2016 жылы DOSFARM компаниясы сапаны қамтамасыз ету жүйесінің GMP халықаралық стандарттарына сәйкестігі туралы сертификат алды.
«DOSFARM» ЖШС фармакологиялық қадағалау жүйесі дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналымы саласындағы мемлекеттік орган бекіткен фармакологиялық қадағалаудың Тиісті практика стандартының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
DOSFARM компаниясының тәжірибесі мол, ұсыныстарды қарастырады және қазақстандық, сондай-ақ шетелдік тапсырыс берушілер үшін Келісімшарттық өндірісті белсенді түрде тәжірибеге енгізеді.
DOSFARM компаниясы - Қазақстандағы юнидозалар, мультидозалар және пластикалық ампулалардағы препараттардың алғашқы өндірушісі. Біздің зауыт алғаш рет осы технологияны республика аумағында енгізді.
DOSFARM - жоғары сапалы препараттар. Біздің зауыт тиімді, қауіпсіз және жоғары сапалы дәрі-дәрмектер өндіреді деп батыл айтамыз. Біздің жауапкершілігіміз - Сіздің денсаулығыңыздың кепілі. Біз өз өнімімізге және сонымен бірге Сіз үшін қол жетімділігіне үлкен назар аударамыз.