BFS технологиясы

Бүгінгі таңда фармацевтикалық өнімдерді асептикалық өндірудің бүкіл әлемге танымал ең үздік технологиясы - BFS технологиясы (Blow-Fill-Seal немесе «Үрлеу-толтыру-дәнекерлеу»). Ол ерітінділердің жоғары стерильділігін, сонымен қатар бір уақытта құтыны үрлеу, ерітіндіні құтыға құю және оның герметизациялауын қамтамасыз етеді.

 

ТЕХНОЛОГИЯ

  • Асептикалық BFS-үдерісі дәрілік препаратқа арналған полимерлік ыдысты үрлеу, оны стерилді түрде толтыру және герметикалық дәнекерлеу сынды іс-әрекеттерді бір операцияға біріктіреді. Бұл үдерістер бір жұмыс циклінде орындалады, ол 10-нан 18 секундқа дейін созылады.

  • BFS жүйесінде барлық қажетті әрекеттер автоматтандырылған; жұмыс тәртібі бойынша зауыт қызметкерлерінің қалыптасу, толтыру және герметизация аймақтарына араласуын толығымен жояды.

  • Дәрілік зат толтыру сатысында автоматты түрде контейнерге орналастырылады және термиялық дәнекерлеу арқылы дереу герметизацияланады. Бұл дайын өнімнің абсолютті стерильділігін, және де соның салдарынан – пациенттер үшін қауіпсіздік кепілдігін қамтамасыз етеді.

  • Еуропалық жетекші өндіруші - Rommelag (Швейцария) компаниясының жабдықталуы.

 

 

САПА

Консерванттарды қолданбай жасалынады, бұл өз кезегінде ағза үшін улы әсерлерден құтылуға мүмкіндік береді. Консерванттар емдеу әсерін азайтады және/немесе аллергияны тудырады.

 

 

АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ

  • Өндіріс үдерісіне адамның минималды араласуы.
  • Стерильділіктің жоғары деңгейі.

  • Экологиялық қауіпсіздік: өндіріс үдерісі барысында кез-келген шығарындылар нөлге дейін азаяды.

  • Жеке қауіпсіздік: шыны қаптамалармен салыстырғанда BFS ыдыстарын пайдалану мүлдем қауіпсіз.

  • Тасымалдау ыңғайлылығы: полиэтилен қаптаманың салмағы шыныдан жасалған қаптамадан әлдеқайда жеңілірек.

  • BFS қаптамасындағы препараттар практикалық іс жүзінде бұрмаланбайды..

  • Дәстүрлі технологиялармен салыстырғанда едәуір жоғары өнімділік.

  • Қауіпсіздіктің жоғары деңгейі, тұтынушы үшін кепілдік - осы технологияны заманауи фармацевтикалық өнеркәсіпте қолданудың басты артықшылығы.