ҚОЛДАНЫЛУЫ:
- мөлдір қабықтың жарақатында және дистрофиясында
- катарактада (қарттық, диабеттік, жарақаттық және сәулелік)
Препаратты қолдану жөніндегі нұсқаулықты жүктеп алу
Саудалық атауы
Таурин–DF
Халықаралық патенттелмеген атауы
Таурин
Дәрілік түрі
Көзге тамызатын дәрі 4 % 5 мл, 10 мл
Фармакотерапиялық тобы
Сезім мүшелері. Офтальмологиялық препараттар. Басқа офтальмологиялық препараттар.
АТХ коды S01XA
Қолдануды бастағанға дейін қажетті мәліметтер тізбесі
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық
- 18 жасқа дейінгі балаларға және жасөспірімдерге
- жүктілік және лактация кезеңі
Қолдану кезінде қажетті сақтық шаралары
Дәрілік заттың құрамында метилпарагидроксибензоат бар, ол аллергиялық реакциялар (баяу типті бронх түйілуін) туындатуы мүмкін.
Жүктілік және лактация кезеңі
Жүктілік және лактация кезеңінде Таурин-DF препаратын қолдануға клиникалық зерттеулер жүргізілмеген, сондықтан препарат жүкті және бала емізетін аналарға тағайындалмайды.
Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Көзге арналған басқа дәрілік препараттармен бір мезгілде қолдануға болмайды. Басқа офтальмологиялық препараттармен бір мезгілде қолдану қажет болса олардың қолданылу аралығы 15 минуттан кем болмауы керек.
Тимололдың көзге тамызатын дәрілерін бір мезгілде қолданғанда көзішілік қысымның үдемелі төмендеуі, сондай-ақ артериялық қысымның үдемелі төмендеуі байқалады.
Қолдану жөніндегі нұсқаулар
Дозалау режимі
Препаратты ересектерге тағайындайды.
Катаракта кезінде Таурин-DF инстилляция түрінде зақымданған көздің конъюнктивальді қалтасына күн сайын 2-3 тамшыдан тәулігіне 2-4 рет 3 ай бойы тағайындайды. Курсты бір айлық аралықпен қайталау керек.
Мөлдір қабықтың жарақаттарында және дистрофиялық аурулары кезінде жоғарыда көрсетілген дозада 1 ай бойы қолданылады.
Тамызу кезінде тамшылатқыш-құты ұшының басқа заттармен немесе беткейлермен жанаспауын қадағалау керек. Тамызғаннан кейін тамшылатқыш-құтыны қалпақшасымен тығыздап жабу керек.
ДП стандартты қолданған кезде байқалатын жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және осы жағдайда қабылдауға тиісті шаралар
Сирек:
- Препаратты қолданғанда препарат компоненттеріне жеке аса жоғары сезімталдықтан туындаған аллергиялық конъюнктивит түрінде аллергиялық реакциялар туындауы мүмкін.
Көру мүшелері тарапынан бұзылулар:
- көздің қышынуы
- конъюнктива гиперемиясы
- көздің тітіркенуі (көздегі шаншу және ашыту).
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаса медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласыңыз
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
Қосымша мәліметтер
Дәрілік препараттың құрамы
1 мл препараттың құрамында
белсенді зат – таурин 0,04 г,
қосымша заттар: метилпарагидроксибензоат, инъекцияға арналған су.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Мөлдір, түссіз сұйықтық.
Шығарылу түрі және қаптамасы
5 мл немесе 10 мл препараттан алғаш ашылуы бақыланатын қалпақшалармен тығындалған пластик тамшылатқыш-құтыларда немесе қақпақшалармен тығындалған пластик тамшылатқыш-құтыларда. Құты медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.
Сақтау мерзімі
3 жыл
Құтыны ашқаннан кейінгі қолданылу кезеңі - 28 тәулік.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде, 25ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші туралы мәлімет
Тіркеу куәлігінің ұстаушысы
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттар сапасы туралы шағымдар (ұсыныстар) қабылдайтын ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері)
«DOSFARM» ЖШС,
Қазақстан, 050034, Алматы қ., Чаплыгин к-сі, 3
тел.: + 7 (727) 364 84 31
е-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
Қазақстан Республикасы аумағында дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері)
«DOSFARM» ЖШС,
Қазақстан, 050034, Алматы қ., Чаплыгин к-сі, 3 ү.
тел.: + 7 (727) 364 84 27
е-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.