Assign modules on offcanvas module position to make them visible in the sidebar.

ФОРМИДРОН-DF

Сыртқа қолдануға арналған спрей

Босатылады: РЕЦЕПТІСІЗ 

ҚОЛДАНУ КӨРСЕТКІШТЕРІ:

  • тердің шамадан тыс бөлінуі.

dwldПрепаратты қолдану жөніндегі нұсқаулықты жүктеп алу

Саудалық атауы

Формидрон-DF

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ  

Дәрілік түрі, дозалануы

Сыртқа қолдануға арналған спрей

Фармакотерапевтичеcкая группа

Дерматология. Антисептиктер және  дезинфекциялайтын препараттар. Басқа антисептиктер және  дезинфекциялайтын препараттар.

АТХ коды D08AX

Қолдану басталуына дейін қажетті мәліметтер тізбесі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- белсенді затқа (заттарға) немесе қосымша заттардың кез келгеніне жоғары сезімталдық;

- терінің қабыну аурулары;

- 18 жасқа дейінгі балалар;

- жүктілік және лактация кезеңі;

- аллергия (тері реакциялары, қышу, есекжем), бронх демікпесі, шөп безгегі, мұрын шырышты қабығының ісінуі (мұрын полиптері) немесе тыныс алу жолдарының созылмалы аурулары;

- анамнезінде онкологиялық аурулар;

- қан тарапынан бұзылулар.

Қолдану кезіндегі қажетті сақтық шаралары

Сұйықтықты қолданған кезде көзге тигізбей қолдану қажет, түскен жағдайда - тез арада көзді жылы сумен шаяды.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Анықталмаған

Арнайы ескертулер

Формальдегид канцерогенді заттар тізіміне енгізілген, уыттылығы бар, генетикалық материалға, репродуктивті органдарға, тыныс алу жолдарына, көзге, теріге теріс әсер етеді. Орталық жүйке жүйесіне уытты әсер етеді.

Препарат тек қана сыртқа қолдануға арналған.

Педиатрияда қолдану

Қолданылмайды

Жүктілік немесе лактация кезінде

Қолданылмайды

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді.

Қолдану жөніндегі нұсқаулар

Дозалау режимі

Сыртқа қолдануға арналған. Саусақтардың аралық қатпарларын күніне 1 рет аз мөлшерде сұйықтықпен сүрту ұсынылады. Гигиеналық душтан және кептіруден кейін тершеңдігі жоғарылаған тері аймақтарына (табан, алақан, саусақаралық қатпарлар) препарат 30-40 минутқа қолданылады. Содан кейін препарат жылы сумен жуылады. Нәзік сезімтал теріге (әйелдердің қолтық ойығы мен алақанына) препаратты 20 минуттан аспайтын мерзімге қолдану керек. Осыдан кейін теріні жуғыш заттарсыз жылы сумен мұқият жуып, тальк ұнтағымен немесе нәресте сеппесімен ұнтақтау керек. Қолтық ойығын қырынғаннан кейін Формидрон-DF бір күннен ерте қолдануға болмайды. Терінің терлеуін 7-12 күнге азайту үшін бір емдеу жеткілікті.

ДП стандартты қолдану кезінде көрініс беретін жағымсыз реакциялар сипаттамасы және осы жағдайда қабылдау керек шаралар

ДП стандартты қолдану кезінде көрініс табатын жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және осы жағдайда қабылдануы керек шаралар

- көзге, мұрынға және тамаққа жану сезімі;

- жөтел;

- жүрек айнуы;

- жергілікті тері реакциялары (жанаспалы дерматиттері).

Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаса медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласыңыз

«Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК

http://www.ndda.kz

Қосымша мәліметтер

Дәрілік препараттың құрамы

1 мл препараттың құрамында

белсенді зат - формальдегид 37 % ерітіндісі - 100.0 мг

қосымша заттар - 96% этил спирті, бұрыш жалбыз майы, тазартылған су      

Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы

Жалбыздың ерекше иісі бар мөлдір түссіз ерітінді.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Бұрандалы пластмасса шашатын саптамалары және қорғаныш қалпақшасы бар шыны құтыларға 50 мл-ден. Әрбір құтыға заттаңба немесе жазу қағазынан жасалған немесе өзі жабысатын заттаңба жапсырылады. Сауыттарды медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықтармен бірге сауыттардың саны бойынша топтық ыдысқа салады.

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші туралы мәлімет

«DOSFARM» ЖШС, Қазақстан Республикасы, 050034, Алматы қ., Жетісу ауд., Чаплыгин к-сі, 3 ү.

тел./факс: +7 (727) 253 03 88

е-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Тіркеу куәлігінің ұстаушысы

«DOSFARM» ЖШС, Қазақстан Республикасы, 050034, Алматы қ., Жетісу ауд., Чаплыгин к-сі, 3 ү.

тел./факс: +7 (727) 253 03 88

е-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттар сапасы туралы шағымдар (ұсыныстар) қабылдайтын ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері

«DOSFARM» ЖШС, Қазақстан Республикасы, 050034, Алматы қ., Жетісу ауд. Чаплыгин к-сі, 3 үй

тел.: + 7 (727) 364 84 31

е-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Қазақстан Республикасы аумағында дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері

«DOSFARM» ЖШС, Қазақстан Республикасы, 050034, Алматы қ., Жетісу ауд. Чаплыгин к-сі, 3 үй

тел.: + 7 (727) 364 84 31

е-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Ask a question about this product: