Assign modules on offcanvas module position to make them visible in the sidebar.

Продукция

Этил спирті-DF сыртқа қолдануға арналған 70% және 90% спрей

Дәріханалардан босатылу шарттары:

РЕЦЕПТІСІЗ

dwldДәрілік затты медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулық

Құрамы:

1,0 мл препараттың құрамында 70% 90%
белсенді зат – 96% этанол 0.665 г  0.913 г
қосымша зат  - тазартылған су

Дәрілік түрі

Сыртқа қолдануға арналған 70% және 90% спрей

Фармакотерапиялық тобы

Антисептиктер және басқа да дезинфекциялайтын препараттар. Этанол.

АТХ коды D08AХ08

Қолданылуы

медициналық практикада этил спиртін негізінен сыртқа антисептикалық және тітіркендіргіш зат ретінде сүртуге, компресс жасауға қолданады

  • медициналық құрал-саймандарды, хирургтың қолы мен операция алаңын өңдеу үшін.
  • инъекциялық алаңды өңдеу үшін (пункция мен катетерлер енгізудің алдында, донорларда шынтақтың бүгілген жерін)
  • бактериялық аурулардың жекелей алдын алу (қоғамдық орындарға барғаннан кейін, ақшамен жұмыс істегеннен кейін қолды өңдеу) үшін

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препаратқа жоғары сезімталдық

Қолдану тәсілі және дозалары

Сыртқа. Спрейді шырышты қабықтарға және тыныс алу жолдарына түсірмеу, тері бөлігіне мұқият ылғалдау үшін жеткілікті мөлшерде бүркеді немесе теріге мақта тампондар мен сүрткілердің көмегімен жағады.

Жағымсыз әсерлері

  • аллергиялық реакциялар
  • терінің, шырышты қабықтардың және тыныс алу жолдарының тітіркенуі және күюі
  • резорбтивті жалпы уытты әсер етуі мүмкін
  • ОЖЖ бәсеңдеуі

Артық дозалануы

Жергілікті қолданған кезде артық дозалану ықтималдығы аз.

Жүктілік және лактация кезеңі

Сақтықпен қолдану керек

Айрықша нұсқаулар

Балаларға

Сақтықпен қолдану керек.

Препараттың көлік құралдарын немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер етуі

Көлік құралдарын немесе қауіпті механизмдерді басқарғанда препараттың жағымсыз әсерлеріне скере отырып сыртқа сақтықпен қолдану керек.

Шығарылу түрі және қаптамасы

30 мл және 50 мл препарат бұрап жабылатын пластмасса бүріккіш қондырмасы және қорғайтын қалпақшасы бар күңгірт шыныдан жасалған шыны құтыларда. Құтылар медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге топтық ыдысқа салынған.

Сақтау шарттары

Жақсы тығындалған ыдыста, салқын, жарықтан қорғалған, оттан алыс жерде, 14оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Өндіруші

«DOSFARM» ЖШС, Қазақстан, 050034, Алматы қ-сы, Чаплыгин к-сі, 3.

Тіркеу куәлігінің иесі

«DOSFARM» ЖШС, Қазақстан

Ask about this room