Біздің алаңшада GMP талаптарына сәйкес сапалы дәрілік заттарды өндіру үшін барлық жағдайлар жасалған:
-
абсолютті стерильділік шарттары
-
толық өндірістік цикл
-
шығару түрлерінің әртүрлілігі (көз, мұрын, құлақ тамшылары, спрей формалары, жақпа, 30 мл, 50 мл, 100 мл ерітінділер, пластикадағы инъекциялық препараттар (BFS), юнидозадағы препараттар (BFS))
-
жоғары білікті мамандар штаты
Компанияның өндірістік қуаттары:
-
Өнімділігі сағатына 9 000 бірлік өнім шығаратын 0,5 және 2 мл, Bottelpack 321М құю желісі.
-
Өнімділігі сағатына 4 150 бірлікке дейін өнім шығаратын 5 және 10 мл, Bottelpack 321М құю желісі.
-
Өнімділігі сағатына 5 000 бірлікке дейін мұрын тамшыларын құю желісі.
-
Өнімділігі сағатына 3 500 бірлікке дейін көз тамшыларын құю желісі.
-
Өнімділігі сағатына 3 000 бірлікке дейін спрей формаларын құю желісі.
-
Өнімділігі сағатына 4 000 бірлікке дейін жақпа майларды автоматты түрде толтыруға және герметикалық орауға арналған желі
-
Өнімділігі сағатына 2 000 бірлікке дейін сыртқа қолдануға арналған 30 мл, 50 мл, 100 мл ерітінділерді құю желісі.