Assign modules on offcanvas module position to make them visible in the sidebar.

ЭТИЛ СПИРТІ-DF

сыртқа қолдануға арналған ерітінді

70%, 90%, 30 мл, 50 мл, 90 мл

Босатылады: РЕЦЕПТІСІЗ 

ҚОЛДАНЫЛУЫ:

  • медициналық практикада этил спиртін негізінен сыртқа антисептикалық және тітіркендіргіш зат ретінде сүртуге, компресс жасауға қолданады
  • медициналық құрал-саймандарды, хирургтың қолы мен операция алаңын өңдеу үшін

dwldПрепаратты қолдану жөніндегі нұсқаулықты жүктеп алу

Саудалық атауы

Этил спирті-DF

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі, дозалануы

Сыртқа қолдануға арналған 70% және 90% ерітінді

Фармакотерапиялық тобы

Дерматология. Антисептиктер және дезинфекциялайтын препараттар. Антисептиктер және басқа да дезинфекциялайтын препараттар. Этанол.

АТХ коды D08AХ08

Қолдануды бастағанға дейін қажетті мәліметтер тізбесі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- белсенді затқа немесе қосымша заттардың біріне аса жоғары сезімталдық

Қолдану кезінде қажетті сақтандыру шаралары

Компресс жасау үшін (күйдіруді болдырмау үшін) этил спиртін 1:1 (70 %, 90 %) арақатынаста суға араластыру керек.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі 

Ішке қабылдағанда ОЖЖ бәсеңдететін препараттардың әсерін көтермелейді.

Арнайы сақтандырулар

Педиатрияда қолдану

Балаларға компресс жасау үшін 90 % ерітінді үшін 1:4 (спирт пен суды), 70 % ерітінді үшін – 1:3 (спирт пен суды) араластырып қолданылуы мүмкін.

Жүктілік және лактация кезеңі

Бала емізетін аналар мен жүкті әйелдерге аллергиялық реакциялардың пайда болу қаупіне байланысты сақтықпен қолдану керек!

Дәрілік заттың көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқарғанда препараттың жағымсыз әсерлеріне ескере отырып сақтықпен қолдану керек.

Қолдану жөніндегі нұсқаулар

Дозалау режимі

Сыртқа.

Теріге мақта тампондарының, сүрткілердің көмегімен жағады. Компресс жасайды.

Артық дозаланғанда қабылдау қажет шаралар

Жергілікті қолданған кезде артық дозалану ықтималдығы аз.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкеріне консультацияға жүгіну бойынша ұсынымдар

Препаратты қолдану бойынша қосымша мәліметтер үшін дәрігердің кеңесіне жүгіну керек.

ДП стандартты қолданған кезде байқалатын жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және осы жағдайда қабылдауға тиісті шаралар

Жиі

− кері сорғыш жалпы уытты әсері болуы мүмкін

− ОЖЖ бәсеңдеуі

Жиі емес:

− аллергиялық реакциялар

− терінің, шырышты қабықтардың және тыныс алу жолдарының тітіркенуі және күюі

Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек:

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК

http://www.ndda.kz

Қосымша мәліметтер

Дәрілік препарат құрамы

 1 мл препараттың құрамында:  70%  90%
белсенді зат: 96% этанол 0,665 г 0,913 г
қосымша зат: тазартылған су    

Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы

Мөлдір түссіз, ұшатын, өзіне тән спирт иісі және дәмі күйдіргіш жылжымалы сұйықтық. Оңай тұтанады, көгілдір аздаған алауы бар түтінсіз жанады.

Шығарылу түрі және қаптамасы

30 мл, 50 мл, 90 мл препараттан бұралатын пластмасса қақпақтары бар полиэтилен тығындармен тығындалған шыны құтыларда. Құтыларға өздігінен жабысатын заттаңбалар немесе қағаздан немесе жазудан жасалған заттаңбалар жапсырылады. Құтыларға медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықпен бірге құтылар санына сәйкес хром-эрзац картоннан жасалған топтамалық қораптарға немесе гофрленген лентамен немесе бума қағаздан жасалған В1 немесе В2 типті қосымша орналастырылған немесе полиэтилен шөгілетін пленкадан жасалған топтық қаптамада.

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сақтау шарттары

Жақсы тығындалған ыдыста, жарықтан қорғалған, оттан алыс жерде, 25ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші туралы мәлімет

«DOSFARM» ЖШС,

Қазақстан, 050034, Алматы қ., Чаплыгин к-сі, 3

тел. / факс: +7 (727) 253-03-88,

электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript.

Тіркеу куәлігінің ұстаушысы

«DOSFARM» ЖШС,

Қазақстан, 050034, Алматы қ., Чаплыгин к-сі, 3

тел. / факс: +7 (727) 253-03-88,

электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript.

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және  дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)

«DOSFARM» ЖШС,

Қазақстан, 050034, Алматы қ., Чаплыгин к-сі, 3

тел. / факс: +7 (727) 253-03-88,

электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript.

Задать вопрос по этому препарату