолдану кезінде: бас айналуы, жалпы әлсіздік, артериялық қысымның төмендеуі мүмкін.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Анықталмаған

Арнайы ескертулер

Аллергиялық реакциялар дамыған кезде препаратты қолдануды тоқтату керек. Шырышты қабықтарға және көзге түспеңіз. Көзге кездейсоқ тиген жағдайда оларды молынан шайыңыз. Қолданғаннан кейін қолды жақсылап шайыңыз.

Педиатрияда қолдану

Балалар

Жүктілік немесе лактация кезінде

Препаратты жүктілік кезеңінде қолданудың тиімділігі мен қауіпсіздігі анықталмаған, сондықтан қолдану ұсынылмайды.

Препараттың көлік құралдарын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді.

Қолдану жөніндегі нұсқаулар

Дозалау режимі

Күніне 2-3 рет терінің ауырған жерлерін сылайды.

Дәрігердің тағайындауымен қолдану керек. Емдеу курсы 7-10 күн.

Енгізу әдісі мен жолы

Сыртқа.

Артық дозалану жағдайында қабылдануы қажет шаралар

Анықталмаған. 

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкеріне консультацияға жүгіну бойынша ұсынымдар

Препаратты дәрігердің кеңесінсіз ұзақ уақыт қолдануға болмайды. 

ДП стандартты қолдану кезінде көрініс табатын жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және осы жағдайда қабылдануы керек шаралар

Жиілігі белгісіз

- жергілікті аллергиялық реакциялар: жанаспалы дерматит, күйдіру, шаншу, қышыну, тері бөртпесі, есекжем, ісіну болуы мүмкін.

- ұзақ қолдану кезінде: бас айналуы, жалпы әлсіздік, артериялық қысымның төмендеуі мүмкін.

Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаса медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласыңыз

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК http://www.ndda.kz

Қосымша мәліметтер

Дәрілік препарат құрамы

1 мл препараттың құрамында:

белсенді заттар: прокаин гидрохлориді – 10.0мг, бензокаин – 10.0мг;

қосымша зат: левоментол, этил спирті 70%.

Дәрілік түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы

Ментол иісі бар түссіз мөлдір сұйықтық.

Шығарылу түрі және қаптамасы

50 мл немесе 100 мл-ден полиэтилен тығындармен және бұрандалы пластмасса қақпақтармен тығындалған шыны құтыларда. Әрбір құтыға қағаздан заттаңба немесе жазудан, немесе өздігінен жабысатын заттаңба жапсырылады. Құтыларды медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықтармен бірге құтылардың саны бойынша топтық ыдысқа салады. Құтыларға және топтық ыдыстарға заттаңба немесе жазу қағазынан өздігінен жабысатын заттаңбалар жапсырылады.

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 25С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші туралы мәлімет

«DOSFARM» ЖШС, Қазақстан, 050034 Алматы қ.,Чаплыгин к-сі, 3.

тел./факс: +7 (727) 2530388,

электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Тіркеу куәлігінің ұстаушысы

«Житофарм» ЖШС, Қазақстан, 050035, Алматы қ-сы, 10 ы-ауданы, 23 үй,35пәт

тел./факс: (727) 3870606,

эл.пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттар сапасына қатысты шағымдар (ұсыныстар) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта):

«DOSFARM» ЖШС, Қазақстан, 050034 Алматы қ.,Чаплыгин к-сі, 3.

тел./факс: +7 (727) 2530388,

электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Ask a question about this product: