Бүкіл әлемде дәрілік заттар сапасының кепілі олардың тиісті өндірістік тәжірибелік талаптарына сәйкестігі бойынша сертификатталған кәсіпорындағы өндірісі болып табылады.
GMP - бұл жоғары технологиялық жабдықтар мен таза бөлмелер ғана емес, бұл стандарт фармацевтикалық өндірісте қолданылатын материалдар мен жұмыс киімдеріне дейінгі ең кішкентай бөлшектерді де ескереді.
Сертификаттың болуы - бұл өнімнің сапасын жоғары бағалау, дәрілік заттарды өндірудің әлемдік стандарттарын толық сақтай отырып шығарылатындығын растау. Сонымен қатар, GMP сертификаты препараттарды шетелдік нарықтарға шығаруға мүмкіндік береді.
GMP сертификаты DOSFARM дәрілік заттарының тиісті өндірістік тәжірибенің барлық талаптарына толық сәйкестігін растайды. GMP сертификатын алу - біздің компания үшін өте маңызды оқиға. Бұл үлкен жауапкершілік және де өнімдерімізбен мақтану үшін себеп.
DOSFARM дәрілік препараттарын халықаралық сапа нормаларына сәйкес деп тану - біз үшін қосымша ынталандыру, қазақстандық брендті жаңа жетістіктерге жеткізуге және одан әрі ілгерілетуге ынталандыру.
3 жылдан кейін, 2019 жылы DOSFARM компаниясы комиссияның тексеруінен өтіп, сапаны қамтамасыз ету жүйесінің GMP халықаралық стандарттарына сәйкестігі туралы жаңа сертификат алды.