+ СКОРАЯ ПОМОЩЬ

сыртқа қолдануға арналған спрей, 

30 мл

Босатылады: РЕЦЕПТІСІЗ 

ҚОЛДАНУ КӨРСЕТКІШТЕРІ:

  • тері бетіндегі түрлі зақымдарға, соның ішінде жаралар, кесіктер, сызаттар, микрожарақат пен күйіктер кезінде алғашқы көмек көрсету үшін қолданылады;

  • инфекцияның жараларға енуіне жол бермейді;

  • көптеген грамоң және грамтеріс бактериялар, вирустар және зеңдерге белсенді қатысты;

  • теріні тазартады және зарарсыздандырады

  • микроорганизмдердің көбеюі жағдайында сенімді қорғауды қамтамасыз етеді.

dwldПрепаратты қолдану жөніндегі нұсқаулықты жүктеп алу

Құрамы

  • хлоргексидин биглюконаті, бор қышқылы, тазартылған су

Дәрілік нысаны

30 мл-ден сыртқа қолдануға арналған спрей.

Фармакотерапиялық тобы

Сыртқа қолдануға арналған  косметикалық антисептикалық құрал.

Көрсетілім

  • тері бетіндегі түрлі зақымдарға, соның ішінде жаралар, кесіктер, сызаттар, микрожарақат пен күйіктер кезінде алғашқы көмек көрсету үшін қолданылады;

  • инфекцияның жараларға енуіне жол бермейді;

  • көптеген грамоң және грамтеріс бактериялар, вирустар және зеңдерге белсенді қатысты;

  • теріні тазартады және зарарсыздандырады

  • микроорганизмдердің көбеюі жағдайында сенімді қорғауды қамтамасыз етеді.

Қарсы көрсеткіштер

  • құралдың компоненттеріне жоғары сезімталдық;
  • дерматиттер.

Қолдану тәсілі мен дозалары

5-10 см қашықтықта терінің зақымдалған аймағына «+ Жедел жәрдем ®» себіңіз. Кептіріңіз. Бүркуден кейін теріге препараттың жұқа қабаты пайда болады, ол теріні бактериялардың түсуінен ұзақ уақыт қорғайды. Препараттың белсенділігі қан мен ірің болғанда да сақталады. Қажет болса, жараны бактерицидті жа немебыстырғыш немесе таңғышпен оқшаулаңыз. Неғұрлым ауыр жарақат алған жағдайда дәрігермен кеңесу керек.

Егер алдында сабын қолданылса, оны «+Жедел жәрдем ®» қолданар алдында теріні жақсылап  жуу керек, өйткені сабын өнімнің әсерін бейтараптандырады.

Таза және құрғақ теріге жағу маңызды.

Жағымсыз реакциялар

Анықталмаған.

Артық дозалану

Анықталмаған.

Жүктілік немесе емшекпен емізу кезеңінде қолдану

Аллергиялық реакциялардың пайда болу қаупіне байланысты емізетін аналар мен жүкті әйелдерге сақтықпен қолдану керек.

Балалар

1 жасқа дейінгі балаларға ұсынылмайды.

Айрықша нұсқаулар

  • ашық бассүйек-ми жарақаты, жұлынның зақымдануы, құлақ жарғағының перфорациясы бар адамдарда құралдың мидың, ми қабықшаларының үстіне және дабыл қуысына түсуін болдырмау керек;
  • дерматиттердің дамуын болдырмау үшін йод препараттарымен қолдануға болмайды;
  • шырышты қабықтарға түскен жағдайда оларды тез және мұқият сумен шаю керек.

Шығарылу түрі мен қаптамасы

30 мл препарат пластикалық құты-спрей

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған, балалардың қолы жетпейтін жерде, салыстырмалы ылғалдылығы 75%-дан аспайтын,  «+5˚С -ден +25˚С -ге дейінгі температурада сақтау керек.

Сақтау мерзімі

3 жыл.

Өндіруші

«DOSFARM» ЖШС, Қазақстан, 050034, Алматы қ., Чаплыгин к-сі, 3, тел. (727) 253-03-88.

Осы препаратқа сұрақ қою