Дозалау режимі
Хирургия, травматология, комбустиология. Профилактикалық және емдік мақсатта жара мен күйіктің беткейін суландырады, жараларды және жыланкөздерді жұмсақ тампондайды, препаратқа малынған дәке тампондарды бекітеді. Емдік емшара тәулігіне 2-3 рет 3-5 күн бойы қайталанады. Жаралар мен қуыстарға тәуліктік шығыны 1 л препарат болатын белсенді дренаждау әдісінің тиімділігі жоғары.
Акушерлік-гинекология. Босанудан кейінгі инфекция профилактикасы мақсатында қынаптық суландыру түрінде босануға дейін (5-7 күн), босанғанда әрбір қынаптық зерттеуден кейін және босанудан кейінгі кезеңде 50 мл препараттан препаратпен суландырған тампон түрінде 2 сағ. экспозициямен 5 күн бойы қолданылады.
Кесарь тілігін жасау арқылы босандыру кезінде тікелей операция алдында қынапты, операция кезінде – жатыр қуысы мен ондағы кесілген жерді өңдейді, ал операциядан кейінгі кезеңде препаратпен суландырған тампонды 2 сағ. экспозициямен 5 күн бойы қынапқа енгізеді. Қабыну ауруларын емдеу препаратқа малынған тампондарды қынап ішіне енгізу, сондай-ақ дәрілік электрофорез әдісімен 2 апта бойы курспен жүргізіледі.
Венерология. Препарат венерологиялық аурулар профилактикасы үшін, егер ол жыныстық актіден соң 2 сағаттан кешіктірмей қолданса ғана, тиімді. Құтының ішіндегісін урологиялық аппликатордың көмегімен несеп шығару өзегіне 2-3 минутқа енгізу керек: еркектерге (2-3 мл), әйелдерге (1-2 мл) және қынапқа (5-10 мл). Санның ішкі беткейлері терісін, қасағаны, жыныс мүшелерін өңдеу керек. Емшарадан кейін 2 сағат ішінде дәретке баруға болмайды.
Әйелдерге қынапты суландыру үшін МИСТИНИН-DF 50 мл-ден гофрланған құтыда арнайы құрылғымен жиынтықта шығарылады. Қолданар алдында дайын ерітіндімен құтының қалпақшасын арнайы құрылғыға ауыстырып, қынапқа енгізу және құтының түбін басып, 5-10 мл ерітіндіні 2-3 минут бүрку керек.
Урология. Уретриттер мен уретропростатиттерді кешенді емдеуде 2-3 мл препаратты уретраға бүркуді күніне 1-2 рет, курсты – 10 күн жүргізеді.
Оториноларингология. Іріңді гаймориттерде – пункция кезінде жоғарғы жақ сүйек қойнауы препараттың жеткілікті мөлшерімен шайылады. Тонзиллит, фарингит және ларингитті тамақты тәулігіне 3-4 рет шайып емдейді. Препарат мөлшері бір шаюға 10-15 мл.
Стоматология. Стоматит, гингивит, пародонтит кезінде ауыз қуысын шаю ұсынылады, 10-15 мл препарат тәулігіне 3-4 рет.