Assign modules on offcanvas module position to make them visible in the sidebar.

ПОВИДОН-ЙОД-DF

сыртқа қолдануға арналған спрей

50 мл, 100 мл

Босатылады: РЕЦЕПТІСІЗ 

ҚОЛДАНУ КӨРСЕТКІШТЕРІ:

  • инфекциялардың алдын алу және емдеу кезінде антисептикалық өңдеу.

dwldПрепаратты қолдану жөніндегі нұсқаулықты жүктеп алу

Құрамы

100 мл препараттың құрамында мыналар бар:

  • белсенді зат- повидон-йода 10.0 г. (белсенді йодқа қайта есептегенде - 1.0 г.);
  • қосымша заттар – тазартылған су.

Дәрілік нысаны

50 мл, 100 мл-ден сыртқа және жергілікті қолдануға арналған спрей.

Фармакотерапиялық тобы

Тері ауруларын емдеуге арналған препараттар. Антисептиктер және дезинфекциялық препараттар. Йод препараттары. Повидон-йод.

Код АТХ D08AG02

Көрсетілім

  • инфекциялардың алдын алу және емдеу кезінде антисептикалық өңдеу.

Қарсы көрсеткіштер

  • йодқа немесе препараттың басқа компоненттеріне жоғары сезімталдық;
  • гипертиреоз;
  • қалқанша безінің басқа жедел аурулары;
  • декомпенсацияланған жүрек жеткіліксіздігі;
  • радиоактивті йодты бір мезгілде қолдану;
  • Дюринг герпетиформды дерматиті;
  • жүктілік және лактация кезеңі;
  • 6 жасқа дейінгі балалар.

Препарат бүйрек жеткіліксіздігі бар емделушілерде сақтықпен қолданылады.

Қолдану тәсілі және дозалары

Повидон-йод-DF  ерітіндісі сыртқа қолдану үшін арналған.

Ерітінді ішуге арналмаған!

Инфекцияланған теріні және шырышты қабықтарды емдеу үшін Повидон-йод-DF спрейі зақымдалған жерлерге ылғалдану үшін жеткілікті мөлшерде шашыратылып, 1-2 минутқа қалдырылады, содан кейін жақсылап жуып тастайды.

Спрейді алақанға ылғалдандыру үшін жеткілікті мөлшерде шашырайды, шынтаққа дейін қолмен 5 минут ысқылайды, содан кейін қолдарын жақсылап шаяды, процедура екі рет қайталанады. Хирург пен медицина қызметкерлерінің қолдарын өңдеу үшін.

Хирургиядағы, травматологиядағы, комбустиологиядағы, стоматологиядағы жара инфекцияларының алдын алу және емдеу үшін жараларды, күйіктерді, терінің бактериялық және зеңдік зақымдануларын өңдеу кезінде зақымданған учаскелерді спреймен (1-2 с) суарады және мұқият жуады.

Стоматитті, гингивитті, афтаны, парадонтитті, альвеолитті емдеу кезінде ауыз қуысының қабынған шырышты қабығын суару немесе препаратқа малынған тампонмен аппликация жүргізу қажет. Процедура күніне бірнеше рет жүргізіледі.

6 жастан 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге:

  • стоматитті, гингивитті, афтаны, пародонтитті, альвеолитті емдеу кезінде ауыз қуысының тек қабынған шырышты қабығына препаратқа малынған тампонмен аппликация жүргізу қажет.

Қолдану ұзақтығы аурудың сипатына, оның ауырлығына байланысты, және оны дәрігер белгілеу керек.

Ауыз қуысының ауруларын емдеу кезінде препаратты тамақтан кейін қолдану керек.

Препаратты тыныс алу жолдарына түсірмей, абайлап қолдану қажет!

Жағымсыз әсерлері

Жиі:

  • йодқа аллергиялық реакция (қышыну, гиперемия, есекжем);
  • сирек: қолдану орнында қысқа мерзімді жану сезімі немесе ауыз қуысында құрғақтық сезімі;
  • гипотиреоз (Повидон-йод-DF көп мөлшерін қолданғаннан кейін немесе ұзақ қолданғаннан кейін);
  • операцияға дайындық кезінде Повидон-йод-DF елеулі мөлшерде қолданғаннан кейін пациент астындағы артық ерітіндінің жиналуы салдарынан терінің химиялық күйігі (мысалы, күйіктерді емдеу кезінде);
  • электролиттік баланстың бұзылуы;
  • метаболикалық ацидоз;
  • жедел бүйрек жеткіліксіздігі;
  • қанның осмолярлығының өзгеруі.

Сирек:

  • жоғары сезімталдық;
  • жанаспа дерматиті (эритема, терідегі кішкентай қабыршықтар, қышу сияқты белгілері бар).

Өте сирек:

  • анафилактикалық реакция;
  • гипертиреоз (кейде тахикардия және мазасыздық сияқты белгілермен бірге болады). Анамнезінде қалқанша безі аурулары бар пациенттерде Повидон-йод-DF елеулі мөлшерде қолданғаннан кейін (мысалы, терінің ауқымды жерінде жаралар мен күйіктерді өңдеу үшін повидон-йод ерітіндісін ұзақ уақыт қолданғаннан кейін);
  • ангионевроздық ісіну;
  • йодизм (ауыздағы металл дәмі, сілекейдің көбейюі, көздің немесе көмейдің ісінуі).

Артық дозалану

Кездейсоқ көп мөлшерде ішіп қойғанда, «йодизмнің» даму мүмкіндігін нақтылау ұсынылады.

Препараттың көп мөлшерін қабылдаған кезде белсендірілген көмірді қабылдау, асқазанды шаю, жасанды түрде құсуды шақырту  ұсынылады

Жүктілік немесе емшекпен емізу кезеңінде қолдану

Қолданылмайды.

Балалар

6 жастан 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге стоматитті, гингивитті, афтаны, пародонтитті, альвеолитті емдеу кезінде ауыз қуысының тек қабынған шырышты қабығына препаратқа малынған тампонмен аппликация жүргізу қажет.

Айрықша нұсқаулар

Повидон-йод-DF тотығу қасиеттері металдардың коррозиясын тудыруы мүмкін, ал пластмасса және синтетикалық материалдар әдетте Повидон-йод-DF-ге сезімтал емес. Кейбір жағдайларда әдетте қалпына келтірілетін түс өзгеруі мүмкін.

Шығарылу түрі мен қаптамасы

50 мл немесе 100 мл препарат бүріккіш саптамасы мен қорғаныш қақпағы бар пластикалық құтыларға құйылады.

Бір құтыдан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картоннан жасалған картон қорапшаға салады.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 25ºС-тан  жоғары емес температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Өндіруші

«DOSFARM» ЖШС, Қазақстан, 050034, Алматы қ., Чаплыгин к-сі, 3, тел. (727) 253-03-88.

Тіркеу куәлігінің иесі

«DOSFARM» ЖШС, Қазақстан, 050034, Алматы қ., Чаплыгин к-сі, 3.

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттардың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері:

 «DOSFARM» ЖШС, Қазақстан, 050034, Алматы қ., Чаплыгин к-сі, 3.

тел./факс: (727) 253-07-07, 253-03-88, эл. пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Ask a question about this product: