ҚОЛДАНЫЛУЫ:
- теріге арналған жұмсартатын дәрі ретінде
- жақпамай дайындауға арналған негіз
Препаратты қолдану жөніндегі нұсқаулықты жүктеп алу
Саудалық атауы
Вазелин - DF медициналық
Халықаралық патенттелмеген атауы
жоқ
Дәрілік түрі
Сыртқа қолдануға арналған 25 г жақпамай
Фармакотерапиялық тобы
Дерматология. Дерматопротекторлар. Жұмсартатын және протекторлық әсері бар препараттар. Құрамында жұмсақ парафин мен майлар бар препараттар.
АТХ коды D02АС
Қолдануды бастағанға дейін қажетті мәліметтер тізбесі
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- вазелинге жоғары сезімталдық
Қолдану кезіндегі қажетті сақтық шаралары
Препарат ішке қабылдауға арналмаған.
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Анықталмаған.
Арнайы ескертулер
Педиатрияда қолдану
Препаратты балалар практикасында дәрігердің тағайындауы бойынша қолдануға болады.
Жүктілік немесе лактация кезінде
Препаратты жүктілік және лактация кезеңінде дәрігердің кеңесінен кейін ғана қолдануға болады.
Көлік құралын басқару және қауіптілігі зор механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне әсері
Препарат көлік құралын басқаруға немесе қауіптілігі зор механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне әсер етпейді.
Қолдану жөніндегі нұсқаулар
Дозалау режимі
Оңтайлы дозалау режимін дәрігер анықтайды.
Енгізу әдісі және жолы
Алдын ала тазартылған теріге жағады. Аздаған мөлшерде тері аймақтарына жағады және сылайды. Қажет болса, аппликациядан кейін, препарат қалдықтарын мақта немесе дәке тампонымен сүртіп алады немесе жылы сумен сабындап жуады.
Артық дозаланған жағдайда қолданылуы қажет шаралар
Анықталмаған.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкер кеңесіне жүгіну жөніндегі кеңестер
Препаратты қолдану тәсіліне қатысты күмән туындаса, емдеуші дәрігермен кеңесіңіз.
Егер емдеуден кейін жақсару болмаса немесе симптомдар күшейе түссе немесе жаңа симптомдар пайда болса, дәрігермен кеңесу керек.
Препаратты нұсқаулықта көрсетілген көрсеткіштерге сәйкес ғана қолданыңыз.
ДП стандартты қолдану кезінде көрініс беретін жағымсыз реакциялар сипаттамасы және осы жағдайда қабылдау керек шаралар
Өте сирек
- аллергиялық реакция (жаққан жерде тітіркену сезімі) .
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаны қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей жүгіну қажет
Қазақстан Республикасы Денсаулық Сақтау Министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
Қосымша мәліметтер
Дәрілік препараттың құрамы
25 г препарат құрамында
белсенді зат - 25 г вазелин.
Сыртқы түрінің иісінің, дәмінің сипаттамасы
Біртекті, жіптей созылатын, иіссіз, ақтан сары түске дейінгі жақпамай тәрізді масса.
Шығарылу түрі және қаптамасы
Бұрандалы пластмасса қақпақпен тығындалған, жарғақшасы бар алюминий сықпаларда 25 г препараттан.
Сықпалар медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге сықпалар саны бойынша топтық қаптамаға немесе медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге бір сықпадан картон қорапшаға салынады.
Сақтау мерзімі
5 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде, 25оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз