Assign modules on offcanvas module position to make them visible in the sidebar.

МИСТИНИН-DF

Көзге тамызатын дәрі 0,01%, 5 мл және 10 мл

Босатылады: РЕЦЕПТ АРҚЫЛЫ

ҚОЛДАНЫЛУЫ:

  • жедел және созылмалы конъюнктивит
  • блефароконъюнктивит
  • кератит
  • кератоувеит
  • іріңді-қабыну асқынуларының профилактикасы үшін операция алдындағы және операциядан кейінгі кезеңде
  • көз жарақаттарын емдегенде

dwldПрепаратты қолдану жөніндегі нұсқаулықты жүктеп алу

Саудалық атауы

Мистинин-DF

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Көзге тамызатын дәрі 0,01%, 5 мл және 10 мл

Фармакотерапиялық тобы

Сезім ағзалары. Офтальмологиялық препараттар. Микробқа қарсы препараттар. Микробқа қарсы басқа препараттар.

КОД ATX S01AX.

Қолдануды бастағанға дейін қажетті мәліметтер тізбесі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

− препаратты жеке көтере алмау

− 18 жасқа дейінгі балалар

Қолдану кезіндегі қажетті сақтандыру шаралары

Жанаспалы линзаларды тура препарат тамызу алдында шешу және тамызғаннан кейін 15 минуттан соң бірақ тағу керек.

Жүктілік және лактация

Препаратты жүктілік және лактация кезінде тағайындау қажет болғанда ана үшін күтілетін пайданы және шаранаға төнетін потенциалды қауіпті бағалау керек.

Дәрілік препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Емдеу кезеңінде автокөлік жүргізуден және аса назар аударуды, психомоторлық реакциялардың жылдамдығын және көзге тамызғаннан кейін 30 минут бойы жақсы көруді талап ететін аса қауіпті қызмет түрлерімен айналысудан бас тарта тұрған жөн.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Препараттың басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі бойынша зерттеулер жүргізілмеді.

Қолдану жөніндегі нұсқаулар

Дозалау режимі

Препарат қолдануға дайын.

Жергілікті қолданады. Емдік мақсатта Мистинин-DF көзге тамызатын дәрісін конъюнктива қабына тәулігіне 4-6 рет 1-2 тамшыдан клиниклық сауығуға дейін тамызады.

Профилактикалық мақсатта препаратты операцияға дейін 2-3 тәулік бұрын, сондай-ақ операциядан кейін 10-15 күн бойы тәулігіне 3 рет 1-2 тамшыдан тамызады.

Дәрілік препаратты стандартты қолдану кезінде көрініс беретін жағымсыз реакциялар сипаттамасы және осы жағдайда қабылдау керек шаралар

Өте сирек:

- аздап шымылдату, жайсыздық, олар 15-20 сек. соң өздігінен кетеді және препарат қолдануды тоқтату керек емес;

- аллергиялық реакциялар.

Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаса медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласыңыз

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК

http://www.ndda.kz

Қосымша мәліметтер

Дәрілік препараттың құрамы

1 мл ерітіндінің құрамында

белсенді зат – бензилдиметил [3-(миристоиламин)пропил] аммоний хлориді моногидраты (сусыз затқа шаққанда) – 0,1 мг,                        

қосымша заттар: натрий хлориді 9.0 мг, инъекцияға арналған су 1 мл-ге дейін.       

Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы

Түссіз мөлдір сұйықтық.

Шығарылу түрі және қаптамасы

5 мл және 10 мл препараттан алғашқы ашылуы бақыланатын қалпақшалармен тығындалған пластик тамшылатқыш құтыларда. Әрбір құтыға заттаңба немесе жазғыш қағаздан жасалған заттаңбалар жапсырылады.

Бір құтыдан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге хром-эрзац картоннан жасалған картон қорапшаға салынған.

Сақтау мерзімі

3 жыл

Құтыны ашқаннан кейін жарамдылық мерзімі – 28 күн.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Сақтау шарттары

25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші туралы мәлімет

«DOSFARM» ЖШС,

Қазақстан, 050034, Алматы қ., Чаплыгин к-сі, 3

тел. / факс: +7 (727) 253 03 88,

электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript.

Тіркеу куәлігінің ұстаушысы

«DOSFARM» ЖШС,

Қазақстан, 050034, Алматы қ., Чаплыгин к-сі, 3

тел. / факс: +7 (727) 253 03 88,

электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript.

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттар сапасы туралы шағымдар (ұсыныстар) қабылдайтын ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері)

«DOSFARM» ЖШС,

Қазақстан, 050034, Алматы қ., Чаплыгин к-сі, 3

тел.: + 7 (727) 364 84 31

е-mail: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript.

Қазақстан Республикасы аумағында дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері)

«DOSFARM» ЖШС,

Қазақстан, 050034, Алматы қ., Чаплыгин к-сі, 3  ү.

тел.: + 7 (727) 364 84 27

е-mail: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript.

Задать вопрос по этому препарату