ҚОЛДАНУ КӨРСЕТКІШТЕРІ:
- шағын беткейлік жарақаттарда, ойық жараларда
- беткейлік жарақаттардан ұсақ капиллярлық қан кету
- мұрыннан қан кеткенде.
Препаратты қолдану жөніндегі нұсқаулықты жүктеп алу
Фармакотерапиялық тобы
Дерматология. Антисептиктер және дезинфекциялаушы құралдар. Өзге де антисептиктер мен дезинфекциялаушы препараттар. Сутегі асқын тотығы.
АТХ коды D08AX01
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық.
Қолданған кездегі қажетті сақтандыру шаралары
Қуыстарды шаю үшін қолданылмайды.
Препарат жарық пен жылы жерде тұрақсыз. Ерітіндіні көзге тигізуінен аулақ болыңыз.
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Препарат сілтілі ортада кейбір оксиданттардың металл тұздары, күрделі радикалдары болған жағдайда тұрақсыз.
Арнайы сақтандырулар
Педиатрияда қолдану
Дезинфекциялық және дезодорант ретінде қолданылады.
Жүктілік немесе лактация кезінде
Жүктілік және емшекпен емізу кезінде препаратты қолдануға қарсы көрсетілімдер жоқ.
Препараттың көлік құралдарын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препарат көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.
Қолдану жөніндегі нұсқаулар
Дозалау режимі
Препаратты жарақаттар толық жазылғанға және тыртықтанғанға дейін қолданады.
Енгізу әдісі мен жолы
Тері жабындарын, жарақаттар мен ойық жараларды мұқият өндейді немесе ылғалдандыру үшін жеткілікті мөлшерде тампонмен сулайды.
Артық дозалану жағдайында қабылдануы қажет шаралар
Артық дозалану жағдайлары анықталған жоқ.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкеріне консультацияға жүгіну бойынша ұсынымдар
Препаратты қолдану туралы қосымша ақпарат алу үшін дәрігермен кеңесіңіз.
ДП стандартты қолдану кезінде көрініс табатын жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және осы жағдайда қабылдануы керек шаралар
жиі
- болуы мүмкін: жараны өңдеу кезінде шымылдатуды сезіну
сирек
- жекелеген жағдайларда: аллергиялық реакциялар
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаса медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласыңыз
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК http://www.ndda.kz
Қосымша мәліметтер
Дәрілік препарат құрамы
100 мл препараттың құрамында:
белсенді зат - сутегінің асқын тотығы (бастапқы субстанцияда сутегі асқын тотығының мөлшері 27% - дан 40% - ға дейін) - 7,5-тен 11,11 г дейін (бастапқы субстанцияда сутегі пероксидінің нақты мөлшеріне байланысты);
қосымша заттар – натрий бензоаты, тазартылған су.
Дәрілік түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Түссіз, мөлдір, иіссіз немесе өзіне тән әлсіз иісі бар, әлсіз қышқыл реакциясы бар сұйықтық
Шығарылу түрі және қаптамасы
30 мл, 40 мл, 50 мл және 100 мл полимерлі бұрандалы қақпағы бар полиэтилен тамшылатқыш құтыларда. Құтыларды медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықтармен бірге құтылардың саны бойынша топтық ыдысқа салады. Құтыларға және топтық ыдыстарға заттаңба немесе жазу қағазынан өздігінен жабысатын заттаңбалар жапсырылады.
Сақтау мерзімі
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде, 25С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші туралы мәлімет
«DOSFARM» ЖШС, Қазақстан, 050034 Алматы қ.,Чаплыгин к-сі, 3. тел./факс: +7 (727) 2530388, 2530707, электронды пошта: dosfarm@dosfarm. kz
Тіркеу куәлігінің ұстаушысы
«DOSFARM» ЖШС, Қазақстан, 050034 Алматы қ.,Чаплыгин к-сі, 3. тел./факс: +7 (727) 2530388, 2530707, электронды пошта: dosfarm@dosfarm. kz
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттар сапасына қатысты шағымдар (ұсыныстар) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта):
«DOSFARM» ЖШС, Қазақстан, 050034 Алматы қ.,Чаплыгин к-сі, 3. тел./факс: +7 (727) 2530388, 2530707, электронды пошта: dosfarm@dosfarm. kz