Assign modules on offcanvas module position to make them visible in the sidebar.

ХЛОРГЕКСИДИН БИГЛЮКОНАТЫ

Сыртқа қолдануға арналған ерітінді, 0.05%

Босатылады: РЕЦЕПТІСІЗ

ҚОЛДАНУ КӨРСЕТКІШТЕРІ:

Дәрілік препарат ЛОР және стоматология бөлімшелерінде науқастардың операциядан кейінгі күтімінде, іріңді жарақаттарда, инфекция жұқтырған күйіктерде, стоматологияда терінің және шырышты қабықтың бактериялық және зеңдік ауруларында (гингивит, стоматит, афтылар, пародонтит, альвеолит), хирургияда, урологияда, акушерлікте және гинекологияда инфекциялардың профилактикасында, жынысты жолмен берілетін инфекциялардың профилактикасында (хламидиоз, уреаплазмоз, трихомониаз, соз, мерез, генитальді герпес), тері жабындарын (үйкелістерін, сызаттарын) зарарсыздандыруда, қоғамдық орындарға (хауыздар, сауналар) барғаннан кейін бактериялық, зеңдік аурулардың жеке профилактикасында қолданылады.

dwldПрепаратты қолдану жөніндегі нұсқаулықты жүктеп алу

Фармакотерапиялық тобы

Дерматология. Антисептиктер және дезинфекциялайтын дәрілер. Бигуанидтер және амидиндер. Хлоргексидин.

АТХ коды D08AC02

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  •  аллергиялық реакцияларға бейімділік
  • дерматиттер
  • хлоргексидинді жеке көтере алмаушылық
  • 3 жасқа дейінгі балалар.

Қолдану кезіндегі қажетті сақтандыру шаралары

Ашық бассүйек-ми жарақаты, жұлынның зақымдануы, құлақ жарғағының тесілуі бар пациенттерде препараттың мидың, ми қатпарларының және дабыл қуысының беткейіне түсуінен аулақ болған жөн.

Хлоргексидин биглюконатты басқа дәрілік препараттармен араластыруға болмайды.

Препаратты сыртқа қолданған кезде сабынның қалдықтарын мұқият жуып, таза құрғақ теріге жағу ұсынылады.

Хлоргексидин биглюконатын конъюнктиваны өңдеу үшін және дене қуыстарын шаю, терең жарақаттарды және күйіктерді өңдеу үшін пайдаланбаған жөн.

Препаратпен жанасқан киімді оларда қоңыр дақтардың пайда болу ықтималдығына байланысты гипохлориттің және белсенді хлор бөлетін басқа қосылыстардың әсеріне ұшыратуға болмайды. Көздің шырышты қабаттарына түскен жағдайда оларды сумен жылдам және мұқият жуу қажет.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Хлоргексидин биглюконаты сабынмен, сондай-ақ құрамында анион тобы бар детергенттермен (сапониндер, натрий лаурилсульфаты, натрий карбоксиметилцеллюлозасы) үйлесімсіз. Құрамында катион тобы бар препараттармен (бензалконий хлориді, цетримоний бромиді) үйлесімді.

24 сағат өткеннен кейін қиын еритін шөгінді түзе отырып, карбонаттармен, хлоридтермен, цитраттармен, фосфаттармен, сульфаттармен үйлесімсіз. Бактериялардың хлорамфениколға, канамицинге, неомицинге, цефалоспориндерге сезімталдығын арттырады.

Этанол препараттың антисептикалық белсенділігін күшейтеді. Йод препараттарымен бір уақытта қолданған кезде дерматиттер дамуы мүмкін. .

Қолдану жөніндегі нұсқаулар

Дозалау режимі

Хлоргексидин биглюконаты, 0,05% ерітіндіні ересектер мен 3 жастан асқан балаларға профилактикалық және емдік дәрі ретінде сыртқа және бүрку, шаю және аппликация (5-10 мл терінің немесе шырышты қабаттың зақымданған беткейіне жағады) түрінде жергілікті қолданады:

- ЛОР және стоматология бөлімшелерінде науқастардың операциядан кейінгі күтімінде Хлоргексидин биглюконатын тәулігіне 2-3 рет шаю түрінде тағайындайды

- уретриттер мен уретропростатиттерді кешенді емдеу кезінде Хлоргексидин биглюконатын күніне 1-2 рет 2-3 мл-ден уретраға бүркиді, емдеу курсы – 10 күн, емшараны күнара тағайындайды.

Артық дозалану жағдайында қабылдануы қажетті шаралар

Симптомдары: препаратпен артық дозалану туралы деректер жоқ.

Емі: кездейсоқ ішке түскен кезде Хлоргексидин биглюконаты сіңірілмейді, мұндай жағдайда симптоматикалық ем жүргізу қажет.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну бойынша нұсқаулар

Препаратты қолдану тәсіліне қатысты күдіктер пайда болған жағдайда емдеуші дәрігермен кеңесіңіз.

ДП стандартты қолдану кезінде көрініс табатын жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және осы жағдайда қабылдануы керек шаралар

Жиі

- қол терісінің 3-5 минут бойы жабысқақтығы

Сирек

- терінің құрғауы және қышынуы

- дерматит

- тістердің боялуы

- тіс тасының түзілуі

- дәмнің бұзылуы (гингивиттерді емдеу кезінде)

Өте сирек

- аллергиялық реакциялар (тері бөртпесі)

- фотосенсибилизация.

Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаса медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласыңыз

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК http://www.ndda.kz

Қосымша мәліметтер

Дәрілік препарат құрамы

1 мл препараттың құрамында белсенді зат – хлоргексидин диглюконаты 20 % ерітіндісі - 0,0025 мл, қосымша зат – 1 мл дейін тазартылған су.

Дәрілік түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы

Мөлдір, түссіз немесе сәл бозаңданатын сұйықтық, иісі жоқ.

Шығарылу түрі және қаптамасы

50 мл және 100 мл препараттан бірінші ашылуы бақыланатын қақпақшамен тығындалған пластик тамшылатқыш-құтыда. Әр құтыға қағаздан немесе жазатын қағаздан жасалған заттаңбаны жабыстырады. Құтылардың саны бойынша медициналық қолданылуы жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге құтыларды топтық қаптамаға - хром-эрзац картоннан жасалған қораптарға салады. Қораптарға заттаңбалық немесе жазатын қағаздан жасалған заттаңбаларды жабыстырады.

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 25С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші туралы мәлімет

«DOSFARM» ЖШС,

Қазақстан, 050034, Алматы қ., Чаплыгин к-сі, 3,

тел.: (727) 253-03-88

Тіркеу куәлігінің ұстаушысы

«Житофарм» ЖШС,

Қазақстан, 050035 Алматы қ., Әуезов ауданы, 10- ықшам аудан, 23-үй, 35-пәтер.

тел./факс: (727) 3870606

электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript.

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттар сапасына қатысты шағымдар (ұсыныстар) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)

«DOSFARM» ЖШС, Қазақстан, 050034, Алматы қ., Чаплыгин к-сі, 3, тел./факс: 8-(727)-253-07-07, 8-(727)-253-03-88, E-mail: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript.

Задать вопрос по этому препарату