DOSFARM зауытының препараттары қазақстандық және шетелдік фармацевтикалық нарықтарда лайықты орын алуы үшін барлық жағдайлар жасалған. DOSFARM мамандары дәрігерлер мен пациенттердің тиісті сапада, тиісті дозада және көрсетілген емдік әсерге сенімді болуы үшін бәрін жасайды.
DOSFARM өндірістік учаскелері қазақстандық стандарттарға сәйкес сертификатталған (2015 жылғы 27 мамырдағы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің «Тиісті фармацевтикалық практикаларды бекіту туралы» №392 бұйрығымен бекітілген тиісті өндірістік практикаға сәйкестік).
Компанияның сапа менеджменті жүйелері ISO халықаралық стандарттары бойынша сертификатталған.
2019 жылы DOSFARM компаниясы сапаны қамтамасыз ету жүйесінің GMP халықаралық стандарттарына сәйкестігі туралы сертификат алды.