Assign modules on offcanvas module position to make them visible in the sidebar.

Түймедақ пен құлқайырмен РОМАЛАКС-DF

Ректальді ерітінді, 9 г

Босатылады: РЕЦЕПТІСІЗ 

ҚОЛДАНЫЛУЫ:

  • іш қатуын қысқа мерзімді емдеу үшін (ішектің босатылуын стимуляциялау және жеделдету үшін)

dwldПрепаратты қолдану жөніндегі нұсқаулықты жүктеп алу

Саудалық атауы

РОМАЛАКС-DF

Халықаралық патенттелмеген атауы

Глицерол

Дәрілік түрі

Ректальді ерітінді, 3 г және 9 г

Фармакотерапиялық тобы

Ас қорыту жолы және зат алмасу. Іш қатуын емдеуге арналған препараттар. Клизмалардағы іш жүргізетін дәрілер. Глицерол.

АТХ коды A06AG04.

Қолдануды бастағанға дейін қажетті мәліметтер тізбесі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

- шығу тегі белгісіз іштің қатты ауыруы

- жүрек айнуы немесе құсу

- ішек бітелісі немесе стеноз

- шығу тегі белгісіз аноректальді қан кету

- геморроидальді қан кету

- организмнің қатты сусыздануы

- 2 жасқа дейінгі балаларға

Қолдану кезінде қажетті сақтандыру шаралары

Іш жүргізетін дәрілерді шамадан тыс қолдану созылмалы іш қатуға және асқазан-ішек қызметінің бұзылуына әкелуі мүмкін

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі 

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуіне зерттеулер жүргізілген жоқ.

Арнайы сақтандырулар

Препаратты іш ауырғанда, жүрек айнуы мен құсу кезінде қолдануға болмайды. Егер сізде тұрақты іш қату болса, дәрігермен кеңесіңіз. Қан кетуі бар ауыратын жедел геморройдан зардап шегетін пациенттерге микроклиманы қолданудан аулақ болу керек.

Іш жүргізетін дәрілер мүмкіндігінше сирек және жеті күннен аспайтын кезең ішінде пайдаланылуы тиіс. Іш жүргізетін дәрілерді шамадан тыс пайдалану сұйықтықты, минералды тұздарды және басқа да қажетті заттарды жоғалтумен бірге тұрақты диареяға әкелуі мүмкін. Ауыр жағдайларда сусыздану немесе гипокалиемия дамуы мүмкін, ол жүрек немесе жүйке-бұлшықет жүйесі қызметінің бұзылуына әкелуі мүмкін.

Іш жүргізетін дәрілерді шамадан тыс қолдану созылмалы іш қатуға және асқазан-ішек қызметінің бұзылуына әкелуі мүмкін.

Педиатрияда қолдану

2-ден 12 жасқа дейінгі балаларға препарат дәрігердің тағайындауы бойынша қолданылады.

Жүктілік және лактация кезеңі

Жүктілік және емшек емізу кезінде препаратты пайдалану бойынша мұқият бақыланатын зерттеулер жүргізілмегендіктен, бұл препарат қажет болған жағдайда және дәрігердің бақылауымен, қандай да бір айқын қарсы көрсетілімдердің болмауына қарамастан пайдаланылуы мүмкін.

Препараттың көлік құралдарын және әлеуетті қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді.

Қолдану жөніндегі нұсқаулар

Дозалау режимі

Әрбір құтыны тек бір рет пайдаланыңыз. Пайдаланылмаған ерітіндіні утилизациялау қажет.

2-ден 12 жасқа дейінгі балаларға микроклизманың 3 г дозасы тәулігіне бір рет, ең көбі тәулігіне екі рет қолданылады.

12 жастан бастап жасөспірімдер мен ересектер үшін микроклизманың 9 г дозасы тәулігіне бір рет, ең көбі тәулігіне екі рет қолданылады.

Бір қолданғанда екі микроклизмадан артық қолданбаңыз, және жазылып белгіленген дозадан асырмаңыз. Дозаны пациенттің жасы мен симптомдарға сәйкес түзетуге болады.

Іш жүргізетін дәрілерді пайдаланған кезде, нәжісті жұмсарту үшін тәулігіне 6-8 стақан сұйықтық ішу керек.

Енгізу әдісі және жолы

Микроклизма канюляларын тік ішекке енгізер алдында оны жеңіл енгізу үшін микроклизма құтысынан алынған ерітінді тамшысымен майлау ұсынылады. Канюляны тік ішекке енгізгеннен кейін – құтыны қысу керек.

Емдеу ұзақтығы

Курстың ұзақтығы 7 күннен аспауы тиіс.

Артық дозаланғанда қабылдау қажет шаралар

Артық дозаланудың бірде - бір жағдайы тіркелген жоқ.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкеріне консультацияға жүгіну бойынша ұсынымдар

2-ден 12 жасқа дейінгі балаларға арналған препаратты қолданар алдында дәрігермен кеңесу қажет.

Дәрілік препаратты стандартты қолдану кезінде көрініс беретін жағымсыз реакциялар сипаттамасы және осы жағдайда қабылдау керек шаралар

- жергілікті түйіліп ауыру, іштің түйіліп ауыруы

- іш өту (сұйықтықты және электролиттерді жоғалтумен).

Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек:

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК

http://www.ndda.kz

Қосымша мәліметтер

Дәрілік препарат құрамы

1 микроклизма құрамында

белсенді зат – глицерин 2.25 г және 6.75 г

қосымша заттар: түймедақ сұйық экстрактісі, құлқайыр сұйық экстрактісі, бидай крахмалы, тазартылған су.

Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы

Аздап бұлыңғырланатын, бозғылт-қоңыр түсті, мөлдір тұтқыр ерітінді.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Препаратты 3 г және 9 г-ден, полиэтилен канюлялары және полиэтилен қақпағы бар полиэтилен құтыларға салады.

Полиэтиленнен жасалған әрбір құтыны жеке пакетке салады.

Жеке пакеттердегі полиэтиленнен жасалған 6 құтыдан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау мерзімі

5 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Сақтау шарттары

Тығыз жабылған контейнерлерде, 30 оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші туралы мәлімет

«Нью.Фа.Дем С.р.Л.» ЖШҚ, Италия

Тіркеу куәлігінің ұстаушысы

«DOSFARM» ЖШС,

Қазақстан Республикасы, 050034, Алматы қ., Жетісу ауд., Чаплыгин к-сі, 3 ү.

тел. / факс: +7 (727) 253 03 88,

электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript.

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік зат жөніндегі шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттардың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)

«DOSFARM» ЖШС,

Қазақстан Республикасы, 050034, Алматы қ., Жетісу ауд. Чаплыгин к-сі, 3 үй

тел. / факс: +7 (727) 253 03 88,

электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript.

Задать вопрос по этому препарату